Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет7/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Таным нәтижелері

Мәліметтердің, сенім-нанымдардың, ақпараттардың жиынтығы


Нәтижелер бір-бірімен логикалық түрде қисынды байланысқандықтан бір пікірдегі ақиқатты екінші бір пікірмен алмастыруға болады. Ақыр аяғында жүйелі ұйымдастырылған дәлелденген білім пайда болады


А.В.Литвинцева, Н.Г.Багдасарян бірігіп дайындаған кестелерде қарапайым және ғылыми таным ерекшеліктері жан-жақты ашылған.



Ғалым, ен алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс-әрекетінде пайда пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Ғылым мен философияға дейін дүниетанымның көне түрі ретінде мифология мен дін пайда болған.
Ғалым адамның өзін-өзі тануындағы маңызды құбылыс.
Ғылымға анықтама берер алдында біз екі нәрсеге ерекше көңіл аударуымыз қажет: ғылымды арнайы білім жүйесі деп анықтау: екінші жағынан, ғылым – адам іс-әрекетінің ерекше формасы.
Ғылым дегеніміз – объективті ақиқат білімдерді дүниеге келтіруге арналған іс-әрекет. Оның заңды туындысы – жүйеге келген, нақтыланған, практика жүзінде дәлелденген білім.
Ғылым – адам іс-әрекетінің ерекше түрі, рухани өндірістің күрделі формасы. Оған бірнеше өзіндік белгілер тән.
1. Ғалымның іс-әрекетін анықтайтын өзіндік құндылықтар жүйесі бар: әр уақытта объективті шынайы білім алуға тырысады. Ақиқатқа жетудің негізгі жолы – ақыл-ой құндылығы. Ғалым ақиқат жолында ерекше ұстамдылық, салқынқандылық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, адалдық, кемшіліктерді мойындауға даярлық, шығармашылық қабілеттерді, бірігіп іс-әрекет етуге дайындықты көрсетеді.
2. Ғылыми зерттеуде қажет болатын арнайы құрал-жабдықтар жүйесі.
3. Арнайы тәсілдер жүйесі.
4. Ғылыми іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі.
5. Ғылымда білімнің ерекше түрі жасалады және танымның дербес түрі іске асырылады: ол - адамның сана сезімінің ерекше формасы;
6. Ғылым өркениет тарихының белгілі бір дәуірінде қалыптасады, өзінің дамуында күрделі өзгерістерге ұшыратып отырады.
7. Ғылым – адам еңбегінің ерекше түрі, арнайы ұйымдастыру формасы бар рухани өндірістің маңызды саласы;
8. Ғылыми-зерттеу коллективтік, ұжымдық, сонымен қатар, жеке іс-әрекеттің нәтижесі.
Ғылым – жаңа білімді жасауға, өндіруге жұмсалынған шығармашылық іс-әрекет. Ғылыми шығармашылықтың негізгі сипаттары: ғылыми ойдың дамуының бірлігі, ғылыми нәтижелердің жалпы міндеттілігі, ғылымның дербестігі және өзіндік тәуелсіздігі, ғылыми сенімнің негізгі элементі.
Ғылымның дамуының мынадай негізгі заңдылықтары бар:
1. Ғылымның дамуының қоғамдық тарихи мүдделерімен байланыстығы. Бұл – әлемнің дамуының негізгі қозғаушы күші және қайнар көзі.
2. Ғылымның дамуының шартты дербестігі. Практика ғылымның алдына қандай мәселе қоймасын оны шешу процесінде ғылым өзі қол жеткізген даму процесінің жетістігіне сүйенеді, яғни оның дамуының өзіндік дербес, ішкі қисыны болады, бұл маңызды заңдылық әруақытта орындалады.
3. Ғылымның тәсілдері мен әдістерінің, теориясы мен ұғымдарының, идея мен принциптерінің дамуындағы сабақтастық. Ғылымның әрбір жаңа биік деңгейі бүрынғы табыстарға, тәжірибелерге сүйенеді.
4. Ғылымның дамуы мен оның тарихы ұдайы, үздіксіз білім жинау мен күрт өзгерістердің, яғни эволюция мен революцияның бірлігі болып табылады.
5. Ғылымның көптеген бөліктерінің өзара байланысы мен қарым-қатынасы. Мұның нәтижесінде әртүрлі сападағы заттар мен құбылыстардың табиғаты мен мәнін тереңірек және жан-жақты ашуға мүмкіндік туады.
6. Сын айту еркіндігі, ғылымның түсініксіз, екіұшты мәселелерін ашық және еркін тақылау, әртүрлі көзқарастардың еркін сұхбаты. Ғылымның дамуы өте күрделі процесс. Ешбір ақиқат бірден анықтала қоймайды, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастарда, ізденістерде оның қайшылықты болмысының жекелеген қырлары мен қасиеттері айқындалып отырады. Егер ғылым ақиқатқа бірден қол жеткізсе, онда ғылымның өзі де керексіз болып қалар еді.
7. Ғылыми білімнің дифференциясы мен интеграциясы. Ғылыми білімнің дифференцияциясы оның жеке бөліктерінің өзіндік міндеті мен зерттеу тәсілдері бар шартты дербес тәсілдерге бөлініп шығуда көрініс табады. Сонымен қатар, ғылымның бірнеше салалары бір объектісін зерттеуде өзара бірігуі мүмкін. Бұл процесс интеграцияны білдіреді.
8.Қазіргі ғылымға жаратылыстану, әлеуметтік, техникалық ғылымдардың өзара байланысының кеңеюі, практикалық ғылым жетістіктеріне сүйене түсуі, адамдардың өмірлік іс-әрекеттерінде ғылымның маңызының өсіп, ғылыми зерттеулердің құндылығының тереңдей түскендігі тән.
Дін мен ғылым дүниетанымның тарихи түрі және қоғамдық сананың көрінісі болғандықтан, оларды жалпы даму. Өсіп-өркендеу заңдылықтары біріктіреді. Дегенмен дін мен ғылым бір-біріне қарама-қарсы сана түрі. Ғылым әруақытта нақты іс-әрекетке, білімге сүйенеді. Оның нәтижелері ақыл-ойда, рационалды танымда өкрініс табады. Ал дін сезімге, үмітке сүйенеді.
Ғылым мен өнердің өзара байланысы таным процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді. Философия мен ғылым өз бастауымен өнер мен поэзияға қарыздар. Көне Грецияда философия мен ғылым әлемді өнер мен поэтика тілімен игеру барысында дамыған. Ұғыммен көркем қиялды өзара ұштастыра отырып, грек ойшылдары әлемнің үндестікке ішкі үйлесім мен жарасымдылыққа негізделген заттар құрылымын таныған.
Өнер – образдармен ойлау, ал философия мен ғылым ұғымдармен ойлау. Өнер өзінің образды ойлауымен әр уақытта философия мен ғылымды байытып отырған.
Әсемдік ғылымда тек қана эстетикалық роль атқарып қоймайды, сонымен қатар өте маңызды логикалық приципті де көрсетеді. А.Эйнштейн физикалық теорияның шарты ретінде «сырттай ақталу» (бақылауға сәйкестілік) және (іштей кемелденушілік) талаптарын алға тартты. Бұл талаптардың соңғысы математикалық әсемдік өлшемдерімен сәйкеседі, бұл жөнінде А.Пуанкаре жеңілдік пен сымбаттылықтың мысалы ретінде коллонналардың антикалық, оптималды орналастыру нәтижесінде олардың барынша мол жүк көтеріп тұруын тілге тиек етеді.
Қазіргі ғылым ғылымда әлімсақтан бар, бірақ бұрын тіптен ғалымдардың өзіне айтарлықтай мәлім болмаған эстетикалық өлшемдерді анағұрлым айқын көрсетеді. Ғылым о бастан реттілік, симметрия, пропорция, болмыстың үйлесімділігі арасындағы заңды байланыстарды танумен, зерттеп, білумен айланысты. Бұл міндеттің интегралды сипаты ғылымды бұрынғы жеке себептілікті іздеулерден ерекшелеп көрсетті, ал оның логикалық сипаты дүние мен қоғамның мәні туралы сезімдік құрылымдардан тұрады. Реттілік, пропорция, үйлесім туралы пайымдаулар барлық уақытта эстетикалық сапалардың мазмұнына ашық немесе жасырын түрде еніп тұрады. Аристотель әсемдіктен «көптүрліліктегі» бірлікті талап ете отырып, бөлшекті жою, тұтастықты талқандайтынына тоқталды. Барлық уақытта маңызды болып қала беретін өлшемдік қағидаларды айтты. Тіпті ең өткір диссонанстардың өзі егер олардың эстетикалық болмысы болса, байланыстылықты аңғартады. Ал мұндай байланыстын мүлдем болмауы оларды мазмұн – мәнінен айырар еді. Аристотельдің философиясында эстетикалық болмыс дегеніміз – сезіну арқылы қол жеткізуге болатын бейнелерге арналған бүтіндіктің болуы.
Өнер де ғылым сияқты болмысты тану. Бірақ ол ерекше ракурста өрбиді. Өйткені, өнер - өмір, жүрек дірілі, жан айқайы, жанның рухы, қуаты. Ол сөз боп атылады, күй болып құйқылжиды, сурет боп салынады, сұңғақ боп қаланады, мүсін боп құйылады, ою болып ойылады. Сөйтіп, өнерде әлем мен адам, болмыс пен ойлау біртұтастығы қалыптасады. Ол табиғат пен адам қатынасының өзара әбден бауырласып, біте қайнасқан, бірегей бірлестігінен туатын нағыз жарастық үйлесімі. Өнердің қоғамдық сананың басқа түрлерінен айырмашылығы, оның – танымның барлық деңгейлері мен қабаттарына анықтығы. Сәні мен салтанаты сыртынан-ақ мен мұндалап тұратын сұңғат туындысы әркім-ақ бағалай алады. Өрелі өнер кез келген адамға жақын. Өйткені өнер сезімнің қылын шертеді.
Өнер адамдарының бір тамыры артық соғады дейтін өзіміз жиі еститін қарапайым пайымдауда үлкен мағына бар. Өнер адамының тұла бойын, бүкіл бітім болмысын тұра алмастай етіп буып тастайтын шабыт тасқыны оны дүр сілкіндіріп отырады. Ол – әкенің қанымен, ананың сүтімен даритын қасиет. «Сүйекке сүтпен сіңген осы қасиеттің өзінің шығуы оңай шаруа емес. Оған ұзақ уақытқа созылған «сүрлеу мен соқпақтар, қылтатас шатқалдар, сыңсып апатын сарала таңдар», яғни ұдайы еңбек, тынымсыз ізденіс, үнемі ойлану қажет. табиғи талант та үнемі баптаумен, күтім жасаумен тереңдейді. Нағыз өнер иесі ешуақытта ойшылдықтан қол үзбейді, ол өз бойына сандаған ғылым салаларын сіңіре алады.
Ғылым әлемнің жалпы даму заңдылықтарын түсіндіреді, ал өнер жеке оқиғаға, нақты жағдайға да көңіл бөледі. Өнердің құндылықтары мен идеалдары тарихи түрғыдан нақты және жиі өзгеріп тұрады, ал ғылымның ұғымдары мен аксиомалары өркениеттің даму жолының барлық кезеңінде тұрақты болады.
Ғылымға жалпылау тән, ал өнерге даралау, жекелеу көбірек қажет. ғылым әруақытта заңдылықты, тұрақтылықты іздестіруге, табуға ұмтылады, ал өнер идеалды іздестіреді. Идеал обьективті шындықты анық бейнелеуі де, бейнемелеуі де мүмкін. Бұл жерде өнер адамының еркіндігі белгілі рөлді ойнайды, ал ғалым мұндай еркіндікке жол бере алмайды. Өйткені ол обьективті дүниенің ақиқаттығына қол жеткізуі керек. Осыған байланысты мақсат қойылады, ғалым мақсатты орындаудан бас тарта алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет