Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет
сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14
жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет
сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8
есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытьшың сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер
ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің
қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың е ң б е г і деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда
және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа
жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми
сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де
олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін
өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6
айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп,
орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері
жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі,
тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты.
Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті
қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: