шан? Қай кезде?) нақтылауға құрылған.
Ал айтылыстар есім баяндауышқа құрылса, реманың орны тұрақты
болады: есім баяндауыштар айтылыстың соңында келетіндіктен олар
рема болады да, оны анықтауға орын тəртібі қызмет етеді.
Айгүлдің мектепте сүйіп оқығаны – əдебиет. Айгүлдің əдебиетті сүйіп оқыған кезі – мектепте. Мектепте əдебиетті сүйіп оқыған – Айгүл. Сонымен, айтылыстың актуалды мүшеленуіне оның грамматикалық
мүшеленуі тірек болады. Өйткені айтылыстың актуалды мүшеленуі-
не негіз болатын құралдар – интонация мен сөздердің орналасу тəртібі,
басқа да тілдік құралдармен бірлікте ең алдымен айтылыстың грамма-
тикалық құрылымын ұйымдастырады. Егер айтылыстың грамматикалық
құрылымы біріктірушілік, тұтастырушылық қызмет атқарса, қатысым-
дық құрылымы керісінше ой қозғалысының барысын бөліп көрсетіп,
ажыратушылық рөлде болады [3, 338 б.].
Жалпы, кез келген сөйлем, мəнмəтін актуалды мүшелену тұрғысынан
əрдайым екі бөліктен тұрмайды. Олай болу қарапайым ұйымдасқан сөй-
лемдер мен мəнмəтіндерге тəн. Көбінесе, мəтінде актуалды мүшелену
оның композициялық-синтаксистік ұйымдасуын бейнелеп, анағұрлым
күрделі, сатылы жəне өзара бағыныштылық сипатқа ие болып келеді.
Сөйлемнің синтагматикалық бөлінісі үш жəне одан да көп болып кел-
генде, оның екі бөлігі ғана осы сөйлемдегі тема мен ремаға сəйкес ке-
леді, қалғандары мəтіндегі алдыңғы сөйлемдердің темалары (Т
1
, Т
2
т.с.с.)
болып, олар мəтіннің басқа композициялық-синтаксистік бірліктеріне
сəйкес келуі мүмкін. Мысалы: «Мен
(т) \ үйге келсем, Əбдірахманның
(р)
қаладан келгенін есітіп үйдің іші қуанып отыр екен. Шұғаның халін
(т 1 )
көріп қайғырып қайтсам, \ Əбдірахманның
(т) келгенін есіткен соң \ тасып
(р)
кеттім. Менің қуануым
(т) \ ынтық болып жатқан Шұғаға
(т 1 )
\ Əбдірах-
манды əкеліп бір көрсету еді
(р)
» (Б.Майлин).
Бұл мəтіннің композициялық-синтаксистік құрылымы əңгімелеу типі-
не тəн. Бірінші сөйлем тема (мен) мен ремаға (қалғандары) жіктеледі.
Екінші сөйлемде актуалды мүшеленудің үш компоненті бар, олардың
біріншісі алдыңғы мəтіндермен белгілі бір тема (Т
1
) болса, қалғандары
осы сөйлемнің темасы (Т) мен ремасынан (р) тұрады. Үшінші сөйлем
де үш бөліктен тұрады, оның біріншісі осы сөйлемнің темасы (Т), орта-
да актуалдылығы əлсіз орында тұрған алдыңғы мəтіндерден белгілі жай
(Т
1
), сөйлемнің соңында актуалдылығы белсенді орында тұрғаны – рема
(Р). Кесте түрінде бйнелесек: ТТ
1
Р.
«Кеңестік кезеңде \ жылдық жоспарды орындау \ қатаң бақылауда болатын» (газеттен).
Бұл сөйлемдегі үш құрылымдық-мағыналық (синтагматикалық) ком-
понент мəнмəтінмен байланысы тұрғысынан алғанда үш сатыны құрай-
ды. Мəнмəтінде жылдық жоспардың орындалуының кеңестік жəне қазір-
гі кездегісі салыстырылып отыр. Демек, «жылдық жоспардың орында- луы» бұрынғы берілген тема (Т
1
), ал «кеңестік кезеңде» осы сөйлемнің
темасы (Т), «күн тəртібінен түспейтін» - жаңа нəрсе (Р), сөйлем осыны
айту үшін құрылған.
Күрделірек ұйымдасқан сөйлемдерде өзектілікке ие бірнеше құры-
лымдар болуы мүмкін. Мысалы, «Қораның төңірегі \ тап-таза. Аран- ның түкпірінде \ буы бұрқырап, \ екі ат суып тұр» (Ж.Аймауытов). Ал-
ғашқы сөйлем тема мен ремаға бөлінсе, екінші сөйлемде тема («Аранның
түкпірінде») мен екі рема бар («буы бұрқырап» жəне «екі ат суып тұр»).
Немесе: «Ақсақал (т) \ аттарын діңгекке байлатып (р) , етегін қамшымен бір қағып (р) , қақырынып (р) , теріскей жақтағы кішкене есік- тен (р) байдың қорасына кірді (р) » (Ж.Аймауытов). Бұл сөйлем бір тема, бес ремадан тұрады.
418
419
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар