(1 сурет) Суретте Қазақстанның 2015-2020 жылдар аралығындағы ЖІӨ көлемі және оның пайыздық өсімі көрсетілген. Байқап отырғанымыздай, 2015 жылдары ЖІӨ көлемінің қарқынды өзгерісі байқалғаны көрінеді. ЖІӨ көлемі 184,36 млрд. АҚШ долларына жетіп, 2016 жылы күрт төмендеп 137,28 млрд. АҚШ долларын құрап, 25,54%-ға төмендеген. Дегенмен 2015 жылдан бастап ЖІӨ көлемі бірден төмендеу қарқынын көрсеткен. Қазақстан әлемдік нарықта ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің бірі болып табылады. Осы себепті Қазақстандағы экономикалық өсім ең алдымен мұнай бағасының төмендеу әсерінен орын алса, екінші жағынан сыртқы жағымсыз экономикалық әсерлерден, оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялық ағымның төмендеуі және көрші Ресей елінің арзан импорттық тауарлары әсерінен орын алған. Берілген мәліметтер негізінде 2016-2019 жылдар арасында бір қалыпты өсім байқалып, ал 2020 жылы қайта төмендеу көрініп отыр.
2015-2020 жылдар аралығындағы макроэкономикалық көрсеткіштер серпіні зерттеу кезеңінде берілген көрсеткіштер аясында көтерілудің ең жоғарғы екі шыңы 2018 және 2019 жылдары болған. Үш бірдей көрсеткіште 2020 жылы төмендеу қарқынын көрсетіп отыр. Бұған қазіргі таңда жаһандық экономикадағы орын алған келеңсіздіктер, оның ішінде COVID-19 пандемиясының ортаға шығуы, өндірістік тоқыраулар және карантиндік шектеулер елеулі әсер еткен.
COVID-19 дағдарысымен байланысты белгісіздік бүкіл әлемдегі экономикаға теріс әсер етті және инвестициялық белсенділіктің күрт төмендеуіне әкелді. ЮНКТАД-тың 2021 жылғы Әлемдік инвестициялар туралы баяндамасына сәйкес, 2019 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындары 35%-ға, 1,5 трлн АҚШ долларынан 1 трлн. АҚШ долларына дейін қысқарған.
Қазақстан экономикасы соңғы 10 жыл ішінде орта есеппен жылына 22–24 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция көлемінде тартып отырған. Алайда осы кезең ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың көлемінің қысқаруына әкелген жағдайларды болғаны белгілі. Мысалы (2 сурет) 2015 жылы Қазақстан экономика- сына тартылған тікелей шетелдік инвес- тициялардың елдегі дағдарыстың себебінен 15,4 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеген. Дегенмен 2016–2019 жылдар аралығында тікелей шетелдік инвестициялар ағыны қайта қарқын алып, жоғары тенденцияларды байқатқан. Соңғы 2020 жылы жаһандық пандемияның күшеюі және мұнай бағасының төмендеуі ел экономикасына, соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың қозға- лыс серпініне тағыда өзінің теріс әсерін тигіз- ді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, өткен жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 2019 жылмен салыстырғанда 30%-ға қысқарған және 17,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ұлттық экономиканың тұрақты дамуы үшін маңызды макроэкономикалық көрсет- кіштерінің бірі экспорт, импорт және сыртқы сауда айналымы болып табылады. Эконо- микалық өсуді қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін елдегі экспорттық әлеуетті арттыра отырып, сыртқы сауда балансын қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі таңда тауарлар мен қызметтердің экспорты ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесін және тәуелсіздігін анықтайтын көрсеткіш ретінде қалыптасқан. Кез келген мемлекет халық- аралық нарықтарда экспорттық операциялар- ды жүзеге асыру арқылы өзінің мүмкіндік- терін көрсетіп, сол арқылы өзін ұзақ мерзімді экономикалық сауда-айналымда қарым- қатынас орнатуға болатын сенімді серіктес ретінде дәлелдей отырып, өзінің мүмкіндік- терін көрсете алады. Бүгінде Қазақстан сауда- айналымында қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымын талдау барысында