«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет45/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Су және балалар ауруы. Егер ауру адамдар мен жануарлардан суға жұқпалы 
микробтар түсксн болса, онда ол ауру таратудың көзі және жолы болуы мүмікін 
(іш сүзегі, дизентерия, холера). Сондықтан ауыз суға ұдайы химиялық және 
бактериологиялық анализ жүргізіп отырған жөн. Суда ішек таяқшалары 1 : 300 
қатынасынан көп болса, яғни әрбір 300 грамм суда микроб болса, онда мұндай 
суды пайдалануға тыйым салынады. 
Ішуге aшық су көздерінен (өзен, көл, канал) алынған су сүзіледі, 
хлорланады, салқындатылады және түрлі өңдеулерден өткізіледі сонан соң су 
құбырларына беріледі. Бұл процестердің барлығын санитарлық қызмет-керлер 
қадағалап отырады. Бір қызығы, судың дәмі оның темпе ратурасына қарай 


анықталады: ол 12 градустан темен және 15—16° жоғары болмауы керек. 12°-та 
ол салқын, 10°-та жылы болып сезіледі. 
Құдықтың басында кір ыдыс-аяқ, машина жууға, малдарды суаруға рұқсат 
етілмейді. Бұл үшін 10—15 метрден арырақ қашықтықтан арнаулы орын 
белгіленіп, су оған кұбыр немесе науа арқылы жеткізіледі.Ауыз суда әрқашан 
кальций мен магний тұздарының белгілі бір. мөлшері болады. Бұл судың жалпы 
тұздылығы деп аталады. Оны градуспен. немесе миллиграмм-эквивалентпен 
таңбалайды (мг-экв/л). Тұздылықтың бір градусына 1 литр суға кальцийдің 10 мг 
тотығының сай келуі қабылданған. 
Тұздылығы 10° дейінгі су — жұмсақ, 10-нан 20° дейін — орташа 20°-тан 
жоғары — тұзды, 40°-тан жоғары өте тұзды деп есептеледі. Судың қатаңдығы
тұздылығы неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым өндірісте (қазан, радиатор, 
қайнатқыш) соғұрлым аз пайдаланылады, тұрмысқа да жарамсыздау. Оны
қышқыл (сірке) немесе сілті (ас содасы) қосу арқылы, сондай-ақ қайнатып, тұзын 
тұндыру арқылы да жұмсартады. 
6. Организмде энергия мен жылу алмасуы. Нәрлі заттар потенциалдық 
энергиясының жылу мен механикалық жұмысқа айналуын алмасу деп атайды. 
Ересек адамның энергиясы организмді жылытуға және тамақ сіңіруге, дене 
еңбегіне жұмсалады. Мектеп оқушысы организмі ересектерге қараганда 
энергияны 1,5—2 есе көп жұмсайды. 
Балалардағы энергия алмасу оның жасына, жынысына, бойына, нерв 
жүйесінің қызметіне, жалпы дене құрылысына, тері асты майынын мөлшеріне 
және басқа да себептерге тәуелді екендігі анықталған. Клетка ішіндегі алмасудың 
күшеюі нәтижесінде кез келген асты қабылдау зат алмасуды жоғарылатады. 
Әсіресе, белоктардың әрекеті күшті. Организмге аспен белок түскен кезде, май 
мен көміртегі түскеннен гөрі зат алмасу ана-ғүрлым күшті жүреді. Бұлшық еттер 
қызметіне байланысты жұмсалатын энергия балаларда да, үлкендерде де 
жасалатын козғалыстардың сипатымен анықталады. 
Қозғалысқа бұлшық еттер тобы көп катысса, неғұрлым олар тез кимылдап 
бұлшық ет өсінділері неғұрлым күшпен жиырылса, энергия шыгыны да соғұрлым 
көп болады
Бір күнде бір килограмм салмаққа 7—10 жасар баланың жалпы энергия 
шығыны 60—70 ккал, ал үлкендерде ол 35— 40 ккал. Бұдан өзге ол организмнің 
жеке, дербес ерекшеліктеріне де тәуелді.Жылу құралу барлық органда жүреді, 
бірақ ол әртүрлі жиілікте жүзеге асады. Жылу құралумен бір мезгілде жылу 
бөліну жүреді. Бұл процестерді реттеуді ез қызметінің негізгі рефлексті 
механизмнен тұратын аралық ми, сопақша ми, жұлын орталықтары жүзеге асады. 
Балаларды тамақтандыру режимі. Азық-түлік нормалары Тамақтану режимі. 
Төменгі класс оқушысы үшін төрт рет тамақтану ұсынылады: таңертенгілік, түскі 
ас, бесін кезіндегі ас және кешкі ас. Бұл тамақтанулардың әрқайсысы қатаң бел-
гілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс. Бұл дағдыға баулиды, ал ас қорыту 
жолының бездері осы мезгілге қажетті сөлді даярлап үлгереді. 
Балалар мен жасөспірімдерді төрт рет тамақтандыру кезінде тамақ рационы 
энергия шығындарына орай бөлінеді: таңертеңгілік ас — калорияның 


тәуліктің рационының — 25%, түскі ас — 40—45%, бесін кезіндегі ас — 10—15% 
және кешкі ас —20—25% құрауға тиіс. 
Түскі ас үстінде балалар калорияның ең мол бөлігін алады, себебі олар күндіз 
энергияны өте көп жұмсайды: мектептегі сабақ, ойын және үйге берілген 
тапсырманы орындау, спорт , секциялары мен мектептен тыс 
үйірмелер.Тамақтану режимін сақтамау организмнің үйлесімді жұмысы мен оның 
қызметін бұзады. Балалардың зат алмасуын зерттеу үстінде егер астағы май 
белокпен бірдей болса, ал көмірсуы 4 есе көп болса, белоктың жақсы сіңетіндігі 
байқалған, яғни 1:1:4 қатынасы сақталуға тиіс. 
Әлсіз және аурудан айыққан балалар үшін нәрлі заттарға деген тәуліктік 
сұраныс 25-30% көтеріледі. ауа райын ескеру қажет.Жаз мезгілінде астағы 
белоктың мөлшеріне ерекше мән беріледі. Осы кезеңде балалардың анағұрлым 
жылдам өcvi байқалады, сондықтан белоктарды 15—20% көбейту қажеттігі 
туады. Қыста жылу бөлу күшейетіндіктен май мен углеводтардың мөлшерін 
көбейту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет