Сыртқы тыныс патофизиологиясы



бет1/4
Дата30.09.2024
өлшемі0,54 Mb.
#146253
  1   2   3   4
Байланысты:
Тыныс алу

Сыртқы тыныс патофизиологиясы


Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады.
Өкпеде негізінен үш түрлі үрдіс өтеді:
Олардағы ауадан қылтамырлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта қаннан шығарылатын ауаға жайылып тарауы (газдардың диффузиясы)
Атмосфералық ауа мен өкпе уяшықтарындағы ауаның алмасуы (өкпенің желдетілуі немесе вентиляциясы)
Өкпе қылтамырлары арқылы қанның айналымы (өкпе перфузиясы)
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериялық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің себептері:
  • Тыныс алу реттелуінің бұзылыстары;
  • Мидағы тыныс орталығының (тыныштандыратын дәрілік заттар, есірткілердің әсерінен) тежелуі.
  • Тыныс орталығының құрылымдық (ми жарақаты, ми өспесі) өзгерістері.
  • Тыныс орталығына бағытталатын серпіндер түсуінің бұзылыстары.

2. Тыныс алу бұлшықеттеріне жүйкелік серпіндер тарауының бұзылыстарынан немесе тыныстық бұлшықеттердің өздерінің бүліністерінен:
  • Жұлынның қимылдық нейрондарының бұзылыстары (полимиелит).
  • Шеткі түйіспелерінің бүліністері (миастения).
  • Тыныс бұлшықеттерінің қабынуы (миозит).

3. Кеуде қуысы қозғалыстарының бұзылыстары:
  • кифоскалиоз;
  • торакопластика;
  • пневмоторакс;
  • гидроторакс;
  • гемоторакс:
  • іш шемені;
  • іш кебу;
  • гепатомегалия.

4. Тыныс алу жолдарының бұзылыстары:
  • бөгде зат түскенде;
  • өкпе өспесінде;
  • бронхоспазм;
  • кеңірдекшелер сыртынан қысылып қалғанда.

5. Өкпе тінінің дерттік өзгерістері:
  • Өкпе тінінің кішіреюі (пневмоэктомия);
  • Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарының азаюы (ателектаз, пневмония);
  • Өкпе тінінің көлемдік созылғыштығы азаюы (пневмосклероз, эмфизема);
  • Тыныстық қауырт дистресс-синдромы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет