«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет58/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
 
Бақылау сұрақтар
1.Организмде газ алмасу жүйесі. 
2.Өкпедегі альвеолалар құрылысы,ерекшеліктері 
3.Тыныс алудың ішкі және сыртқы түрлері. 
4.Ішкі және сыртқы тыныс алу
5.Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтау,оның маңызы 
Лектор__________________ Сембаева Р.С. 
Оқытушы________________ Мейманбаева С.С. 


Ф.7.03-23 
 
7-дәрістің тақырыбы: Жыныс және зәр шығару жүйесінің,оқушылар 
жасындағы ерекшеліктері 
Жоспары: 
1.Зәр шығару жүйесі.Бүйректің құрылысы мен қызметтері. 
2.Жасөспірім кезеңіндегі жыныс жүйесінің даму ерекшеліктері 
1.Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы 
нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал 
қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен 
бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз 
қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос 
тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа 
шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы 
бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, 
мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды 
микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы 
шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар 
терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы 
қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан 
тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының 
қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару 
мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор. 
Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде 
бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жүп мүше. Ол бел омыртқаларының 
екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ 
бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-
150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап 
тұрады. Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қ ы р т ы с қабаты және ішкі ортаңғы 
ақшыл м и л ы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі 
ойыстау келеді. Қан тамырлары, нервтері және несеп ағар түтікшелері бүйрекке 
ойыс жағынан кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек т ү б е г і болады, ол бүйрек 
т о с т а ғ а н ш а л а р ы н а жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан үшында 
б ү р т і к т е р і болады. 
Бүйректің қыртыс қабаты н е ф р о н д а р д а н , яғни бүйрек денешіктерінен 
құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты 
Б о у м е н капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары 
деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі 
қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал 
сыртқы қабаты капсула ө з е г і н е айналады. Қыртыс қабатының бойындағы 
өзектер а л ғ а ш қ ы и і р і м каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми 
қабатына еніп, иірімдері жазылып, Г е н л е и і н і н е айналады да қайтадан 
қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й л і и і р і м каналға айналып несеп 
ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші 
деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі 


құрамындағы заттармен алмасады. Мұны ю к с т а г л о м е р у л а л ы қ комплекс 
деп атайды.Нефронның алғашқы иірім каналының ұзындығы 12-24 мм, ал екінші 
деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм. Бүйректің қызметі қан плазмасын 
зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады. 
Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп 
мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан 
олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор. 
Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, 
реттеп отырады. Оның бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап 
өткізу қасиетімен байланысты орындалады. 
Бүйрек үлпасында р е н и н және э р и т р о п о э т и н ферменттері өндіріледі. 
Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге 
қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет