Бастауыштың жасалу жолдары. Бастауыш қызметінде жеке сөз,
сөз тіркесі, тіпті сөйлем де жұмсала алады. Бастауыш қызметінде жұм-
салатын сөздер атау септігінің нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғауымен
келеді. Бастауыш қызметінде ең көп жұмсалатын сөз таптары – зат есім
мен есімдік. Себебі бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі болады десек, сол
негізгі ой заттар арқылы көрінеді. Ал есімдіктер – олардың орнына қол-
данылатын сөздер. Сөйлемде бастауыш қызметінде басқа сөз таптары да
жұмсалады. Сонымен, бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары
мен сөз топтары мыналар:
1) зат есімдер;
2) есімдіктер;
3) субъективтенген сын есімдер;
4) сан есімдер;
5) түрленбейтін сөз таптары (үстеу, шылау, т.б.);
6) есімше мен қимыл есімі;
7) сөз тіркесі мен тұрақты тіркестер.