Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы



бет1/3
Дата08.10.2023
өлшемі11,99 Kb.
#113462
  1   2   3
Байланысты:
Синтетикалық каучуктер өндірісі


Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы
Синтетикалық каучуктер (СК) өнеркәсібі – мұнай химиясы саласының маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие өнімді шығарады. Мысалы, бірқалыпты дамып отырған шина өндірісінің саласына қажетті шикі зат. Синтетикалық каучуктерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісіне жалпы мақсатқа арналған - бутадиенді, бутадиен-стиролды, изопренді жатады. Олар пайдаланғанда резинаға тән қасиеттері, яғни жоғары созылымдылығы іске асатын жаппай өндірілетін бұйымдарды (шиналар, конвейерлік таспалар т.с.с.) алғанда қолданылады. Екінші тобына арнайы мақсатқа арналған СК кіреді, олар жоғары созылымдылықпен қатай кейбір арнайы қасиеттерге ие бұйымдар өндірісінде қолданылады. Мысалы, бутадиен-нитрилді каучуктерден бензинге, майға төзімді бұйымдар, ал кремнийорганикалық материалдардан жылуға, аязға төзімді, ал уретанды эластомерлерден тозуға төзімді бұйымдар жасайды. Синтетикалық латекстер, сұйық каучуктер мен термоэластопластарды ерекше топқа бөлуге болады. Ракета техникасында синтетикалық каучуктер қатты ракета отынын жасағанда полимерлік негіз ретінде қолданылады, ол жағдайда олар отын ролін атқарады, ал толықтырғыш ретінде селитра (калий немесе аммиакты) ұнтағын немесе отында тотықтырғыш ролін атқаратын аммоний перхлоратын пайдаланады.
Тарих жүзінде алғашқы өенркәсіптік мәнге ие синтетикалық каучук С.В. Лебедев әдісімен (натрий қатысуымен сұйық бутадиеннің аниондық полимерленуі) синтезделген полибутадиенді (дивинилді) каучук, дегенмен механикалық сапасының төмендігінен қолданылуы шектеулі болды. Осы жоғары ғылыми-техникалық жетістік полимерлердің химиясы мен физикасы саласында ғылыми зерттеулердің одан әрі дамуына үлкен әсер етті, ол өз кезегінде синтетикалық эластомерлердің өндірісі мен қолданылуының қарқынды дамуына ықпал етті.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері алуан түрлу құрылымдық ерекшеліктер мен физикалық қасиеттерге ие синтетикалық каучуктерді өндіруде. Автомобиль шиналары мен жалпылама резина-техникалық бұйымдар жасағанда табиғи каучукті толық немесе жарым-жартылай алмастыратын каучуктер (бутадиен-стиролды каучуктер, полиизопрен және полибутадиен) өндірісімен қатар, табиғи акчукте кездеспейтін бензинге, майға, жылуға төзімді, мүжілуге қарсылығы жоғары, агрессивті орталарға төзімді, газ өткізбейтін, аязға төзімділігі жоғары т.с.с. қасиеттерге ие синтетикалық каучуктер шығарылады.
Қазіргі техникада және халық шаруашылығында каучуктың маңызы өте зор, өйткені каучук резинаның негізгі компоненті болып келеді. Резина дегеніміз құрамына каучуктен басқа 10 – 15, ал кейде одан да көп алуан түрлі заттар (ингредиенттер) енетін күрделі көп компонентті жүйе. Резина өзінің бағалы техникалық қасиеттеріне өндірістің соңғы циклінде ие болды. Ұзақ уақыт бойы резиналық бұйымдарды табиғи каучуктен жасаған. Табиғи каучукты талдардан негізінен Бразилиялық гевеяның шырынынан (латекстен) өндіріледі.
Қазіргі кезде синтетикалық каучук өнеркәсіптері каучуктердің және латекстердің шамамен 160 түрлерін және маркаларын шығарады.
Шиналы, резинатехникалық және кабельді өнеркәсіптің салалары үшін бутилкаучуктың ассортименті кеңейтілген және шығарылуы игерілген. Бифункционалды олигодиендер және термоэластопластар – сұйық каучуктердің алу әдістерін өндіру және ендіру маңызды болып табылады.
Синтетикалық каучук өнеркәсіптерінің дамуы синтетикалық каучуктер мен латекстердің өндірісі бойынша қуаттарды құрумен анықталынады.
Қазіргі кезде синтетикалық каучуктердің жаңа түрлерін ойластыру, оның сапасын дамыған технологияларды пайдалану арқылы көз жеткізу болып отыр.
Каучуктің ең негізгі тұтынушысы шина өндірісі және әр түрлі резина техникалық өнімдердің өндірісі болып табылады. Біздің елімізде шығарылатын резиналық өнімдердің 100 мың. – нан аса атауы бар. Қазіргі заманғы автомобильдің біреуін жинақтау үшін орта шамамен 300 – 500 резина өнімдері қажет (КамАЗ автомашинасын жинақтау үшін 800 резина өнімі қажет). Бір ұшақ 10 – 12 мың., ал кеме 30 мыңға жуық резина өніміне ие. Осыдан резина өнімдерінің сапасы мен жұмыс істеу қабілетін қаншалықты жоғарылатуға көңіл керек екені түсінікті.
Бұл мәселе негізінен СК – ның қасиеттерін жақсарту жолымен шешілуде. Қолдану саласына байланысты каучукке және одан жасалатын конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар әр түрлі. Космостық, атомды, радиоэлектронды, авиациялы техникаларда жұмыс істейтін резина өнімдері өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары энегрияның сәулелендіруі кезінде, терең вакуумда, агрессивті орталарда, - 150 – ден +6000С температура аралығында, 50 МПа қысымда сақтау керек.
Дүниежүзілік қолданыс бойынша ситетикалық каучук табиғи каучуктен (ТК) әлдеқайда асып түседі. Қазіргі таңда оған шамамен 30% жуығы келеді.
Каучуктер мен латекстердің 250 – ден аса түрі және өндірістік маркілері белгілі және оларды екі үлкен топқа бөлу қабылданған: жалпы және арнайы қолданылатын каучуктер. Резина – көпкомпонентті күрделі жүйені құрайды. Оның құрамына каучуктен басқа 10 – 15, ал кей кезде одан да көп әр түрлі заттар (ингредиенттер) кіреді. Резинаның маңызды техникалық қасиеттері оны өңдеудің соңғы кезеңінде – вулканизация процесінде пайда болады.
Резинаның спецификалық қасиеттері – жоғары иілімділік, қайтымды деформацияға бейімділігі, активті химиялық заттардың әсеріне қарсы тұрақтылығы, су – және газөткізгіштігі аз, жақсы диэлектрлік және басқа да қасиеттері – оның техниканың әр түрлі салаларында кең қолданылуына себеп болды. Резина өнімдерін шығару - өндірістің ірі саласы. Оның өнімі халықтық тұрмыстың барлық облыстарында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет