Сыртқы тыныс патофизиологиясы


Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенездік жолдары



бет2/4
Дата30.09.2024
өлшемі0,54 Mb.
#146253
1   2   3   4
Байланысты:
Тыныс алу

Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенездік жолдары:
Өкпе уяшықтарының желдетілуі (вентиляциясы) бұзылыстарынан
Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан
Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан
Олардың біріккен бұзылыстарынан
Өкпе уяшықтарының желдетілуі (вентиляциясы) бұзылыстары
Гипервентиляция
Гиповентиляция
Өкпенің гипервентиляциясы деп сыртқы дем алатын ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауа алмасуының көбеюін айтады. Бұл кезде тыныстық ауаның минуттық көлемі мен өкпенің тіршілік сыйымдылығы көбейеді.
Физиологиялық гипервентиляция кезінде ол оттегіге деген организмнің көтеріңкі мұқтаждығын аластауға бағытталады және оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.
Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО² газын сыртқа шығару қажеттігіне байланысты болмайды. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде , миға қан құйылғанда, гипоксемия, артериялық қысымының төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуынан дамиды.
Ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалоз дамуына әкеледі, оның әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.
Өкпенің гиповентиляциясы деп өкпеде ауа алмасуының азаюын айтады. Ол мына жағдайларда байқалады:
  • Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері кездерінде;
  • Тыныс алуды реттейтін жүйкелердің жарақаттануы, қабынуы т.б кездерінде;
  • Қабырға аралық жүйкелердің, өкпеқаптың қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімінде;
  • Жұлында өспе дамығанда немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің жүйкеленуі бұзылыстарында;
  • Мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо -, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелгенінде.

Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай:
  • Обструкциялық
  • Рестрикциялық
  • Араласқан гиповентиляция



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет