Синтаксистік парадигмалар


Есімдіктердің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет59/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Есімдіктердің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы.  Есімдіктердің
əрбір  тобының  бастауыш  қызметінде  жұмсалу  дəрежесі  əртүрлі:  жік-
теу,  өздік  есімдіктері  бастауыш  қызметінде  сол  қалпында,  молынан 
жұмсалса, басқа есімдіктер (сілтеу, сұрау, жалпылау, белгісіздік, болым-
сыздық  есімдіктері)  заттанып,  бастауыш  қызметінде  жұмсалады.  Мы-
салы: Мен ертең сөз өзіме тие қалғанда, сіз жіберген қатені қайтала-
маймын (С.Бақбергенов). Құлыным-ау, сен отыра тұрсаңшы (Д.Исабе-
ков). Ол той өткен соң-ақ үй-ішінің тірлігіне араласып кетті (Д.Исабе-
ков). 
Өздік  есімдіктері  тəуелдік  жалғауымен  келіп  бастауыш  қызметін-
де жұмсалуға бейім. Мысалы: Басқа айыпты жоқ, өзім, өзім кінəлімін 
(С.Бақбергенов). 
Сілтеу есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Бар бəлесінің ал-
дын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген соққы 
болды (Б.Əлімжанов). 
Сұрау  есімдігінің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Қане,  кім  қайда 
барады? Қайсың маған ересіңдер? (Т.Əлімқұлов) 
Жалпылау есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Барлығы ты-
ным таппай қимылдауда (С.Ерубаев). 
Белгісіздік есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Жігіттердің 
бірсыпырасы жалт берді, кейбірі аттың жалынын құшты (А.Байтұр-
сынов). 
 Болымсыздық есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Əмірқан-
дай əнді ешкім сала алмайды (Ж.Аймауытов).
Есімдіктер өзара тіркесіп, күрделі бастауыш жасалуы: Өй, ол өзі ау-
зына берік, сөзге жоқ, тыңдаудан жалықпайтын адам (Б.Əлімжанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет