Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлем үлгісі (моделі) – сөйлем құрылымын сипаттаудың не-



Pdf көрінісі
бет47/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.2 Сөйлем үлгісі (моделі) – сөйлем құрылымын сипаттаудың не-
гізгі тұлға-бірлігі
Əдетте, синтаксисте форма мен қызметтің қарым-қатынасын сөз тап-
тары мен сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасы деп түсіну қалыптасқан. 
Сөйлем мүшелері туралы ілім сөйлем құрамын талдаудың негізгі құралы 
болып қалып отыр. 
Шындығында, ой мазмұны сөйлемнің сөйлеу кезінде синтаксемалар-
дың    категориалдық-семантикалық  мағыналарын  жарыққа  шығаратын 
құрылымдық-мағыналық компоненттері арқылы ашылады. 
Синтаксисте  форма  морфологиялық  көрсеткішке  теңелмейтіні  си-
яқты, сөйлемнің синтаксистік құрылымын оның компоненттерінің мор-
фологиялық көрсеткішіне тең етіп алуға болмайды.
Сөйлем компоненттерінің морфологиялық көрсеткіштерінің бірдейлі-
гіне қарап, оларды бір модель негізінде құрылған деуге бола ма? Мыса-
лы, мына сөйлем үлгілерінің құрылымдары бірдей ме?
-Күш бірлікте
-Бала үйде (мал қорада).
Формуласы:
-Кітап сөреде.
 N1 – N5
-Жұрт ұйқыда
немесе:
1 Шешен сөйлеп тұр.
Формуласы:
2 Жауын жауып тұр.
 N1 - Vf
Формулада бейнеленгендей жалпы морфологиялық көрсеткіштері бір 
болғанмен,  сөйлемдер  əртүрлі  мағыналарды  хабарлау  үшін  құрылған: 
(1) дерексіз ұғымның мазмұны туралы, (2) субъектінің белгісі (орын, ме-
кені) туралы, (3) заттың белгісі (мекені) туралы, (4) жанды (адам) заттың 
жағдайы туралы.
Жоғарыдағы  сөйлем  типтерінің  компоненттері  сөз  таптарының  түр-
лі  семантикалық-грамматикалық  санаттарынан  тұратын  топтарынан 
құралған, сондықтан құрылымдардың материалдық жағынан ұқсастығы 
жоқ.  Демек,  бұл  жерде  тізбектердің  көп  мағыналылығы  немесе  омо-
нимдігі туралы сөз болуы мүмкін емес. 
Синтаксистік  формуланың  көп  мағыналылығы  жоғарыдағы  сөйлем-
дердің  арасындағы  айырмашылықты  түсіндіріп  бере  алмайды.  Барлық
мəселені лексикаға тіреуге болмайды, өйткені олардың арасындағы айыр-
машылық жекелік сипатқа ие емес, жалпылық сипатқа ие: осы формула-
дағы сөйлемдердің бəрін жоғарыдағы типтерге бөлуге болады: (1) – (4). 
Оларда  ең  алдымен  компоненттерінің  категориалдық-семантикалық 
айырмашылықтары  бейнеленген.  Мысалы:  нақтылы-заттық  зат  есім, 
адамзат зат есім, дерексіз зат есім ... Бұл айырмашылықтар сол құрылым 
шеңберінде ол сөздердің орнын ауыстырып жұмсауға жол бермейді. Мы-
салы: Кітап ұйқыда, күш үйде, жұрт сөреде, бала бірлікте деуге бол-
майды. 
Бұл жағдай формула жалпылық мəнге ие емес екенін жəне синтагма-
тикалық тұрғыда құрылымның бірдей емес екенін көрсетеді.
Бұл  айырмашылық  парадигматикалық  тұрғыдан  да  түсіндіріледі:  əр 
топқа тəн синтаксистік синонимдерді түрліше құруға болады. Мысалы: 
(1)  Күш  бірлікте:  Күш  бірліктен  көрінеді/Бірлік  күшті  қылады/Бірлік 
жеңеді; (2) Бала үйде/Бала үйде отыр/ Баланың отырған жері – үй; (3) 
Кітап сөреде: Сөре кітапқа толып тұр; (4) Жұрт ұйқыда: Жұрттың 
көзі ілінді/ Түн мезгілі/Тыныштық. 
Бұл  талдау - мысалдар  жоғарыдағыдай  үлгідегі  синтаксистік 
құрылымдардың төрт түрі бар екенін, олардың əрқайсысы өзіндік семан-
тикалық-грамматикалық компоненттер жүйесінен тұратынын, ал барлық 
түріне ортақ компоненттер жиыны жоқ екенін көрсетеді. 
Сөйтіп, сөйлем моделінің өмір сүруінің ең негізгі шарты – олардың 
компоненттерінің мағыналық-грамматикалық сипаттамасы.
Синтаксистік  тұлғаны,  синтаксистік  құрылымды  айқындауда  тілдік 
құралдармен бейнеленген жалпыланған мазмұнды ескермей болмайды. 
Сөйлемнің  «семантикалық  толығуы»,  оның  компоненттерінің  белгілі 
бір семантикалық-грамматикалық топқа жатуы сөйлемнің синтаксистік 
тұлғасының белгісі болып табылады.
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  сөйлем  құрылымын 
сипаттаудың тұлға-бірлігі ретінде сөйлем модельдері ұғымын алуға бо-
лады. 
1. Сөйлем моделі деген – белгілі бір типтік мағынаға ие коммуника-
тивтік  бірлікті  құратын  өзара  байланысты  компоненттердің  ең  шағын 


62
63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет