HLA I молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі
HLA I тобының молекуласы антигеннің пептидтерін Т-лимфоцит-киллер/супрессорларға таныстырады (презентация)
Гистосәйкестік гендерінің II-тобы: HLA II-тобы В-лимфоциттерде, макрофагтарда және дендриттік жасушаларда (яғни антигенді презентациялаушы жасушаларда) болады. Гамма-интерферон сияқты цитокиндердің әсерімен HLA II-тобының молекулалары Т-лимфоциттерде, эндотелиалды және эпителиалды жасушаларда да болуы мүмкін.
Альфа-тізбектері мен бета-тізбектері 230 аминқышқылының қалдықтарынан тұратын жасушадан тыс екі доменнен (альфа 1 и альфа 2, бета 1 и бета 2) және трансмембраналық бөлік пен плазма ішілік «құйрықтан» құралған.
Пептидті байланыстырушы жүлге альфа және бета полипептидті тізбектердің альфа 1 және бета 2 домендерінен түзілген: олардың альфа-спиральдері «қабырғасы« және антипараллелді бета-қатпарлары «түбі» болып табылады.
HLA II молекуласының көрінісі
HLA II молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі