Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 11 Наурыз сенбі 2017 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі12,87 Mb.
#10734
  1   2   3   4

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

11 НАУРЫЗ

 СЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№19 (8041)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ



Айсұлу АЛДАНАЗАР.   

Біріншіден,  Мемлекет  басшысы  Жолдау-

дан  бұрын  Үндеуді  жариялауында  маңызды  си-

пат,  үлкен  мән  жатыр.  Яғни,  мемлекеттің 

бағыт-бағдарын  белгілейтін,  кемел  келешегінің 

кілті  саналатын  Конституцияны  уақыт  талабы-

на  сай  толықтырулар  мен  өзгерістер  жасауды 

ұсынды.  Мемлекеттік  басқару  жүйесінде  Парла-

мент пен Үкіметтің пәрмені артуы маңызды екені 

алға  қойылды.  Себебі,  құзырлы  органдардың 

жауапкершілігі артып, сапалы жұмысқа ұласады.  

–  Күшті  Президенттік  вертикаль  бізге  мем-

лекет  қалыптастырудағы  орасан  қиындықтарды 

еңсеру  барысында  қажет  болды.  Бұл  уақытында 

өзін  ақтады.  Біздің  барлық  жетістіктеріміз  дәл 

осы жүйе кезінде жүзеге асырылды. Президенттің 

әлеуметтік-экономикалық  процестерді  реттеудегі 

біршама  өкілеттіктерін  Үкіметке  және  басқа  да 

атқарушы  органдарға  берген  жөн.  Сонда  бұл 

салаға  Үкімет,  министрліктер  және  әкімдіктер 

толықтай  жауап  беретін  болады,  –  деді  Прези-

дент. 


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа 

мемлекеттің, қуатты елдің тұғыры қалыптасқанын: 

«Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам 

құрдық», деп Үндеуде баяндады.

Ал, 

«Қазақстанның 



үшінші 

жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын-

да пәрмені артқан Үкімет пен Парламентке жаңа 

міндеттерді жүктеді. Бұл – тағы бір түлеп, тағы бір 

жаңғыру  жолы.  Сол  арқылы  Тәуелсіз  Қазақстан 

төртінші  өнеркәсіптік  революцияда  өзіндік 

салмақты  орнын  тауып,  жаһандану  үрдісінде 

жұтылмай,  ата-баба  аманатын  асқақтатып, 

«Мәңгілік  Елдің»  уайымсыз,  қамсыз  тұрғынына 

айналдырудың  келесі  бір  сәтті  қадамы  деуге  бо-

лады.


Жалпы,  Жолдау  аясында  Елбасының  тікелей 

басшылығымен  атқарылған  істердің  ең  бастыла-

рын саралап көрейік. 

Біріншіден,  қоғамдық  сананы  басқа  сипатқа 

ауысты.  Кеңестік  кезеңнен  алған  қоғамдық 

жүйені,  сүйекке  сіңіп  кеткен  социалистік  сананы 

өзгерту  оңай  болған  жоқ.  Әйтсе  де,  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  басшылығымен  біз  оны  еңсердік. 

Екіншіден,  экономикалық  жүйе  өзгерді.  Яғни, 

бәрін  бір  орталықтан  басқаратын,  жалқауы  да, 

еңбекқоры  да  бірдей  жалақы  алатын  жүйені 

нарықтық  қатыныстар  алмастырды.  Елбасының 

ұтқыр саясатымен шекара шегенделді, жаңа Аста-

на  бой  көтерді.  Қазақстан  әлемге  бейбітсүйгіш, 

татулық  пен  тұрақтылықтың  мекені  ретінде 

әйгіленді.  Мұнын  бәрі  Президенттік  басқару 

жүйесінің жемісі. 

Енді алда Ұлы Далада «Мәңгілік Ел» тұғырын 

тұғырлы  ету  мақсаты  тұр.  Мұны  Жолдаудағы 

міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады.

Жуырда  тағы  тарихи  шешімнің  куәсі  болдық. 

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қатысуымен 

Парламент  палаталарының  бірлескен  отыры-

сында  Ата  заңға  түзетулер  енгізетін  заң  жобасы 

қаралды.  Алқалы  жиында  Елбасы  Конституцияға 

өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын са-

яси  реформалардың  басты  факторларын  атап 

көрсетті.

–  Менің  Жарлығыммен  әзірленген  конститу-

циялық  реформалар  жобасы  бір  ай  бойы  өткен 

бүкілхалықтық  қызу  талқылауға  салынды.  Әр 

адам  ұсыныс  беру  құқығына  ие  болды.  Бәріміз 

заң  жобасын  талқылау  бұқаралық  сипат  алып 

қана  қоймай,  сонымен  бірге,  сапалы  дәрежеде 

жүргенін көріп отырдық, – деді Президент.

Алқалы  жиында  Елбасы  биліктің  барлық 

тармағының 

жоғары 


кәсібилігін, 

олардың 


жауапкершілік  арқалап,  шешім  қабылдай  алатын 

қабілетін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар-

баев  Қазақстанның  Президенттік  басқару  жолы-

нан жүретінін, жүргізіліп жатқан реформалардың 

мемлекет пен қоғамды одан әрі жаңғырту үшін са-

яси жағдайлар жасауға бағдарланғанын сөз етті. 

–  Қазақстанның  өзіне  тән  саяси  моделі,  яғни 

тұрақты  президенттік  билік  сақталады.  Сонымен 

бірге,  Парламент  пен  Үкіметтің  өкілеттіктері  де 

неғұрлым  көбейіп,  олардың  рөлі  арта  түседі.  Өз 

тәжірибеме сүйене отырып айтайын: өкілеттіктерді 

тиімді қолданудың өзі – асқан өнер! Біз сырттың 

сынының  бәрін  шын  көрмей,  көзсіз  ермей,  өз 

халқымызға  не  керек  –  соны  ескеріп,  сол  жол-

мен жүруіміз керек. Ең дұрыс жол да – осы! Бұл 

қажырлы  еңбек  пен  күнделікті  ыждағаттылықты 

талап етеді, – деді Президент.

Конституциялық  реформа  бес  саладан 

тұратын Ұлт жоспары мен жақында жарияланған 

үшінші  жаңғырумен  қатар  жүзеге  асырылуы 

қажет. Олар бір-біріне жалғасып жатады. Жолда-

уда айтылған жаңа міндеттер заң шығарушы және 

атқарушы  органдарға  айрықша  жауапкершілік 

жүктейді. Жаңа жаһандық жағдайда мемлекеттің 

стратегиялық бағдары өзгермейді. Біздің межеміз 

–  даму  көшінің  басындағы  30  елдің  қатарында 

болу.  Міне,  Елбасының  жыл  басынан  бері 

жариялаған Үндеуі мен Жолдауының мәні осында. 

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Көшбасшысының 

тарихи шешімдердің тұғыры биік екені даусыз.



Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал 

төрағасының бірінші орынбасары.

ТАРИХИ ШЕШІМДЕРДІҢ

ТҰҒЫРЫ БИІК

2017 ЖЫЛДЫҢ БАСЫН-

ДА ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ 

ОҚИҒАЛАР КӨПТЕП ОРЫН 

АЛДЫ. СОНЫҢ БІРІНШІСІ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ-

КАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 

БИЛІК ТАРМАҚТАРЫ АРА-

СЫНДА ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ 

ҚАЙТА БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ЖӨНІНДЕГІ ҮНДЕУІ. ЕЛ-

БАСЫ ҮНДЕУІ ХАЛЫҚТЫҢ 

КӨКЕЙІНДЕГІ ОЙ-

МЕН ҮНДЕСТІК ТАП-

ТЫ. ЯҒНИ, ДЕР КЕЗІНДЕ 

ЖАРИЯЛАНҒАН ТАРИ-

ХИ ШЕШІМ БОЛДЫ. 

АРАҒА КҮНДЕР САЛЫП 

ҚАЗАҚСТАНДЫ ҮШІНШІ 

ЖАҢҒЫРТУҒА БАСТАЙТЫН 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ 

ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ 

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» 

АТТЫ ЖОЛДАУЫН ЖА-

РИЯЛАДЫ. ОДАН КЕЙІН 

ҚОС ПАЛАТАНЫҢ 

БIРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫН-

ДА КОНСТИТУЦИЯҒА 

ӨЗГЕРIСТЕР МЕН 

ТОЛЫҚТЫРУЛАР 

ЕНГIЗУ ТУРАЛЫ ШЕШIМ 

ҚАБЫЛДАНДЫ. ТАҒДЫРЛЫ 

СӘТТЕГІ ҮШ ТАРИХИ 

ШЕШІМНІҢ БІР МАҚСАТЫ, 

БІР МҰРАТЫ БАР. ОЛ – 

ҰЛЫ ДАЛАДА «МӘҢГІЛІК 

ЕЛ» ҚҰРУ. БІЗ ОСЫНЫҢ 

МӘНІН ТЕРЕҢІРЕК ЗЕРДЕ-

ЛЕП КӨРДІК.

Мереке  күні  дүниенің  есігін  ашқан 

сәбилерді көріп, олардың аналарын құттықтау 

үшін  «Жастар ресурстық орталығының» бас-

шысы ілесті Нұрбол Бакиров пен аға мейірбеке 

Ақнұр  Асанбекова  аналарды  мерекелерімен 

құттықтап,  дәрігерлер  атынан  гүл  шоқтары 

мен сыйлықтарын табыс етті. 

–  Саламатсыздар  ма?  Мерекелеріңізбен! 

Әрқашан  жүздеріңізден  қуаныш  кетпесін, 

ұл-қыздарыңыздың  бақытын  көруге  жаз-

сын.  Қазақтың  санын  көбейте  берулеріңізге 

тілектеспіз!  –  деген  жастар  орталығының 

жетекшісі ыстық ықыласын білдірді. 

–  Бүгінде  аналардың  жағдайы  жақсы. 

Керекті  дәрі-дәрмек,  ем-домын  қабылдап  жа-

тыр.  Ал,  сәбилердің  дені  сау,  Құдайға  шүкір 

дейік.  Ертеңгі  елдің  тірегіне  айналар  қос  ұл 

мен  ұлттың  айнасына  айналар  кішкентай 

қыздың  жарық  дүние  есігін  ашқанына  біз  де 

қуаныштымыз, – деді Ақнұр Нұртасбекқызы.

Иә,  шуақты  күнде  шараналарға  өмір 

сыйлаған аналардың денсаулығы бірқалыпты. 

Ақнұр Ізбасқан мен Аймара Болат тұңғыш рет 

нәрестелі  болып  отыр  екен.  Қос  ананың  да 

өздерінің айтары бар.

– Әрине, қуаныштымын. Осындай күні ана 

атанып отырмын. Бұл сәби менің  үшінші ба-

лам.  Ең  алдымен,  Жаратқанға  шүкіршілік 

етемін  және  ақ  халатты  абзал  жандарға 

алғысым 


шексіз. 

Жұмыстарына 

жеміс, 

шаңырақтарына береке тілеймін, – деген Ди-



нара Даниярованың қуанышында шек жоқ. 

Айта  кету  керек,  осынау  мерекеде 

Тәуелсіздік алғаннан бергі ауданда 89 нәресте 

мереке  күні  дүниеге  келген.  Ең  қызығы  осы 

мерекеде  дүние  есігін  ашқан  нәрестелердің 

көбі  ер  бала  екен.  Енді  тағы  екі  ұл  олардың 

қатарын  толықтырды.  Иә,  қазақ  қашанда 

қызды  ұлттың  ұйытқысы,  елдің  данасы  деп 

бағаласа,  ұлға  ертеңгі  елдің  тұтқасы  деп 

көзінің  қарашығындай  қарады.  Сондықтан, 

бүгінгі сәби келешек ер азамат.

Жалпы, қазақ халқы баланы өмірінің мәні 

санаған.  Иманды  ұл,  ибалы  қыз  тәрбиелеуді 

міндетіне жатқызып, қазына толы байлығымен 

емес,  өмірін  жалғар  ұрпағының  көптігімен 

мақтанған.  Әсіресе  ұл  баланы  ерекше 

бағалаған. Өмірге ұл келсе «атқа мінер туыл-

ды»  деп  сүйіншілеп,  «ұл  туғанға  күн  туған» 

деп  ұлдың  беделін  асқақтата  түскен.  Әрине, 

болашақта ана болып, өріс кеңейтер қызды да 

қадірлеген,  алақанына  салып,  аялаған.  «Қыз 

туылса  –  өрісім  кеңейді»,  –  деп  қуанатын  да 

болған.

Қорыта айтқанда, аз ғана қазақ халқының 



санын  көбейтіп,  ел  демографиясының  өсуін 

алға жылжытуға үлес қосар болашақ келіндер, 

бүгін аналардың еңбегі зор.

Шуақты 


күндегі

ШАРАНАЛАР

Аудан 


басшысы 

кездесуге 

келген 

қыз-


келіншектер  мен  аналардың  әрқайсысымен  аманда-

сып, қарапайымдылық, кішіпейілділік танытты.

– Қымбатты аналар! Қазақ халқы ананы қашанда 

құрметтеп, жоғары бағалаған. Тарихта ел басқарған 

аналар,  жау  шапқанда  атқа  қонған  әйелдер  аз 

болмаған. Аналар – ұлттың қалқаны, ұлттың сақтаушы 

қуаты. Сондықтан, қызды қырық үйден тыйып, «Қыз 

тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» деп қараған. 

Мемлекет басшысының басшылығымен «Мәңгілік 

Елге»  бағыт  алдық.  Осы  жолды  баянды  етуде 

аналардың жүгі ауыр болмақ. Ендеше, анаға жағдай 

жасау басты міндеттің бірі. Міне, Елбасының Жолдау-

ларынан осындай міндеттер туындайды. Біз оны сапа-

лы орындап, аналарға мейлінше жағдай жасауға ты-

рысудамыз, – деді Ғалым Махмұтбайұлы. 

Аудан басшысы әйелдер қауымының Қазақстанның 

дамуында  сүбелі  үлес  қосып  келе  жатқанын  тілге 

тиек етті. Бүгінде нәзік жандылар ел экономикасының 

барлық саласында, мемлекеттік қызмет етуде. Яғни, 

мемлекеттік қызмет, жеке кәсіпкерлік, білім беру мен 

денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етуде. 

Жиында  сөз  алған  аудандық  әйелдер  кеңесінің 

төрайымының орынбасары Қатира Қасқабаева:

–  Көрсетіп  жатқан  қамқорлығыңызға  алғысым 

шексіз. 

...Жаңақорғанның  топырағына  кие  қонған.  Бұл 

жердің  аналары  мен  қыз-келіншектері  де  ұлттық 

құндылықты  бойына  сіңірген,  рухы  асқақ,  білімді, 

білікті  екенін  сәт  сайын  дәлелдеп  келеді.  Елдің 

гүлденуіне  шама-шарқынша  үлес  қосып,  ұрпақ 

тәрбиесіне мән беруде. Мұндай аналық пейілдің аста-

рында жасампаз ұлттылықтың қасиетін аңғаруға бо-

лады, – деді.

Жиын  барысында  аудан  әкімі  қолөнершілер 

орталығының шеберлері әзірлеген кәде-сый мен гүл 

шоқтарын ұсынып, ілтипат көрсетті. 

Кездесуге  келген  Шалқия  кентінің  тұрғыны, 

көп  балалы  ана  Гүлсім  Садыкова  өз  ризашылығын 

шеткізіп:  «Аудан  әкімі  халықаралық  әйелдер  мей-

рамында  қабылдап,  жылы  шырай  танытып,  сыйлық 

тарту  еткені  маған  қатты  әсер  етті.  Аналар  мен 

қыз-келіншектерді  сыйлатын  азаматтар  көп  болса, 

елдіктің рухы өшпейді деп ойлаймын», деді.

Өзгент  ауылдық  округіндегі  №16  «Жадыра» 

бала  бақшасының  меңгерушісі  Нұрбану  Мамбетова 

мұндай  кездесудің  адамға  жақсы  көңіл-күй  сыйлап 

қана  қоймай,  жұмыста  жауапкершілігін  арттырып, 

адамның мерейін тасытатынын жеткізді.

Кездесуден  кейін  аудандық  мәдениет  және 

тілдерді  дамыту  бөлімінің  ұйымдастырумен  өткен 

салтанатты  кешпен  жалғасын  тапты.  Онда  аудан 

өнерпаздары әннен шашу шашып, нәзік жандыларға 

мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ШУАҚТЫ 

КӨКТЕМНІҢ 

КҮЛІМДЕГЕН 

КҮНІМЕН БІРГЕ 

КЕЛГЕН АРУ-

ЛАР МЕРЕКЕСІНЕ 

ОРАЙ, АУДАН ӘКІМІ 

ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ 

НӘЗІК ЖАНДАР-

МЕН ЖҮЗДЕСІП, ТӨЛ 

МЕРЕКЕЛЕРІМЕН 

ҚҰТТЫҚТАДЫ. КЕЗ-

ДЕСУГЕ ӘРБІР 

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ 

ЖӘНЕ КЕНТТІҢ 

АРДАҚТЫ АНАЛАРЫ 

ШАҚЫРЫЛЫПТЫ.

АНА – АРДАҚТЫ ЕСІМ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер 

мерекесі күні аудандық перзентхана-

да үш бірдей сәби дүние есігін ашты. 

Үш шаңырақты шаттыққа бөлеген 

сәбилердің іңгәлаған дауысы қуанышты 

еселей түсті. Көктемнің шуақты күнінде 

маңдайы торсықтай екі ұл мен бір нәзік 

жандыны өмірге алып келген жас ана-

ларды құттықтап, қуаныштарына 

ортақтасуға ауруханаға ат басын 

бұрдық. 

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.   

ҚОҒАМДАҒЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ИГІЛІКТІ 

ІЛКІМДІ ІСТЕР ӨҢІР ҮШІН ӨЗЕКТІ. 

БҮГІНГІ ӨРКЕНИЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУ-

ДАН ӨМІРІНДЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН 

ЖАҢАШЫЛ ІЗДЕНІСТЕР МЕН БАЙЫП-

ТЫ БАСТАМАЛАР ЖЕТЕРЛІК. СОНЫҢ БІР 

АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ, ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ 

ЕСЕБІНЕН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ РЕ-

СПУБЛИКАДА ТҰҢҒЫШ БОЛЫП 255 МЛН. 

ТЕҢГЕГЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКА-

ЛАРЫН АЛЫП, ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ 

ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАҒАЛЫ ОТЫР. 

ҚАЗІРГІ ТАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП 

АЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА САЙ ТИІСТІ 

ЖҰМЫСТАРЫ БІТУГЕ ТАЯУ. 



Әбдісамат ӘБДІШ.   

ҰБТ:

жаңа формат

жаңа сапаға

СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ОҚУШЫ БІЛІМІН 

ӘДІЛ БАҒАЛАУДА ҚЫЛАҢ БЕР-

ГЕН ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ ЖИІ СЫНҒА 

АЛЫНЫП, ҚОҒАМДА БІРАЗ 

КЕРЕҒАР КӨЗҚАРАС ТУЫНДАТҚАН 

ҰБТ-НЫҢ МЕХАНИЗМІН ТҮП-

ТҮГЕЛ ҚАЙТА ҚАРАП, ЖАҢА 

МАЗМҰНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ӨМІР ТАЛАБЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ 

ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕКІТІЛГЕН 

ҰБТ-НЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТУ-

РАЛЫ ОҚЫРМАНҒА КЕҢІРЕК 

КЕҢЕС БЕРУ МАҚСАТЫНДА ТЕСТ 

ОРТАЛЫҒЫНЫҢ №118 ФИ-

ЛИАЛ ЖЕТЕКШІСІ МАҚСАТ 

СӘРСЕНБАЙМЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕН 

ЕДІК. 


БАҒЫТТАЛҒАН

Баян ҮСЕЙІНОВА.   

(Жалғасы 4-бетте)

«Біз бүгін мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге 

асатын  сәтіне  куә  боламыз.  Мен  Конституцияға  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы  заңға  жария  түрде  қол  қойғалы 

тұрмын», деді мемлекет басшысы Конституциялық өзгерістерге 

қол қою барысында.

Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды 

қадам.

Заң  билік  тармақтары  арасындағы  қарым-қатынасты 



конституциялық  деңгейде  теңгерімді  етуге  бағытталған.  Оның 

жобасы  бір  ай  бойы  қызу  қоғамдық  талқылаудан  өткенін 

білесіздер. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан 

астам ұсыныс келіп түсті.

Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстардың барлығын 

сараптап қарап, бір тұжырымға келді.

Біз көпшіліктің Ата заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі 

ұсынысқа  қатысты  пікіріне  ерекше  мән  бердік.  Ұсыныстардың 

бәрі  мұқият  қаралған  соң  мен  түпкілікті  жобаны  Парламент 

қарауына енгіздім.

Парламенттің  бірлескен  отырысында  екі  рет  қаралып, 

қабылданған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді 

қайта  бөледі.  Сол  арқылы  заң  шығарушы  билік  пен  Үкіметтің 

мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады.

Біз  өкілді  органның  құзырын  кеңейтіп,  Үкіметтің  дербестігі 

мен жауапкершілігін арттырдық.

Мен  қоғамдық  талқылауға  белсене  атсалысқан  ел 

азаматтарының  бәріне  шынайы  ризашылығымды  білдіремін. 

Сондай-ақ,  жұмыс  тобына  зор  алғыс  айтамын.  Жұмыс  тобына 

мемлекеттік  қызметшілер,  Парламент  депутаттары,  заңгерлер, 

университеттер  басшылары  қатысты.  Парламент  депутатта-

ры  көп  ұсыныс  енгізіп,  нақты  жұмыс  істеді.  Барлық  шаралар 

үшін рахмет айтамын. Заңмен жұмыс жүргізіп, маңызды міндет 

атқарған  Парламент  депутаттарына  да  көп  рахмет.  Осылайша, 

Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті.

Конституциядан  кейін  қолданыстағы  заңдарға  өзгерістер 

енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Енгізілген  заңды  мен  Конституцияның  талабы  бойынша 

Конституциялық  кеңеске  жіберіп,  бұл  заңның  Конституцияға 

және  Қазақстанның  заңдарына  сай  екені  жөнінде  тағы  да 

дәлелдеме алдым», – деді Елбасы.

Енді заңға қол қойып, іске асыруға болады.



АТА ЗАҢҒА 

ӨЗГЕРІСТЕР –

КЕЛЕШЕКТІҢ 

КЕМЕЛ КІЛТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР 

ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ 

АҚОРДАНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ХАБАРЛАЙДЫ.

(Жалғасы 3-бетте)

ПАЙЫМ МЕН ПІКІР

МАҚСАТЫ 


АЙҚЫН

МАҢЫЗДЫ 

МӘМІЛЕНІҢ 

ҚҰПТАРЛЫҚ ҚАДАМ

Бұған дейін Елбасы Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы 

жүзеге  асырылатын  саяси  реформалардың  басты  факторла-

ры  мен  аспектілерін  атап  көрсеткен  болатын.  Онда  Ата  заңға 

енгізілетін  түзетулер  жобасын  әзірлеуде  және  талқылауда 

ашықтық  пен  жариялылық  басты  көрініс  тапқанын  мәлімдеген 

болатын.  Міне,  күні  кеше  Мемлекет  басшысы  «ҚР  Конституци-

ясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол 

қойды.  Шын  мәнінде  бұл  тарихи  шешім.  Бұл  –  бүгінгі  басқару 

жүейсін  жаңғыртуға  бастайтын  байыпты  бастама  деп  білемін. 

Мұның бәрі  

жаһандық  және  өңірлік  сын-ақтерлерге 

уақытылы  жауап  беріп,  алдын  алу  үшін  жасалуда.  Тари-

хи  шешімнің  ел  дамуындағы  орны  айрықша.  Себебі,  Ата  заңға 

енгізілген  өзгерістер  өркениетті  елдердің  көшінен  қалмауға 

кепіл.  Конституцияға  енгізілген  өзгерістер  ел  дамуындағы  са-

яси  мәні  бар  маңызды  шешім.  Ендігі  кезекте  Парламенттің 

мемлекеттік істердегі, оның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлін 

айтарлықтай күшейтеді. Оған қоса, Үкіметтің дербестігі артып, 

оған экономиканы тікелей басқару жөніндегі құзіреті кеңейеді.

                                     Тәжен ЕРЖАНОВ, I-дәрежелі заңгер.


Бүгінгі  таңда  тағдырдың  жа-

зуымен  түрлі  кезеңде  Қазақ 

елінің қоныс тапқан сандаған ұлт 

өкілдері  ынтымағы  мен  бірлігі 

жарасып,  бір  атаның  баласын-

дай, бір қолдың саласындай тату 

ғұмыр кешуде. Ұлы Дала елін ме-

кен  еткен  ұлт  пен  ұлыстың  ай-

рандай  ұйыған  татулығын  паш 

ету  мақсатында  және  қоғамдық 

келісімді одан әрі жандандыруға 

бағытталған шара №110 мектеп-

лицейінде өткізілді. Директордың 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбаса-

ры  Серік  Абдуллаевтың  ұйытқы 

болуымен 

ұйымдастырылған 

дөңгелек  үстелді  пән  мұғалімі 

Ақерке 

Шайыхова 



жүргізді. 

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» 

атты  тақырыпты  арқау  ет-

кен  тәлімді  шарада  аудандық 

қоғамдық  келісім  комиссияның 

төрайымы  Күлан  Әбілтанова, 

«Жастар  ресурстық  орталығы» 

директоры  Нұрбол  Бакиров, 

«Қоғамдық  келісім  орталығы» 

аудандық  эксперті  Асхат  Илья-

сов,  ассамблея  аясында  өзіндік 

ой  пікірлерін  ортаға  салды. 

«Қоғамның  тұтастығы  қай  кез-

де  де  ішкі  татулық  пен  бере-

кеден  бастау  алған.  Ынтымағы 

жарасып,  түрлі  ұлыстың  басын 

қосқан  қастерлі  қазақ  топырағы 

бейбітшіліктің  қара  шаңырағына 

айналды. Осы тұста барша қазақ 

жұртына  алғысымды  айтқым 

келеді. 

Кешегі 


қиын-қыстау 

кезеңде  ішкен  асымен  бөлісіп, 

қонақжайлық құдіретін паш етті» 

– деді түркі ұлтының өкілі Алихан 

Ахмедов. 

Өз 


кезегінде 

ли-


цей 

оқушыларыда 

пайым-

ды  пікірлерін  өрбітіп,  татулық 



тұрғысындағы  түсініктерін  тілге 

тиек  етті.  Ұлтаралық  татулықты 

дәріптеген  дөңгелек  үстелді 

білім  ордасының  директоры 

Әділмырза  Таждинов  түйіндеп, 

ел 


бірлігі 

қашанда 


асыл 

құндылық екендігін жеткізді.



Ақерке ӘБДІХАНҚЫЗЫ.

БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ 

ОЗАДЫ

11 наурыз, 

2017 жыл

2

–  Бесінші  сынып  оқып  жүрген  кезімнен  ба-

стап  техникаға  құмарлық  артты.  Себебі,  әкем  көлік 

жөндейтін, соған қарап ойымда әр түрлі қиялдардың 

ұшқыны  байқалды.  Кейіннен  аудандық  балалармен 

мәдени-тәрбиелік  жұмыстар  орталығына  келіп,  тәлім 

ала  бастадым.  Осындай  қызығушылық  сыныптасым 

Рамазанда  да  болды.  Ол  күн,  жел  мен  судан  электр 

энергиясын  өндіруді  мақсат  тұтса,  менің  арманым 

көлік құрастырып шығару, – дейді Сәулет Ғаппарұлы. 

Қос  өнертапқыш  бүгінде  жаппай  ізденіс  үстінде 

жүр. Бірі мектеп қабырғасында жүрсе, енді бірі агро-

техникалық  колледжде  тәлім  алып  келеді.  Қазір 

Сәулет  «Жас  техник»  үйірмесінде  өз  қиялындағы  ту-

ындыны  жасап,  көпшілікке  ұсынып  жатыр.  Абай  Би-

машов жетекшілік ететін үйірмеде белсенді қатысқан 

өнертапқыш  пультпен  басқарылатын  жеңіл  көлікті 

құрастырып шығады. Кейіннен егінге қолайлы, әрі ди-

зель отынын қажет етпейтін тракторды ойлап, бүгінде 

ұстаздарымен ақылдасып оны жүзеге асыруды ойлап 

жүр.  Яғни,  күнмен  жүретін  көлік  науқандық  кезеңде 

таптырмайтын құрал болмақ. 

– Жалпы, мектеп кезінде физика пәнін терең түсініп, 

математика заңдылықтарын дұрыс қолдана білу үлкен 

шеберлікті қажет етеді. Бүгінде баламалы электр энер-

гиясын  алудың  тиімді  жолдарын  қарастырып  жатыр-

мын. Ең бастысы жатпай-тұрмай ізденіс үстінде жүру 

керек.  Уақытты  босқа  өткізуге  мүлдем  болмайды. 

К о л л е д ж д е г і 

ұстазым  Ғазиз 

Бакирдинов  та 

ақыл  кеңесін  айтып  отырады,  –  дейді  талапшыл  та-

лант иесі.

Жас өнертапқыш «ЕХРО 2017» көрмесіне қатыссам 

деген ниеті бар екенін де жасырмады. Осыған сай «су 

бұрқақ»  құрастырып  үлгеріпті.  Былайша  айтқанда 

табиғат бейнесін суреттейтін әсем туындыны 5-6 күнде 

құрастырып  шығарыпты.  Керамзит  тастары,  темір 

мен  тоқ  көзін  қажет  ететін  ерекше  туындыны  тіпті 

тұрмыстық зат ретінде қолдана беруге болады. 

Күнделікті  ізденуінің  арқасында  Сәулет  Аман 

бірнеше сайыстарға қатысып үлгерді. Мәселен, жуыр-

да облыс орталығында «Ехро 2017» көрмесіне байла-

нысты өткен сында жүлдеге ілінді. 

–  Иә,  бүгінде  жас  өнертапқыштар  саны  артып 

келеді.  Сәулеттің  күн  мен  суды  тиімді  жүзеге  асыру 

мақсаты  көпшілікті  таң  қалдырғаны  жасырын  емес. 

Енді  тек  іздену  керек.  Талантын  шыңдай  түсу  керек, 

талмай еңбек етуге міндетті, – деді орталық директо-

ры Балжан Синаева.

Директордың сөзіне қарағанда егер биыл қаржысы 

шешіліп жатса, онда «робота техника» үйірмесі биыл 

ашылмақ.  Оған  арнайы  оқып  келген  жас  мамандар 

бар.  Мәселен,  Дастан  Кадиров  облыс  орталығында 

білімін шыңдап келіпті.  

Қорыта айтқанда, Ілияс Жансүгіров: «Жас мұраты, 

білім,  тәлім  –  талабы,  өнер,  оқу  –  жастықтың  қару 

жарағы»  деп  тектен-текке  айтпаса  керек-ті.  Себебі, 

ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің ұштасқан алтын дәуірі. 

Осындай  алтын  ғасырда  бәсекеге  қабілетті  ел  болу 

жолында Сәулет секілді жас буынның елге берері мол.

ЖАРҚЫН ЖОБАСЫ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет