Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады.
Өкпеде негізінен үш түрлі үрдіс өтеді:
Олардағы ауадан қылтамырлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта қаннан шығарылатын ауаға жайылып тарауы (газдардың диффузиясы)
Атмосфералық ауа мен өкпе уяшықтарындағы ауаның алмасуы (өкпенің желдетілуі немесе вентиляциясы)
Өкпе қылтамырлары арқылы қанның айналымы (өкпе перфузиясы)
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі– деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериялық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің себептері:
Тыныс алу реттелуінің бұзылыстары;
Мидағы тыныс орталығының (тыныштандыратын дәрілік заттар, есірткілердің әсерінен) тежелуі.
Тыныс орталығының құрылымдық (ми жарақаты, ми өспесі) өзгерістері.
Тыныс орталығына бағытталатын серпіндер түсуінің бұзылыстары.
2. Тыныс алу бұлшықеттеріне жүйкелік серпіндер тарауының бұзылыстарынан немесе тыныстық бұлшықеттердің өздерінің бүліністерінен: