«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Мектепті сумен қамтамасыз ету гигиенасы



Pdf көрінісі
бет42/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Мектепті сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Су және балалар ауруы.Сумен 
қамтамасыз ету гигиенасы. Мектепті сумен қамтамасыз ету жергілікті су көздері 
немесе орталық су құбырлары (қалалық, поселкалық, колхоздық) арқылы жүзеге 
асырылады. Жергілікті су көздеріне құдықтың барлық турлері мен бұлақтар 
жатады. Майда құбырлары немесе шахталы құдықтар олардың анағұрлым 
жетілген түрі болып табылады. 
Майда 
құбырлы 
(бұрғылы) 
құдықтардың 
бірқатар 
гигиеналық 
артықшылықтары бар. Олардьщ қабырғаларынан жоғарыдан келетін cу өтпейді. 
Ауыз су таза, минералдық тұздарға бай, тереңнен алынады, суды насоспен тарту 
оның былғануына жол бермейді. 
Шахталы құдықтардың қабырғалары ағаштан, табиғи тастардан, қыш немесе 
бетон сақиналардан өріледі. Мұндай кұдықтар шаң-тозаң түспес үшін кақпақпен 
жабылады. Құдықтың орнын оған қар, жаңбыр, ағын сулар түспейтін жерден 
таңдайды. Сонымен бірге құдықтың айналасындағы тереңдігі 1,5—2 м, ені 1 м 
жердегі сазды мұқият таптайды. Бұл ағын және қар суын сіңдірмейтін тапталған 
бөгесін болып табылады. Бөгесіннің үстін (одан 100—150 см ендірек етіп) 
ағашпен, асфальтпен немесе бетонмен (судың ағыны күшті болуы үшін) еңістеу 
етіп жабады. 
Шахталы кұдықтардан суды кұбыр арқылы алу гигиенаға сай келеді, алайда 
шынжырға тас қып бекітілген шелек арқылы тартуға да болады.Жергілікті су 
көздерін пайдаланған кезде ауыз су үшін арнаулы фонтан-бөшкелерді 
пайдаланған жөн. Шелек немесе күріжкені пайдалану тазалық талаптарына сай 
келе бермейді.Су орталықтан қамтамасыз етілген жағдайда мектепке ауыз суға 
арналған фонтан орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда инфекция жұқпайды. 
5. Витаминдердің қажетті мөлшері. В, витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, 
жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, комірсу алмасуына 
қатысатын ферменттердің қүрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан 
тамырларының ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл 
витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам "бери-бери" (аяғын 
сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш 
Иңдокитайда, Филиппин аралдарында және Жапонияда осындай науқастар 
байқалған. Бүл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі 


екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегеңде оның 
болмайтыны белгілі болды. В, витамині бидайдың қабығында, бұрыштарда, 
бауыр, бүйрек, жүрек етінде көп болады. 
Е витамииі (токоферол). Токоферолдың а, р, ү турлері бар, бірақ атокоферол 
ғана белсенді. Бұл витамин өте түрақты, қайнатқанда ыдырамайды, 170 °С 
температурада бұзылмайды. 
Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның 
мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі 
тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. 
Жыныс гормондары өнбейді, ересек ер адамдардың сыртқы жыныс белгілері 
(сақал, мүрт) пайда болмайды. Егер әйелде Е авитаминоз болса, ол бала көтеру 
қабілетінен айрылады. Ондай әйелде ұрықтану болғанымен, ұрықтың өсу қарқыны 
төмендейді де тіршілігін жоғалтып, түсік түседі. Жүкті әйелдің Е авитаминозы 
павда болса, дүрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі 
дамымайды. 
Е авитаминозы болған кісілердің жолақ еттерінде гликоген аз жиналады, 
натрий түзы көбейеді, ал калий, магний, фосфор тұздары азаяды. Ондағы миозин 
мөлшерінің пішіні өзгеріп, кішірейеді, ет дистрофиясы байқалады. 
Е витаминінің антиоксиданттық қасиеті бар, ол клетка мембранасының 
беріктігін қамтамасыз етеді. Токоферол А витаминімен, каротинмен арақатынаста 
болып олардың қышқылдардың әсеріне төзімділігін арттырады. 
Токоферол жануар жөне өсімдік текті азықтарда болады. Ол етте, 
жұмыртқада, сүтте, сары майда, көкөністе, нанда, мақта майында көп болады. 
Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада (бала 
жолдасында), бауырда, бұлшық етте көбірек жиналады, сондықтан оның қоры 
жыл мерзіміне байланысы жоқ. Е авитаминозы сирек кездеседі.Тәуліктік қажет 
мөлшері 1 - 1,5 мг 
Антивитаминдер — витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне 
бейімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С 
витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге - дезоксипиридин 
қарсы әрекет жасайды.Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді, 
ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді. 
Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан 
кейде "жалған" витамин ретінде әсер етеді. Олардың бүл әрекеті витаминдердің 
белсенділігі басым болғанда жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет