МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
1.1 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы
1.2 Бейнелеу өнерінің саласы көрініс (пейзаж) жанрының ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер
Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Кіріспе
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған. Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
I Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы. Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғыата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойыншасуретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріпотырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндемежасап дами берді. Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзішалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойыол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудіңтаңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдарышексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың байүндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіпотырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика,қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешуүшін берілген. Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқанәдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін жәнеағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілерқиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгіқайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды,мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанғанкөк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп береалады. Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батылда нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады –міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзгешалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң ғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан - дүниесін ашып берген. Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада - ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді. Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі - А.Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады. Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған,біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрімейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен,темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздапбоялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар. Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме.Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардыңқабырғаларынан көреміз. Мұлдай кескіндеме арнайы техникада әк суынаараластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз- ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейнетүрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай -ақ жарықтанатын кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі -түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж). Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруғакөшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық. Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулартуралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеуліде шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш-қуатымен өркен жаяды. Түс - кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдікқүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түсқұрайды. Бірақ кескіндемедегі түс деп нені түсеміз. Бәлкім, бізгетәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес,басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме - біздің қайсы бір заттартуралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкессуретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда бізқабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу. Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз.Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа иядеп те, жоқ деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменіңшығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызылдерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егеркартинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жайақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған - қызғылт,алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:В. Суриковтың Бояр әйел Морозова атты картинасында қардың суреті қалайсалынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер. Егер заттардың дәл өзіндей түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік санқұбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыстабылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетінбояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес.
1.2 Бейнелеу өнерінің саласы көрініс (пейзаж) жанрының ерекшеліктері
Суретшіге қолына қылқаламұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуіүшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс та дәлме – дәл түс ретінденанымды қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет. Сөйтіп суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысынзерттейді. Ол қайсыбір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша сәйкескелмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояуларды пайдалануымүмкін. Бірақ ол осы бояулардың картинаның ішіндегі барлық түстік дақтарзаттың өзіндегідей бір -бірімен ара қатынаста болатындай етіп алады. Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік кескіндеменің негізіне жатады. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі сабақтас түстің пайда болуынажарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше боялғанзаттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарықжағдайында, мысалыға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстерөзінің қанықтылығын жоғалтады, ағарып түссізденеді. Бұлтты күндері немесекөлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздіңкөзіміз түстік алмасулармен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ. Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді. Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады. Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек. Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетануталпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпыламаұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды.Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтыңөнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртыподан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осығанорай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңілбөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнеріноқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамығанбелсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізіндеэстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегенімізоқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетінқабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқытужалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесіндемемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсетумаңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауындабілім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған. Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашандаөз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығызбайланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңақырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретінЖаратылыс адамы теориясын қалыптастырды. Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің дамубелсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениетөрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арадатек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отырукерек - ақ. Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық,логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезімәсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруғаболады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады.Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып,көркем ойға айналып кетеді. Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емесадамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатынайқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей,мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғитіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білуқұдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді.Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік танымтақырыбына айналады. Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктентуған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулықбедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем жан-сарайыжалынында жарқыратып жеткізе білмек. Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылықабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік,сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады.Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген,рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да,азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнертуындысы дейтініміз осы.
Қорытынды
Пленэр практикасы-оқу біз үшін ерекше кезең, суретшінің ой-өрісін кеңейту, олардың жалпы мәдени құзыреттілігін дамыту үшін барынша қолайлы кезең екен. Осы дамушы факторларды анықтау оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Пленэр бізді болашақ мамандарды ретінде даярлау бойынша оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады екен. Табиғат объектілерін зерттеу негізінде оқу практикасының тапсырмаларын орындау көркемдік талғамның дамуына және кәсіби шеберліктің өсуіне әкеледі. Біз жалпы тоналды және түс күйін ескере отырып, табиғатты тұтас қабылдауы керек және этюдтерде қарым-қатынас әдісімен жұмыс жасау әдісін қолымыздан келгенше қолдандық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тарақты Аселеу «Көшпенділер тарихы» Алматы «Атамұра Қазақстан» 1995ж.
2. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
3. Ә.Қастеев. Альбом. Алматы. 1978ж.
4. Ө. Жәнібеков. Қазақ қолөнерінің мәдениеті. Алматы. 1977ж.
5. Е. Жиенбаев зергерлік өнерінің әліппесі. Шымкент. 1994ж.
6. Б. Зауырбекова. Альбом. 1990ж.
7. Қазақ ССР Қысқаша Энциклопедиясы 4-том Алматы. 1993ж.
8. Ә. Мағұлан. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері 1-2 том Алматы, Өнер 1987ж.
9. С. Төленбаев. Ою салуға үйрене біл Алматы. 1993ж.
10.Е. Зарисовик. Казахский народный орнамент М. 1969ж.
11.Казахская национальная одежда. А. Жалын. 1976ж.
12.Н. Қастеев. Альбом. 1976ж.
13.С. Қасиманов Қазақтың сәндік қолданбалы өнері. А. Өнер 1966ж.
14. А.Х. Маргулан Древняя культура Центрального Казахстана. Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |