Синтаксистік парадигмалар


Оқытушы өткізетін өздік жұмыс



Pdf көрінісі
бет324/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Оқытушы өткізетін өздік жұмыс 
1. Оқытушы мəтіннен контекске тəуелді сөйлемдерді тауып, олардың 
тиянақсыздығын дəлелдеуді тапсырады. 
2. Синсемантика көрсеткіштері бар сөйлемдерді теріп, оларды топтап 
жазу. 
3.  Теріліп  алынған  сөйлемдердің  синсемантикасының  көрсеткіш-
терінің астын сызу.
4.  Сөйлем  толымсыздығы  контекске  байланысты  болғандықтан, 
теріліп  алынған  белгілі  бір  сөйлемдерден  тұратын  жаттығу  ұсыну  ра-
байсыздыққа  əкеп  соғуы  мүмкін.  Сондықтан  оқытушы  мен  студенттің 
келісімімен  таңдалған  мəтіннен  толымсыз  сөйлемдер  тауып,  оларда  не 
«толмай» тұрғанын, қалай «толмай» тұрғанын дəлелдеу тиімді де оңтай-
лы тапсырма. Əр студентке əр басқа мəтін ұсынуға болады.
5.  М.Əуезовтің  «Абай  жолы»  романынан  мүшеленбейтін  сөйлем-
дердің түрлерін теріп жазу.
6. Атаулы сөйлемдерді семантикасына қарай топтап, мысалдар жазу.
 7. Генитив  сөйлемдердің  семантикасы  мен  жасалуына  байланысты 
мысалдар келтіріп жазу.
8. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан вокативті сөйлемдерді 
теру.
9. М.Мағауиннің «Аласапыран» романынан эмоционалды жəне 
императивті одағай сөзді мүшеленбейтін сөйлемдерге мысалдар теріп 
жазу.
10. Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» шығармасынан модаль сөзді мүше-
ленбейтін сөйлемдерді теріп жазу, семантикасын ажырату.
11. Ə.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан коммуникемдерге бай-
ланысты мысалдар теріп жазу, семантикасын ажырату.
12. Оқытушы студенттерге жаттығу жұмыстарын беріп, оларды тал-
дату.
13. Студенттерге салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді жəне үсте-
ме құрылымдарды араластыра беріп, оларды талдату. Олардың салалас, 
сабақтас,  үстеме  құрылым  екендігін  ажырата  білу,  сыңарларының  ара-
сындағы грамматикалық қатынастар мен мағыналарды талдай білу. 
14. Үстеме құрылым мен парцелляцияға байланысты жаттығу жұмыс-
тарын орындату. 
15. Мəтіннен сөз тұлғасы түріндегі үстеме құрылымдарды тауып, талдау.
16. Сөз тіркесі түріндегі үстеме құрылымдар бойынша жаттығу жұ-
мыстарын орындау.
17. Мəтіннен сөйлем түріндегі үстеме құрылымдарды тауып, синтак-
систік талдау жасаңыз. 
18.  Мəтіннен  бастауышты,  баяндауышты  үстеме  құрылымдарды  та-
уып, синтаксистік талдау жасау.
19.  Мəтіннен  анықтауышты,  толықтауышты  жəне  пысықтауышты 
үстеме құрылымдарды тауып, синтаксистік талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет