58
59
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
келеді. Бұған көз жеткізу үшін мына бір бірліктегі асты сызылған мүше-
лердің орын тəртібін өзгертіп көрейік:
Көріс күннің кешіне Қазақ Ордасының басты елшілері патша
дастарханынан дəм татты. Қонақасы Ас Сарайда берілген еді. Мол
тағам, көңілді отырыс үстінде бөтен əңгіме болған жоқ (М.Мағауин).
Дəмді көріс күннің кешіне Қазақ Ордасының басты елшілері патша
дастарханынан татты. Ас Сарайда қонақасы берілген еді. Мол тағам,
көңілді отырыс үстінде бөтен əңгіме болған жоқ.
Байқасақ, логикалық екпін беріліп тұрған бірінші сөйлемдегі дəм
сөзінің мəні солғындап қалады. Оның арнайы, құрметті ас берілгені тура-
лы мағлұматы өзгеріп кетеді. Осының салдарынан дербес сөйлемдердің
арасындағы қайталау арқылы (дəм-қонақасы-отырыс) болып тұрған
жымдаса байланысу байқалмайды.
Орын тəртібіне қарамай-ақ белгілі бір мүшені актуалдандыратын
грамматикалық құралдар бар. Олар, негізінен, демеуліктер
(да, де, та,
те, əсіресе, тіпті, ғана, -ақ, т.б.). Бұндайда демеулік тіркескен атауыш
сөздерге ой екпіні түседі де, ол сөз алдыңғы контекспен іліктесіп, со-
нымен салғастыруды қажет етеді. Демек, оны актуалдандырып тұрған –
контекст. Мысалы:
Адам пішіні бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тəріздене-
тін. Əсіресе, ажымы мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді (М.Əуе-
зов).
Бұл үзіндідегі екінші сөйлемнің ремасы (əсіресе, ажымы мол үлкен-
дер пішіні) алдыңғы сөйлемде айтылған оймен салыстыруды қажет етеді.
Просодикалық элементтер (интонация, дауыс қарқыны, тон, екпін
т.с.с.) ауызша сөйлеуде байқалатыны белгілі. Алайда сөйлеуде сөйлемнің
белгілі бір мүшесіне дауыстық ерекшелік беру, сөйлесу ситуациясына
байланысты. Ал ситуацияның өзі – контекстің бір түрі. Өйткені кез кел-
ген сөйлеуші адам белгілі бір контекст ықпалында болады.
Сонымен, сөйлеуге коммуникативтік тұрғыдан қарау дегеніміз – оны
сөйлеу бірлігі ретінде қарау. Ал сөйлеудегі сөйлем – контекстегі сөйлем.
Тіл тұрғысынан алсақ, біз оқшау алынған сөйлемдерді қарағанда олар-
дың семантикасының құрылыммен берілуін қараймыз. Енді контекст
аясында қарағанда сөйлем басқаша мəнге ие болады: бүтіннің бөлшегі,
буыны, бүтінді құраушы негіз ретінде көрінеді. Осы бүтінді біріктіруші
құралдар əр сөйлемнің бойында болады. Осылайша сөйлем ой ағыны-
ның, сөйлеу ағынының бірлігі ретінде қызмет атқарады. Осы тұста сөй-
лем үшін контекст қызметін синтаксистік күрделі бірлік (микротекст)
атқара алады.
Сөйлеуші адам белгілі бір зат я құбылыс туралы баяндағанда сол зат
я құбылысқа сүйеніп ойын жылжытып отырады, сол зат я құбылыстың
тілдік таңбасы орамды тілде тема қызметін атқарып тұрады. Бұл да сөй-
лемді актуалды мүшелеудің контекст ықпалында болатынын көрсетеді.
Дəлел үшін бір мысал (асты сызылған сөздер – тема, асты сызылмаған
бөлік – рема) :
Достарыңызбен бөлісу: