Синтаксистік парадигмалар


Пысықтауышты  үстеме  құрылым



Pdf көрінісі
бет321/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Пысықтауышты  үстеме  құрылым.  Пысықтауышты  үстеме  құры-
лым негізгі құрылыммен мынадай мағыналық қатынаста болады:
1) Себептік қатынас;
2) Қимыл-сындық қатынас;
3) Мезгілдік қатынас;
4) Мекендік қатынас.
1)  Себептік  қатынастағы  пысықтауышты  үстеме  құрылым.  Үстеме 
құрылымның бұл түрі негізгі айтылымдағы іс-əрекеттің себебін білдіреді. 
Мысалы: Атасы түнде, жатар алдында ғана, Қайыркөлдің жағасына 
барамыз деген. Ауылдан біршама қашық. Осылай желдіртіп отырғанда 
арбалы  кісі  бір  жарым-екі  сағатта  əрең  жетеді.  Жаз  бойы  атасына 
еріп талай барған жері. Өстіп шөп шабуға (Ж.Шағатаев). 
Үстеме  бөлік  негізгі  сөйлемдегі  талай  баруының  себебін  білдіріп 
тұр.  Бұл  құрылымды  қалыпты  сөйлемге  де  айналдыруға  болады:  Жаз 
бойы атасына еріп өстіп шөп шабуға талай барған жері. Демек, үсте-
ме бөліктегі себеп пысықтауыш негізгі сөйлемнен бөлініп шыққан мүше 
болып табылады. 
2)  Қимыл-сындық  қатынастағы  пысықтауышты  үстеме  құрылым. 
Пысықтауышты үстеме құрылымның бұл түрінде, көбіне, амал пысықта-
уыштың қалыпты жағдайда атқаратын қызметімен бірдей болады. Мы-
салы: 
–  Ішкен-жегенім  керем  болып,  алғаным  ақыретіммен  кеткір,  неге 
ғана сатып ем Қарағандыны ... Қысты күні қырылып келе жатқандарын 
да көріп ем ... Енді міне, туған қызымдай болып кеткен, қарлығаштай 
ғана сорлы баланың ұсталғанын да көрдім-ау! – деді. Көзіне жас алып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет