Сырдария жєне Жетісу облыстарыныњ Ќазаќстанѓа ќосылуы



бет17/18
Дата13.10.2022
өлшемі499,5 Kb.
#42958
түріРеферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қорытынды

Қазақ жерінің бірігуі Орталық Азияны 1924 жылы РК(б)П Орталық, Комитетінің басшылығымен ұлттық мемлекеттік межелеуге байланысты аяқталды. Сырдария және Жетісу облыстары Қазақстанның құрамына түпкілікті кірді.


1924 жылы межелеу нәтижесінде Орта Азияның саяси-географиялық картасы түбірімен өзгерді. Түркістан республикасы, Бұқар Халықтық Социалистік Республикасы, Хорезм Халықтық Социалистік Республикасы сияқты мемлекеттік құрылымдар таратылып, тарих сахнасынан мәңгілікке кетті. Бұлар патшалық Ресей заманындағы әкімшілік-аумақтық құрылымнан мұраға қалған көп ұлтты мемлекеттер еді.
Олардың орнына Өзбек КСР-ы, Түркімен КСР-ы, Тәжік АКСР-ы (Өзбекстан құрамында), Қырғыз автономиялы облысы (РКФСР құрамында) және Қарақалпақ автономиялы облысы (Қазақстан құрамында) құрылды. Бұл мемлекеттік кұрылымдар ұлттық белгісіне қарай құрылып, ұлттық республикалар және облыстар деп аталды.
Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу деп аталған осы тарихи процесте ТүркАКСР-ы құрамындағы Жетісу және Сырдария облысының қазақтар мекендеген аумақтары Қазақ АКСР-ы құрамына өтті. Сырдария облысының өзбектер басым бөліктері Өзбек КСР-на өтті, Жетісу облысының қырғыздар басым бөлігі Қырғыз автономиялы облысына берілді.Осылай Қазақстан аумақтарының және қазақ халқының тұтастығы қайта қалпына келді. Қазақ жерін өзіне қайтару оңайлықпен шешілген жоқ. Мысалы Жетісу және Сырдария облыстарының Қазақстанға өтер кездегі талас-тартыстар мен дау-дамайлар, күрес барысы ерекше зерттеуді қажет етеді. Себебі қазақ жерлері өзінен-өзі қайтарыла салынған жоқ. Осы жолда көптеген қазақ қайраткерлерінің тері төгілді. Бұл мәселе құқықтық тұрғыдан ғылыми әдебиеттерде мүлдем сөз болмады десе де болады. Мысалы 1924-1925 жылдары Түркістан республикасынан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі Қазақ Революциялық комитетінің атқарған қызметі түгілі аты да тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде осы уақытқа дейін аталынбай келеді. Бұл орган сол кезеңде аса маңызды тарихи-құқықтық іс-шараларды жүзеге асырып, қазақ жерлері мен қазақ халқын тұтастандыруда бірден-бір рөл атқарған мекеме.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жас, жері кең және байлығы мол мемлекетке сырттан көз алартушылар аз болған жоқ. Сонымен қатар, аймақтағы геосаяси жағдайдың өзгеруі және географиялық жағынан екі алып державалардың ортасында орналасуы оның аяғынан тұрып кету жолында үлкен қауіп-қатерлермен байланысты болды. Ал ұлы, қуатты мемлекеттермен территориялық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үлкен көрегендікпен қоса, салиқалы саясатты қажет етті. Бұл ретте Елбасының бастауымен Кеңес Одағынан мұраға қалған Қытаймен шекарадағы екі учаскеге байланысты келіс сөздер оңынан шешіліп, қазақ-қытай шекарасындағы даулы учаскелерге қатысты мәселені түбегейлі айқындап алғанымыз біздің ерекше табысымыз деп айта аламыз.
Орталық Азиядағы бауырлас елдермен арадағы мемлекеттік шекарамыз толықтай біздің мақсат мүддемізге сай шешілді деуімізге негіз бар. Қырғызстан мен Түрікменстан республикалары тәуелсіздікке қол жеткізісімен Қазақстанға территориялық наразылықтарының жоқ екендігін жариялап, мемлекеттер арасындағы шекараны анықтау барысы ешбір кедергісіз аяқталды. Соған қарамастан, аймақтағы өзгеріп отырған геосаяси жағдайды ескеріп, арадағы шекараны демокрациялау мәселесін жылдамдатып, республикалар арасындағы шекаралық тәртіпті бір қалыпқа келтірген жөн. Бұл республика мен аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуде және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атқарылатын күрделі де, маңызды шаралардың бірі.
Кеңес Одағының «шаруашылықты оңтайландыру» жолында республикалардың жерін бір-біріне үлестіруі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында біраз қарама-қайшылықтар тудырғаны көпшілікке мәлім. Орталық Азия геосаяси аймағында жетекші мемлекет рөлін қолға алу және Қазақстанның тамырын басып, тексеріп көру мақсатында Өзбекстан шекараға қатысты батыл қадамдар жасап, оны біржақты анықтауға бел буып, 2000 жылдың басында біраз әрекеттерге барғаны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет