Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есімнің барлық
түрі (жалқы есім, жалпы есім, деректі, дерексіз зат есімдер) атау септігі
тұлғасында бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Раушан қалты- рап тұр, өкпесі аузына тығылып сөйлеуге ерік бермейтін секілді (Б.Май-
лин). Шырылдап ұшқан бозторғай үй үстіндегі аспанға ілініп, қадалып тұр (М.Əуезов). Батырлық майданда сыналады, Ақылдылық ашу үстін- де сыналады (Мақал). Зат есімдер көптік жəне тəуелдік жалғауымен келіп те баста-
уыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С.Бақбергенов). Жақ- сының ісі менен аты өлмейді, тарихта жазып кеткен хаты өлмейді (Мақал).