түрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен
айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу
лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцит арлық формуласы өзгереді. Ұйқысы
жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса
лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады.
Мысалы, баланың ас қорыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса,
эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер
баланың ауруын лейкоцитарлық формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін
оны тереңірек зерттеп, емдейді.Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде
10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт
көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000
дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші
тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000
шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас Мезгілінен
ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді.
Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғнй ересек
адамдай болады. Дегенмен айта кетерлік жай: 1 жастан кейін нейтрофилдердің
жалпы саны кебейіп, лимфоциттердің жөне лейкоциттердің жалпы саны азаяды.
Нейтройилдердің санының лимфоциттерден басым болуы әр зерттеушінің
еңбегінде әртүрлі жазылған. Кейбіреулер 3 жастан, кейбіреулер 5 жастан деп
жазыпты. Бұл айырмашылық әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерінің
нәтижесіне байланысты болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: