408
409
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Лексикалық бірлік ретіндегі сөз бен синтаксистік тұрғыдан қарасты-
рылатын сөз бір емес. Ендеше сөз құрылымының қандай элементтері
оның синтаксистік қызмет етуін қамтамасыз етеді?
Кез келген деңгейдегі тілдік тұлғаның мағынасы болады. Синтак-
систік тұлға-бірлік болу үшін оның тек номинативтік (заттық) мағынасы
ғана емес, сонымен қоса тілдік жүйе элементінің синтаксистік деңгейде
құрылымдық-мағыналық жағы болуы керек. Бұл оны басқа синтаксистік
элементтерден ажыратып, олармен салыстыра қарауға көмектеседі.
Сөз-лексемада алдыңғысы ғана болады. Номинативтік мағына лекси-
калық бірлік ретіндегі бір сөзді өз деңгейіндегі басқа сөздерден ажыра-
тады (олармен салыстырады), бірақ сөз-лексемада синтаксистік бірлікке
тəн ажыратушы белгілер жоқ.
Сөз-лексеманың атаулық мағынасында үш түрлі мəн ажырамастай
болып біріккен: 1) жеке – лексикалық мағына, ол бұл сөзді басқа сөздер-
ден ажыратады (
үй, дəптер, кітап, қалам); 2) категориалдық-семантика-
лық мағына – ол затты нақтылы жанды заттардың, не жансыз заттардың,
не табиғат құбылысының белгілі бір тобының өкілі ретінде танытатын
мағынасы; 3) сөз таптарының жалпы грамматикалық мағынасы.
Сөз-лексеманың атаулық мағынасы оны синтаксистік тұлға-бірлік-
ке айналдыруға материал ғана болады. Сөйтіп, сөйлемнің компоненті
сөз-лексема емес,
сөз-синтаксема болады. Сөйлемге тəн синтаксистік
тұлға-бірлік – осы. Ол сөздің синтаксистік формасымен байланысты.
Лексеманың синтаксемаға айналуы үшін сөздің жекелік – лексикалық
мағынасы категориалдық мағына дəрежесіне көтерілуі тиіс, ол үшін бел-
гілі бір сөз табына тəн морфологиялық тұлғаға ие болуы керек. Семан-
тика мен морфологияның əсерлесуі арқасында сөз-тұлға синтаксистік
тұтастықтың бөліктерімен қарым-қатынасқа түсе алатын мүмкіндікке ие
болады, белгілі бір сөз тіркесі не сөйлем құрамына кіре алады, яғни син-
таксистік тұлғаға айналады. Осы тұрғыдан синтаксис ілімінің алдында
келешекте тұрған міндеттердің бірі – сөздің əр тұлғасының синтаксистік
қарым-қатынасқа түсу мүмкіншіліктерін зерттеу болып табылады. Мы-
салы: атау тұлғадағы «үй» сөзін алайық:
Биік
үй (-ді, -ге, -дің, -де)
іші
салынды
сатып алдым
болдым
Бұл
кірдім
6-сурет
Немесе, «Асқарға» деген белгілі тұлғадағы сөзді алайық:
(іс-қимылдың нысаны)
бардым
(қабылдаушы)
Асқарға
бердім
(күй-жайдың иесі)
бəрібір (қиын, оңай)
7-сурет
«Асқарға» – тұлғасы жағынан омонимдес, бірақ қызметі жағынан
басқа-басқа синтаксемалар. Олардың мағыналары жоғарыдағы сөйлем
модельдерінің құрамы арқылы белгіленеді. Мұндай синтаксистік қыз-
метте, ондай модельдерде адам не адамға қатысты сөздер ғана (студент,
жүргізуші) жұмсалады, ал нақты зат атаулары, дерексіз сөздер қатыспай-
ды (мысалы, «кітапқа бер», «көктемге бəрібір» болмайды).
Сөйтіп, синтаксема материалдық жағынан өзінің констуитивті (мəн-
ді) элементтері арқылы жасалса, ал синтаксистік тұлға-бірлік ретінде
танылуы өзі сияқты басқа синтаксистік элементтермен жəне тұтас сөй-
лемге қарым-қатынасында жүзеге асады. Сөздің синтаксистік мүмкіндік-
тері ең алдымен оның категориалдық мағынасына байланысты.
Қорыта айтқанда, синтаксеманы тануда сөз не сөз-тұлға мағынасы-
ның қандай элементі маңызды десек, категориалдық-семантикалық
мағыналары маңызды:
Достарыңызбен бөлісу: