Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет43/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Семантикалық аспект. Семантикалық синтаксистің елеулі жетістігі 
сол, бұл бағыт синтаксистік единицалардың тілдік семантикасын жəне 
сөйлеу (речь) семантикасын жіктеп көрсетуге талпыныс жасайды. Жал-
пы,  ғылыми  əдебиеттерден  синтаксистік  деңгейдегі  тілдік  мағына  деп 
грамматикалық мағына, синтаксистік мағына я қатынас деген ұғымдар-
ды  түсінсек,  сөйлеу  семантикасын  контекстік  мағына,  нақты  синтак-
систік бірліктің нақты өзіндік лексикалық мағынасы тұрғысынан түсі-
неміз.
Қазақ тіл білімінде бір-бірімен тығыз байланысты бұл екі мағына бір 
ұғымда, тұтас қаралып жүр. Бұл бір есеппен дұрыс та, өйткені синтак-
систік құбылыстардың грамматикалық мағынасы жекелеген лексикалық 
мағыналардан абстракцияланады. Ал синтаксистік зерттеу абстракцияға, 
жинақтауға  құрылады,  соған  ұмтылады.  Синтаксистік  бірліктерді  құ-
растырушы  сыңарлардың  жеке-жеке  мағынасын  қуып  кету,  түгендеуге 
тырысу нəтиже бере бермейтіні өзінен-өзі белгілі.
Грамматикалық  семантика  тіркескен  синтаксистік  бірліктердің  ара-
сындағы  қатынастан  көрінеді.  Мысалы:  кең  дала  деген  екі  сөздің  тір-
кесуінен анықтауыштық қатынас көрінсе, даланы көру деген тіркес ком-
поненттерінің арасынан нысандық, далаға шығу деген тіркестен бағыт-
тық-мекендік қатынасты байқауға болады.
Осыған  байланысты  жайттар  қазақ  тіл  білімінде  едəуір  зерттеліп, 
сараланып та қалғандай. Мəселен, М.Томанов, М.Серғалиев, Т.Сайрам-
баев, Ə.Аблақов [16; 17; 18] т.б. зерттеулерінде сөз тіркестерінің тілдік 
семантикасы  талданады.  Бұл  зерттеушілер  сөз  тіркестерінің  мынадай
семантикалық  топтарын  көрсетеді:  арнау  мағынасындағы  сөз  тіркес-
тері  (қонақ  бөлме,  бəйге  торы,  бізге  мереке,  мен  үшін  қуаныш);  мен-
шіктік мағынаны білдіретін сөз тіркестері (ауыл адамы, өз елім); зат-
тың  белгісін,  қасиетін,  сан-мөлшерін  білдіретін  сөз  тіркестері  (аз  үй, 
терең өзен, ақылды адам, ұзақ жол т.с.с.); заттың тегін білдіретін сөз 
тіркестері  (елтірі  тымақ,  күмістелген  ертоқым,  ағаш  қасық  т.с.с.); 
мекендік мағыналы сөз тіркестері (ойдағы ел, қырдағы ел, ауыл шетін-
дегі  қайың,  ауылға  оралу,  ауылда  тұру,  ауылдан  кету,  жолмен  жүру 
т.с.с.);  мақсат  мағыналы  сөз  тіркестері  (көруге  келу,  көру  үшін  келу, 
көрмек  болып  келу,  көру  үшін  қажет  т.с.с.);  себеп-салдар  мағыналы 
сөз  тіркестері  (қуанғандықтан  жылау,  ұялғаннан  үндемеу,  қылмысы 
үшін  сотталу,  білген  соң  айту  т.с.с.);  амал  мағыналы  сөз  тіркестері 
(балтамен шабу, айқайлап сөйлеу, екі рет айту, шұғыл бұрылу, адамша 
сөйлеу  т.с.с.);  мезгілдік  мағынаны  білдіретін  сөз  тіркестері  (жаздай 
жүру, түні бойы ұйықтамау, таңғы шай, кірісімен отыра қалу, был-
тыр көру, кеткен соң шығу, айтқанға дейін қозғалмау т.с.с.); салыс-
тырмалық мағынадағы сөз тіркестері (білектей темір, мақта тəрізді 
мата, қанттай тəтті, пілден үлкен т.с.с.). 
Сөйлемнің  тілдік  семантикасы  ретінде  хабарлау,  сұрау,  түрткі  (бұй-
рық)  сияқты  мағыналарды  түсіну – жалпы  тіл  білімінде  қалыптасқан 
дəстүр. Қазақ тілші-ғалымы М.Серғалиевтің зерттеуінен қазақ тіл білімі 
үшін бұл мəселеге қосылған үлесті байқауға болады. Зерттеуші синтак-
систік əр деңгейдегі құрылымдардың синонимдік сипатын сөз ете оты-
рып, сөйлемдерді де (жай жəне құрмалас) мынадай мағыналық топтарға 
бөледі: 1) шарт мəнді сөйлемдер; 2) мезгіл мəнді сөйлемдер; 3) ыңғайлас 
мəнді сөйлемдер; 4) мезгіл мəнді сөйлемдер; 5) түсіндірме мəнді сөйлем-
дер; 6) себеп-салдар мəнді сөйлемдер; 7) салыстырмалы мəнді сөйлем-
дер; 8) амал мəнді сөйлемдер; 9) мақсат мəнді сөйлемдер; 10) нысанды 
білдіретін сөйлемдер [18].
Орыс  тілі  синтаксисінің  маманы  Г.А.Золотова  сөйлемдерді  преди-
кативтік  сипатына  қарай  етістікті,  адъективтік,  субстантивтік,  үстеулі, 
сан-мөлшерлік (квантитивтік) деп беске бөледі де, олардың əрқайсысы-
ның семантикасын көрсетіп береді [19, 33-39 бб.].
Қазақ тіл білімінде, басқа да елдің тіл білімдері сияқты, сөйлем мү-
шелерін  мағыналық  тұрғыдан  топтап,  жіктеу  қалыптасқан  (Айталық, 
анықтауыштың сапалық жəне меншіктік тобы, пысықтауыштың мекен-
дік, мезгілдік, амалдық т.б. топтары т.с.с.).
Құрмалас сөйлем сыңарларының қатынастарын мағыналық тұрғыдан 
жіктеу бізге белгілі тіл білімінің бəрінде де бар.
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, синтаксистік единицаларды қарас-
тырушы сыңарлардың арасындағы қатынас, одан келіп шығатын тілдік 
мағына, мейлі ол сөз тіркесі болсын, мейлі ол жай сөйлем болсын, мейлі 
ол құрмалас сөйлем болсын, синтаксистік əр деңгейде, негізінде, үйлес 
болып келеді екен.
Сөйлем, негізінен, бастауыштық-баяндауыштық құрылымға негізде-
леді десек те, тұрлаулы мүшелерге талданбайтын атаулы сөйлем, одағай-
лы (вокатив) сөйлем сияқты сөйлемдердің бар екені белгілі. Сонда сөй-
лемді орамды тілден (термин – Абайдікі) (связная речь) жіктеп бөліп алу 
үшін қандай критерий керек. Предикатты сөйлемде – тілдік мағына, мү-
шеленбейтін сөйлемдерде сөйлеу мағынасы болады деп қарастыруымыз 
керек  пе?  Осы  екіұштылықты  жою  мақсатымен  тіл  білімінде  сөйлемді 
екі  тұрғыдан  қараушылық  бар:  сөйлем  тілдік  бірлік  ретінде;  сөйлем
сөйлеу бірлігі ретінде. Бұл тұрғыда сөйлемді тек сөйлеудің ғана бірлігі 
деп түсінетін сыңаржақтық та жоқ емес. Сөйлемнің құрылымдық схема-
сын  тілге,  ал  осы  құрылымды  жүзеге  асыру  жолдарын,  тіл  табиғаты-
на  сай  сындарлы  пікірлерді  қолдаған  жөн.  Бұндай  пікірлердің  бір  иесі 
– В.Матезиус [20, 106 б.; 21, 3-5 бб.].


56
57
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сонымен, синтаксистік бірліктердің семантикалық аспектісі арнайы, 
кең де терең зерттеуді қажет етеді. Тек бұл жерде ұстанатын тұрғы – сөй-
леу  семантикасы  мен  тілдік  семантиканың  тығыз  байланысы,  бірінсіз 
бірінің əрекет ете алмайтыны туралы қарапайым қағиданы есте ұстаған 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет