Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет45/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

О.Тоффлер «Үшінші толқын» кітабында ақпараттық қоғамда қоғам өмірін ұйымдастырудың негізгі қағидаларын қайта қарау жүзеге асатынын атап өтеді (ол мұны «өркениет кодын қайта қарау» деп атайды). Жаңа технологияларға дем беретін ғылым мен білімнің ролі артады, олар әлеуметтік қызметтің басты түріне айналады. Қоғамдық байлықты құрудың жаңа тәсілі ақпарат өндіру болады. Бұл тәсілдің негізінде физикалық қара күш емес, адамның ақыл-ой қабілеті жатыр, бұл қабілет білім беру үдерісі арқылы дамиды. Ақпараттық қоғамда білімге жаңа талап қойылады. Бір жұмыстан келесі жұмысқа тез ауыса білу жақсы білімге ие адамның ғана қолынан келеді. Сол себепті, ақпараттық қоғамдағы жұмыс күші нарығының сипатты белгісі оның қайта мамандануы және жоғары білім дәрежесі болады. Егер де, индустриалдық қоғамда байлық капитал (ақша) формасында болса, ақпараттық қоғамда байлық жаңа, заттық емес формаға (ақпарат, білім) ие болады. «Индустриалдық қоғам ұзақ мерзімдік қолданыстағы заттарды жаппай өндірумен ерекшеленсе, ақпараттық қоғам білімді жаппай өндіру қоғамы болады» дейді Тоффлер. «Білімнің ақша капиталынан түбірімен айырмашылығы бар, ол таусылмайды және тұтынушылардың барлығына қолжетімді. Ақшаның өзі электронды ақшаға, кредиттік карточкаларға айналады». Футурологтардың осы болжамдары шындыққа айналғанын қазір айқын көріп отырмыз. Батыс елдері ақпараттық қоғамға бірінші болып кірді. Еуропа өзінің 455 млн тұрғынымен әлемдегі ең үлкен нарық болып табылады. Әлемдегі ең үлкен экспорттаушы – Еуропа, өнеркәсіптің көптеген салаларында еуропалық компаниялар көшбасшы. Әлемдегі ең ірі банктер мен компаниялар да осы елдердікі. Кәрі құрлық тұрғындары үшін басты құндылық – өмірдің сапасы. Жеке бастың еркіндігін бірге алып қарастыратын бұл еуропалық күрделі түсінік ұжымдасып күш-жігер жұмсау арқылы өмірдің жоғары сапасына қол жеткізуді көздейді. Бисмарк әлеуметтік реформаны революцияға теңеген. Еуропадағы қазіргі әлеуметтік жүйе мен саясат – қазіргі заманғы даму барысындағы ең үлкен жетістік және адамзат қауымы баруға тиісті болашақ қоғамның белгісі. Мұны, ең алдымен, АҚШ пен Еуропа одағы елдерінің әлеуметтік саясатынан анық байқауға болады. Мәселен, АҚШ-та әлеуметтік шығындарға ішкі жалпы өнімнің 26%-ы жұмсалса, Еуропада, оның ішінде әлеуметтік мемлекет саналатын Францияда, Бельгияда бұл көрсеткіш 31%-ды құрайды, бұл осы елдердегі ЖІӨ-нің үштен бірі деуге болады. АҚШ-тың әлеуметтік саласының тағы бір ерекшелігі, олар салық жеңілдіктері арқылы әлеуметтік қолдау жасайды. Ал, дамушы елдер қатарынан Қытайда – 6%, Ресейде 12%-ды құрайды. Дүниежүзі бойынша барған сайын экономиканың ролі артып барады. Экономика мемлекет пен қоғам дамуының бір саласы ғана емес, оның болашағы мен қауіпсіздігін айқындайтын маңызды шартқа айналды. Сондай-ақ, әлеуметтік проблемалардың шешімін табу да экономикалық өсімге келіп тіреледі. Осы орайда, дамушы елдердің проблемаларын тиімді шешудің маңызы зор. Бұл реттегі бағдар экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жеңуге бағытталуы тиіс. «Шикізат экспортына ғана бағдарланған экономикалық модельге ие ел жыл сайын миллиардтаған доллардан айрылады» деп санайды экономист-ғалымдар. Табиғатты бағындыру және оны шексіз пайдалану индустриалдық жүйенің бір бөлігіне айналды. Ал, нарықтық қатынастар табиғатты оған толықтай тәуелді етіп тынды. Адам табиғатты өркениетке қызмет еткізгенімен, өзі қорғаусыз қалды.
«Өркениеттер қақтығысы» - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.). Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия, еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың ақыры" жөніндегі тұжырымына және либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану қарсыластары қолдануда. "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-талас тудырды.
Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.

1

2 Яскевич Я.С. Философия и методология науки. Вопросы и ответы. Минск:Высшая школа. 2007, 359-360 стр.

3

4

 Кодар З. Гендер и человеческий капитал – В сб. «Человек и наука в современным обществе» материалы Международный научно-практической конференции – Алматы: ИФПР КИ МЮН РК, 2012 – 283-284.

5 Голубинцев В., О.Данцев А., Любенко В. Философия для технических вузов. Ростов н/Дону, Феникс, 2001-447



6 Кестенің материалдары «Философия науки о вопросах и ответах»: Учебное пособие для аспирантов. Ростов н/Д, Феникс, 2007 – 44


7

8 Түрікөз С. Өзімдік бақытты ететін нәрсені іздедім – Айқын №46, 2.03.2015 – 8б.

9 Черткова Н.Е. Интуиция как составляющая художественного мышления // Вопросы философии, 2012, №9-162.



10 Лук А.Н. Интуиция и научное творчество // «Философские науки», 1981, №5-121



11 Ахтаева Н.С. Формирование творчества как приоритетной ценности будущего педагога – Вестник Серия психологии и социологии, №2 (37) 2011 - 13



12 Дәуренбеков Ж. Майя мен Магира // Егемен Қазақстан, 2016 ж., 5 ақпан, 7 б.



13




http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет