«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Сүйектің құрылысы мен құрамы



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек 
қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан 
о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында 
с ү й е к
қабы 
бар. 
Тек 
қана 
буындарда 
сүйек 
қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі 
түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.) 
Тығыз з а т т а р кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың 
қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын 
сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі 
диафизін 
де 
(грек- 
диафизис 

жілік 
сүйектің 
ортасы).Кемік 
сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. 
Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік 
майының 


каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік 
сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. 
Ересек 
кадамның 
жілік 
қуыстарындағы 
май 
сары 
түсті 
келеді.Олар 
көбіне май клеткаларынан тұрады. 
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі 
қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер 
ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін 
клеткалар о с т е о б л а с т а р болады. 
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі 
органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. 
Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары қалады. 
Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз 
немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық 
заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің 
жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы 
бейорганикалық затына байланысты. 
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі 
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ 
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. 
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал 
заттары көбірек болады. 
2.Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен 
тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде 
сүйегі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет