8
Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе
индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және
қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы
жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.
Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі
тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни
мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің
дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі
туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып,
кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден
сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-аудың жатықтығына, ойдың
логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.
Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы,
тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі
заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті
кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын
бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану
барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді
қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?
Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға
оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін
білу.
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: