Ситуациялық есеп №1 Науқас Оспан Д. А 5 жаста. Шағымдары



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі21,52 Kb.
#13413
түріАнализ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жылкыбай Жансая1сабақ - 1-2есеп

Зерттеулерден:

Жалпы қан анализі: Эритроциттер -3,0х10 12/л; НВ – 100г/л; ТК- 0,9; лейкоциттер- 4,2х10 9/л; Сегментядролы - 68%; Эозинофилдер - 2%; Моноциттер - 5%; Лимфоциттер - 15%; ЭТЖ=20 мм/сағ, тромбоциттер-110000.

Жалпы зәр анализі: сал.тығ - 1018; белок - теріс; қант-теріс; эпит. клетки – бірен-саран к/а; L - 5-8к/а.

Иммунды статус: CD3 – 45%; CD4 – 30%; CD8 – 17%; CD16 – 9%; CD20 – 17%; CD25 – 18%; CD22 – 16%; IgA – 2,3 г/л; IgG – 16 г/л; IgM – 0,7 г/л; IgE – 220 МЕ/л.

Сұрақтар:

  1. Болжам диагноз қандай?

  2. Жүргізу тактикасы

  3. Болжам

Жауабы:

1. Жоғарыда көрсетілген шағымдарын, анамнезін, объективті көрінісін, клиникалық көріністерін, лабороторлы анализдерін негіздей отырып болжама диагноз: Вискот-Олдрич синдромы, жай анемия.

Бұл 3 симптом түрінде көрінетін сирек кездесетін тұқымқуалайтын ауру: терілік экзема, тромбоцитопения, иммундыжеткіліксіздік.

2. Жүргізу тактикасы:

1.Науқас жағдайын жақсарту мақсатында қан компоненттерін (тромбоцит, эритроцит) құю.

2.Терілік бөртпе жергілікті ем мен теріге күтімлі қажет етеді.

3.Қолдаушы терапия ретінде профилактикалық мақсатта иммуноглобулин,антибиотиктерді,ацикловирді қолданамыз.

4.Тромбопоэтинді рецепторлардың агонистерін тағайындау Ромиплостим 9-10мг/кг аптасына 1 рет қабылдау.

5.Симптоматикалық тромбоцитопения кезінде тромбоцитарлы массаны құю қолданады,сирек спленомегалияны жасайды.

6.Иммуноглобулинді тамыр ішілік терапия ретінде жүргіземіз.Стандартты доза 400-600 мг/кг 4 аптада 1 рет

7.Гемоэтикалық бағаналы жасушаларды трансплантациялау

8.Диагноз қою және препараттар дозасы стационарлы жағдайда ғана тағайындалады.



  • Ауруханаға жатуы ұзақтығы 14-21 күнді құрайды

  • Кейін науқас мекен-жайы бойынша педиатрдың диспансерлі бақылауына алынады

  • Профилактикалық терапияны амбулаторлы жағдайда ұзақ уақытта Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды науқасқа трансплантация жасағанға дейін жүргізеді немесе өмір бақи жүргізеді.

  • Науқас және оның отбасы индивидуальды гигиена ережелерін жақсы білу керек.


4.Болжамы: Егер уақытылы, ертерек емделмейтін болса көп науқастар ерте жастан қан кетуден немесе инфекциядан қайтыс болады.

Қазіргі уақытта терапияны қолдау мақсатында: антибиотиктер, иммуноглобулиндер, қан компоненттерін қолданады.Сәтті түрде гемопоэтикалық бағаналы жасаушаларды трансплатациялағанда баланың өмірінің ұзақтығы мен сапасы жақсарады.Трансплантация жасамаған науқастар өкінішке орай орташа есеппен 15 жасқа дейін ғана өмір сүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет