буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші
мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек
омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең
өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек
омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын
ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек
омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар.
Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-
ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек
түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді,
әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады.
Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне
байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне
айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған
ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен
буын беттерінен пайда
болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры
болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа
жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде
нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында
қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы
жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер
сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ
омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны
жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді.
Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ
омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа
жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған
нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1
жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек
күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың
және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен
салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған
сәбидің омыртқа жотасында
физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін
мойын л о р д о з ы ( лат.
лордоз - алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра
бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат.
кифоз — артқа қарай иілу,
қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады.
Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау
болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3
жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын
шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды.
Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық
бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе
түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан,
баланың бойы таңертең
өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты
аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық
қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа
жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2
кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне
көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының
иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен,
олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық
шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды.
Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен
эпифиздерінің
арасында жұқа болса да
,
шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа
аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа
эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6
жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық
шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі
жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір
жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы,
өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары
зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып,
олардың
негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі
жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің
омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі,
1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай
түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар
омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
І-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан,
сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да,
басқа омыртқалардың
жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер
омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден
сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын,
көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін
жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ
лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен
жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа
сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері
сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады.
Бұл байланыстар мен
омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп,
зақымнан
сақтайды,
түрлі
қимыл
қозғалыстарын
тудырады.
Көрші
омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының
қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін
шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал ез есінде 120 градусқа дейін қозғалады.
Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл
қозғалуына мүмкіндік тудырады