Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет51/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

зал халыққа толы».
Тек орын мен мезгілді білдіретін атаулы сөйлемдер іс өтетін орын мен 
мезгілдің жалпы ұғымын нақтылауға, анықтауға қызмет етеді. Мысалы: 
1916 жыл. Күз... Мұның мағынасы: оқиға өтетін кез – 1916 жыл, күз.
Немесе:  «Сталинград.  Волганың  үсті...  Мұның  мəні:  Оқиға  өтетін 
жер – Сталинград, Волганың үсті...». 
Сонымен,  жоғарыдағы  талдауларды  ескерсек,  бір  құрамды  сөйлем-
дер тілде жоқ болып шығады, жоғарыдағы бір құрамды делініп жүрген 
сөйлемдер предикативтік белгі мен оның иесін бөлшектеп бейнелейтін 
құрылымдар болып шығады. 
«Субъектісіз  бір  құрамды»  делініп  жүргендер  өздерінің  шынайы 
құрамы жағынан субъектілі, жақты, екі құрамды құрылымдар болып та-
былады, олар нақтылы жақты екі құрамдылардан тек субъектісінің тұлға-
сы жағынан ажыратылады: атау септікте емес, басқа ілік, барыс, жатыс 
септік тұлғаларында тұрады. 
Толымсыз  сөйлемдердегі  əртүрлі  сөйлем  мүшелерінің  айтылмауын 
қандай жағдай туғызса, субъектінің айтылмауын да сондай жағдай туғы-
зады: контекстік, ситуациялық басы артықтық, керексіздік, сөйлеушінің 
өзінен алшақтату немесе жалпылау мақсатынан туындайтын коммуника-
тивтік-стилистикалық тəсілдер. 
Жоғарыдағы сөйлемдерді екі құрамды деп тану олардың синтаксистік 
мəртебесін  анықтауды,  екі  құрамдылар  ішінде  алатын  жүйелік  орнын 
белгілеуді қажет етеді. Субъектісі аталмаған ол сөйлемдердің кейбірі екі 
құрамды сөйлемдердің қолданымдағы (сөйлеудегі) көрінісі болады, өйт-
кені олардың құрылымы белгілі бір тұлғадағы субъектілік компонентке 
орын сақтайды: (Бізге) Жүретін уақыт болды. (Үйде) Тымырсық. Олар-
дың кейбірі екі құрамды субъектілі сөйлемдердің коммуникативтік-сти-
листикалық  нұсқалары  болады.  Олар  екі  құрамды  негізгі  модельдерге 
өздерінің жеке, арнайы мағыналарымен қарсы тұрады. 
Сонымен,  егер  субъектіні  белгілі  бір  модельдерде  белгілі  бір  септік 
тұлғалары  арқылы  көрінетін,  белгілі  тұлға  мен  мағынадағы  предикат-
пен байланысқа түсетін предикативтік белгінің иесі деп түсінсек, тілде 
субъектісіз сөйлем болуы мүмкін емес. Ендеше субъектілік пен субъект-
сіздікті қарама-қарсы қою сөйлемдерді топтастырудың мəнді белгісі бола 
алмайды.
Алайда субъектілік ұғымы сөйлемдерді жіктеуге көмектеседі: сөйлем 
типтері жақтық (жекелік, адамзат) субъектілі жəне заттық-субъектілі бо-
лып бөлінеді. 
Олар,  біріншіден,  субъекті  мен  оған  сəйкес  келетін  предикаттың  əр 
түрлі  категориалдық-грамматикалық  тұлғасы  арқылы  берілетін  типтік 
мағыналарының  сипатымен,  екіншіден,  олардағы  жіктік  парадигмасы-
ның бар – жоқтығымен ажыратылады. Жақтылы – субъектілі сөйлемдер-
де субъекті үш жақта да айтыла алады, ал заттық – субъектілі сөйлемдер
тек 3-жақта  айтылады.  Тек  жақтылы-субъектілі  сөйлемдердің  негізін-
де  ғана  олардың  «белгілі  жақты», «белгісіз  жақты»  жəне  «жалпылама 
жақты»  мəндердегі  коммуникативтік-стилистикалық  нұсқалары  пайда 
бола алады. 
Жақтық  жəне  заттық  субъектілерді  қарсы  қоюға  келмейтін  модель-
дер де бар: Алматы əдемі – Бала əдемі. Олардың айырмашылығы жіктік 
тұлғаларының парадигмасының бар-жоқтығымен өлшенеді. 
Жалпы, белгілі жақтылық, белгісіз жақтылық, жалпылама жақтылық 
–  субъектінің  əртүрлі  көріну  тəсілдері,  нақтылы  субъектінің  нұсқалық
қатарлары болса, жақсыздық предикативтік белгі мен оның иесінің ара-
сындағы қарым-қатынасты белгілі бір көзқарас тұрғысынан сипаттау бо-
лып табылады. 
Жақсыздық – іс-жайдың  еріксіздігін,  субъектінің  еркінен  тыстық 
мəнін білдіреді. Ол баяндауыштың ерекше формалары арқылы беріледі 


68
69
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
(етістік баяндауыштар күрделі болады, жақтық парадигмаға ие болмай-
ды;  есім  баяндауыштар  күй-жайды  білдіретін  сөздер  болады  (маған 
қиын), күй-жайды білдіретін тұрақты тіркестер болады (мұртын балта 
шаппайды).  Жақсыздықты  осылай  түсінсек  қана,  əдетте,  жалпы  баста-
уышсыздық  белгісі  бойынша  біріктіріліп  жүрген  əртүрлі  құрылымдық 
модельдерді жіктеп топтастыруға болады. 
Сөйлем  құрылымында  оның  болмыспен  байланысын  жүзеге  асы-
рушы,  мəндік  жəне  белгілік  компоненттерін  нақтылы-типтік  тəсілмен 
бейнелейтін, табиғатынан қос мүшелі дыбыстық ойлау актісі көрініс та-
бады. 
Нысанының  негізгі,  мəнді  белгілерін  екінші  дəрежелі  белгілерден
ажырата білу керек. Сөйлемнің компоненттік құрылымы зат, құбылыс-
тың мəнді табиғи болмысын бере алады, сөйлемнің өзінің өмір сүруін, 
коммуникативтік  қызмет  атқаруын  қамтамасыз  етеді.  Оған  қарағанда, 
атау тұлғадағы бастауыштың болу-болмауы сөйлемнің көптеген үлгілері 
үшін  мəнді  белгі  бола  алмайды  (жалпылық  сипатқа  ие  бола  алмайды). 
Сөйлемнің субъектілік компонентінің атау тұлғадағы бастауыштан басқа 
да, тіпті, одан да сенімді формалды-грамматикалық белгілену (тұлғала-
ну) жолдары бар: оған сөз таптарының категориалдық мағыналары жəне 
олардың  сөйлемдердің  негізгі  типтік  мағыналарына  сəйкестігі  жатады: 
1)  заттың  іс-əрекеті  туралы  хабарлайтын  болсақ,  предикат  қызметінде 
етістікті пайдаланамыз; 2) заттың белгі-сапасы туралы хабарлайтын бол-
сақ,  предикат-сын  есімді  пайдаланамыз; 3) заттың  санын  хабарласақ – 
сан есімді; 4) адамның не заттың күй-жайын хабарласақ – предикат-сын-
ды пайдаланамыз т.т. 
Тілдегі сөздер объективті шындықтың құбылыстары мен қатынас-
тарын,  соған  сəйкес  адамзат  ойлауының  санаттарын  бейнелейтіні
белгілі. Олар морфологиялық, синтаксистік, семантикалық белгілері-
не қарай сөз таптарының əртүрлі топтарын құрайды. Əр сөз табының 
(негізгі)  категориалдық  мағынасы,  басқаша  айтқанда,  семантикалық 
белгісі шындық əлемнің негізгі санаттарының бірінің мағынасын бе-
реді: заттық мағына, іс-əрекеттік мағына, белгі-сапалық мағына, сан-
дық мағына т.б.
Сөйлемдегі  баяндауыштың  категориалдық-морфологиялық  түр-
лері  өз  бастауыштарымен  бірлікте  белгілі  бір  құрылымдық-мағыналық 
мазмұнға  ие  сөйлем  түрлерін  (модельдерін)  құрайды.  Сөйлем  үлгісін 
анықтауда сөйлемнің предикативтік белгісінің тілдік бейнелеу ерекшелі-
гін басшылыққа алу шындық болмыстың белгісінің сипатына жəне ұлт-
тың тілдік санада оларды санаттарға бөлуге сəйкес келеді. Осы тұрғыдан 
сөйлемнің негізгі үлгілері мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет