Ситуациялық есеп №1 Сіздің алдын-ала диагнозыңыз



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,35 Kb.
#13433
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жылқыбай Жансая - 4 тақырып 1-2есеп тест тапсырма

Ситуациялық есеп №2

  1. Болжамды диагнозды тұжырымдап, негіздеңіз.

Болжама диагноз:Өткір токсикалық аллергиялық реакция, Стивен Джонсон синдромы, орташа ауырлықта, буллезды эритема (МКБ 10 L51.1 бойынша)

Диагнозды негіздеймін:

Стивен Джонсон синдромы - негізгі өзгеріс бастапқыда терінің базальді торшаларында дамиды, осының әсерінен эпидермис терінің терең қабаттарынан қабыршақтанып бөлінеді және күйіктің ІІІ дәрежесіндегі сияқты көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер жарылады, тері тесіліп, инфекция кіруге жол ашады.

Науқас бас ауруы бойынша пиразолон туындысын (анальгин) қабылдаған. Буллезды эритеманың алғашқы симптомдары дәрілік препаратты (анальгин) қабылдау басталғаннан кейін 4-тен 30 күн аралығында дамиды және мыналарды қамтиды: жалпы әлсіздік, ринит, конъюнктивит, бұл ретте ОРВИ симптомдарын еске түсіреді. . Конъюнктивалардың зақымдануы көздің құрғауына және фотофобияға (жарықтан қорқу) әкеледі.2-3 күннен кейін дене қызуының жоғарылауы жағдайында патологиялық процеске эритематозды немесе уртикарлы бөртпелердің пайда болуымен, тері жабындылардығы озгерістер тез өзгеріп, үлкен көпіршіктерге айналып, жарылып эрозияларға айнала бастайды. Арқасында, қолтықтарда, ішаймағында, жамбастабірнешеауырсынатын эритема, қышу, эрозия. Зардапшеккентерісі күйген теріге ұқсайды.



  1. Дифференциалды диагноз.



  • «Ыстық суға күйген тері» синдромымен - көпіршіктер эпидермистің жоғары қабыршағында анықталады

  • Шынайы күлдіреуік - эритематозды-везикулярлы, папулезды-везикулярлы, қышитын, айқын шекарасы жоқ, көбіне созылмалы бөртпелерімен ерекшеленеді.



  • Лайелл синдромы – көпіршік болады, бірақ терінің зақымдалу аймағы < 10%

  • Токсикалық шок - диффузды эритема көпіршіксіз, эрозиясыз

  • Жедел жайылмалы экзантематозды пустулез - өте көп, ұсақ іріңді бөртпелермен жайылмалы эритема

3. Алғашқы медициналық көмектің көлемі мен әдістері туралы айтып беріңіз.

аллерген енуін тоқтату

тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру; трахея интубациясын жасау мүмкіндігі болмаған кезде – коникотомия;

100% оттегімен ингаляция (30 минуттан артык емес) көктамырға түсуді қамтамасыз ету; көктамырға сұйықтықтар енгізу (лолиглюкин, реополиглюкин 0,9% натрий хлориді, 5 % глюкоза ерітіндісі);

көктамырға адреналин енгізу – 0,3 мл кез келген 20 мл ерітіндімен (қажет болса қайталау); көктамырға енгізу мүмкіндігі болмаса дәрі салудың басқа жолдарын іздестіру.

көмей аймағына ісік жайылған кезде эндотрахеальды адреналин 2-3 мл, 20 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен; глюкокортикоидты гормондар көктамырға (преднизолон 90-120 мг немесе гидрокортизон гемисукцинаты 300-600 мг (көк тамырға құю), әсері болмаса қайталап;

көктамырға дипразин —1 мл 2,5% ерітіндісін және 1 мл 10% циметидин ерітіндісін;

бронхоспазм болса – көктамырға баяу 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін;

жағдайы жақсарғаннан кейін ауруханаға тасымалдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет