Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет1/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе

Сыздықова Г.М.


Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


1 –дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе
«Ғылымның тарихы мен философиясы» - ғылым тарихы мен философясының өзара бірігіп, бір-бірімен тікелей ұшырасып, біріккен қиылысында пайда болған слаыстырмалы жаңа пән.

Осы уақытқа дейін ғылымның тарихы мен философиясы жеке-жеке салалар түрінде қалыптасып, дамып келді. Даму динамикасы жүрдек қазіргі уақыта бұл екі сала өзара бірігіп, философия мен ғылымның тың мәселелерді шешу барысындағы методологиялық мүмкіндіктерін ашуға көмек көрсетеді.


Бұл пәннің негізгі мақсаты – философияның ақпараттық қоғам мен виртуалды әлем кеңінен тараған уақыт пен кеңістіктегі орнын анықтап, табиғат, қоғам және ойлау тураы жаңа типтегі білімдерді тудырудағы маңызына назар аудару.
Ғылымның тарихы мен философиясының негізгі объектісі – мәдениеттің өзекті құрамдас бөлігі болып табылатын ғылым феномені, оның қалыптасуы және даму заңдылықтары. Ол бүкіл ғылым жүйесінің дамуының, әрекет етуінің философиялық-танымдық және тарихи-логикалық негіздерін кешенді біртұтастықта зерттеуге бағытталған.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал мемлекеттік типтік бағдарламадағы семинар сабақтарының жоспарына сәйкес дайындалған. Магистрант семинар сабағына дайындалу барысында қажет болатын бағыттық сипаттағы ақпараттарды таба алады.
Тақырыптар мемлекеттік типтік бағдарламадан алынған.
Философия өзінің бойына адам мен әлемнің барлық қыры мен сыры туралы көптеген білімдерді сіңіре алмайды. Өйткені, әлем - шексіз, шетсіз және тұңғиық. Ол туралы білімдер де өте мол және көп мағыналы. Оны философияда, жеке ғылымдар да зерттейді. Жеке ғылымдар болмыстың жеке қасиеттері мен қырларын қарастырады. Ал философия әлемді, болмысты біртұтастық, яғни жалпылық тұрғысынан, түсіндіреді. Өйткені, ол – әлемнің тұрақты, ұдайы қайталанып отыратын әмбебап ортақ қасиеттері, түпнегіздері мен алғашқы себептері туралы ғылым.
Жеке ғылымдар дүниенің қасиеті мен заңдылықтарын объективті түрде, яғни адам іс-әрекетінен, талап-тілегінен тыс зерттейді. Өзінің нәтижелерін ғылым, теория, заң, идея, принцип түрінде көрсетеді, оның сыртында адам эмоциясы, көңіл-күйі қалып қояды.
Ал философия, әлемнің түпкі негіздері мен жүйелік құрылымын оған адамның қарым-қатынасы қисынынан зерттейді. Ең алдымен, мұнда бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл көп жақты күрделі байланыс, болғандықтан онда себеп пен салдар, циклдық пен спонтандық, реттеушілік пен ретсіздік, гармония мен хаос, игілік пен жұмыс күші бір-бірімен мидай аралсып, бірігіп кеткен.
Адамзат тарихында өзін филсоф деп атаған бірден-бір ғалым көне грек ойшылы, математигі Пифагор болатын. «Философия» сөзін дәлме-дәл қазақшаға аударсақ «даналыққа құштарлық» деген мағынаны білдіреді. Демек, даналық философиядан жоғары бағаланды, ал философия – оған апаратын жол, сүрлеу. Көне грек ойшылдардың пікірінше, даналық – құдайдың несібесі, адам оған құштар, үнемі оған зәру. Платон «Той» тақырыпты диалогында: «Философ – дана мен ақымақтың қилысындағы аралық тұлға. Құдайлардың ешқайсысы филсофияға ұмтылмайды, өйткені олар – жаратылысынан-ақ дана. Ал ақымақтар философиямен айналыспайды, яғни дана болғысы келмейді. Сондықтан онымен құдай мен ақымақтың ортасындағылар айналысады» - деген пікір қорытқан.
Даналық дегеніміз – әр нәрсенің өлшемін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай-аптықпай, шешім қабылдау, яғни, ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Ғалымды өзі таңдап алған ғылымның қайдан, қашан, неліктен пайда болғандығы тікелей қызықтырмайды. Өйткені, ол сол ғылыммен бірге өсіп, біте қайнасып, соның қисынының жетегінде кетеді. Ал өзі айналысатын ғылымның тарихы, қалыптасу ерекшелігін түсіндіру үшін оның қисын аясынан мүлдем шығып, оған басқаша көзбен қарау керек. Мұндай сараптауға көптеген ғалымдар дайын емес, өйткені оны ғылымның кешегісі, бүгінгісі, болашағы тікелей қызықтармайды. Өзінің алдына қойған жеке мәселесін шешсе болды, мақсат орындалды, жаңалық ашылды.
Ал философия, ең алдымен, кез келген білімнің бастауын, қайнар көзін анықтауға ұмтылады. Өйткені, әр нәрсенің түпнегізін, жан-жақты игеру оның болашағын болжауға да мүмкіндік береді. Жеке танымдық қызығушылық басталатын немес аяқталатын шекаралық жағдайлар мен сұрақтар философияны ерекше қызықтырады.
Ғылым адамның – өзін-өзі тануындағы маңызды құбылыс. Оған философиялық талдау жасау оңай емес.
Ғылымның ең негізгі анықтамасы – адам-әлем қарым-қатынасындағы көпжақты, көпмәнді білімдердің салыстырмалы жүйеленген түрі. Яғни, ғылым дегеніміз- белгілі бір сипатта, түрде жүйеленген білім.
Ғылым туралы анықтамалардың әртүрлі сипатын мына кестеден көруге болады.

Көрсетілген анықтамалардың бәрі ғылымның күрделі, әмбебап құбылыс екендігін көрсетеді.

Белгілі бір жүйе бар жерде ғылымда бар. Оның қоғамдық сананың басқа түрінен айырмашылығы – көпжақтылығында, көпқырлығында.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз – әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған жаңа білім алуға ұмтылыс немесе танымдық қызметтің ерекше түрі. Ол – тамшылай төгілген тердің, тынымсыз, ұдайы ізденістің, оқыған үстіне оқып, белгілі бір дәлелдеу мен дәйектеудің түбіне тереңдеп, бойлаудың нәтижесі. Ғылымда даңғыл жол жоқ, оның бұлтарысы көп, бұралаңы мол. Біресе тайғанап, тайып, біресе көтеріліп, жығылып, қайта тұруды қажет етеді.


Ғылым тарихы – ғылымның қалыптасып, жүріп өткен жолын жан-жақты зерттейді.
Ғылымның қалыптасуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Зерттеуші Н.Ш.Кузнецова негізінен 5 түрлі пікірді атап көрсетеді:
1. ғылым адамзат қоғамымен бірге туындайды, өйткені ғылыми білімге ұмтылыс адамға о бастан-ақ тән болған.
2. ғылыми білім көне Грекияда пайда болды, өйткені мұнда ғылыми білім бірінші болып негізделді.
3. ХІІ-ХҮІ ғасырларда Батыс Европада пайда болды, себебі мұнда математика мен тәжірибелі ғылымға қызығушылық пісіп-жетілді.
4. ғылым ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ғалыстасып, Г.Галилей, И.Кеплер, Х.Гюйгенс, И.Ньютон еңбектерінің арқасында алғашқы математика тіліндегі физикалық теория пайда болды1.
5. ғылым ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде жоғары білім мен зерттеу жұмыстары біріктірілген уақытта пайда болды.
Ғылым философиясы ғылыми танымның жалпы заңдылықтарын және заман ағымына байланысты онда болып жатқан өзгерістердің табиғатын жан-жақты зерттейді, сараптайды. Ғылым философиясы - ғылымның өзін-өзі тануы. Ғылым тек философия арқылы ғана өзін-өзі тани алады.

Жалпы ғылым философиясының маңызды мәселелері


1. философия мен ғылымның өзара байланысы, оның ықпалы, тетіктері


2. ғылым ұғымы, оның танымның басқа түрлерінен айырмашылығы, ғылымның өлшемдері
3. ғылымның жалпы құрамы
4. ғылыми білімдердің деңгейлері
5. ғылыми білімнің әдістері
6. ғылыми білім дамуының жалпы заңдылықтары
7. ғылымның философиялық негіздері және оның түрлері
8.ғылымның философиялық мәселелері

Ғылым философиясының маңызды бөліктері


1. ғылым онтологиясы


2. ғылым гносеологиясы
3. ғылым аксиологиясы
4. ғылым социологиясы
5. ғылыми іс-әрекетті реттеудің экономикалық және құқықтық сұрақтары
6. ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми-техникалық саясаттың философиялық мәселелері

Ғылымның мәдениеттегі орны мен ролі туралы пікір таластар бар. Оның қатарына сциентизм, сциентизмге қарама-қарсы, интернализм, экстернализм ұстанымдары жатады. Сциентизм ғылымды мәдени-дүниетанымдық тұрғыдан жоғары бағалап, оның ролін абсолютке айналдырды. Ол қоғамдық өмірдің барлық жағында жаратылыстану және техникалық ғылымдардың әдістері ықпал ететінін алға тартты, адамның әлемге қарым-қатынасының барлық қырында ғылыми өлшем болатындығына назар аударды. Әрине, ғылым – маңызды мәдени фактор, ол қоғамды ізігілік, жақсылық, адамгершілік рухында тәрбиелеуге үндейді. Бірақ ғылымның мұндай мүмкіндіктерін біржақты әсірелеуге болмайды.


Сциентизмге қарама-қарсы бағыт ғылымның мүмкіндіктеріне үлкен күмәнмен қарайды. Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз салдарына ерекше көңіл бөліп, дәстүрлі құндылықтар мен іс-әрекет тәсілдеріне қайта оралуға үгіттейді.
Сциентизм және сциентизмге қарсы қарама-қарсы бағыттар қазіргі уақыттағы біржақты дүниетанымдық ұстанымдар болып табылады.
Шын мәнінде ғылымды мәдениеттен, өнерден бөліп қарастыруға болмайды. Ғылым о бастан реттілік, симметрия, пропорция, болмыстың үйлесімділігі арасындағы заңды байланыстарды танумен, зерттеп, білумен айналысты.
Бұл міндеттің интегралды сипаты ғылымды бұрынғы жеке себептілікті іздеулерден ерекшелеп көрсетті, ал оның логикалық сипаты дүние мен қоғамның мәні туралы сезімдік құрылымдардан тұрады. Реттілік, пропорция, үйлесім туралы пайымдаулар барлық уақытта эстетикалық сапалардың мазмұнына ашық немесе жасырын түрде еніп тұрады.
Мәдениетте ғылымның адамгершілік сапалық өлшемдері әрқашанда өзекті мәселе ретінде көрсетіледі.
Қазіргі заман ғылымның нақты және жалпы ерекшеліктерін ашуда. Ғылымды әруақытта өзінің жеке қайнарлары, тәсілдері мен мәдениет пен өркениеттегі орны қызықтырады.
Ғылым философиясында ғылымның пайда болып, қалыптасуы жөнінде де бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олар интернализм және экстернализм деп аталады.
Интерналистердің пікірінше, ғылымды оның ішкі даму заңдылықтары жетілдіреді. Ғылым – әруақытта өзін-өзі дамытатын жүйе. Оның мәні мен мағынасы сыртқы факторларға тәуелді емес. Интернализмнің көрнекті өкілдері – А.Койре, Р.Холл, П.Посси, Г.Гермак. Көрнекті постозитивизм өкілдері Имре Лакатос пен Карл Поппер осы бағытты дамытушылар қатарына жатады.
Интернализмге қарама-қарсы бағыт - экстерналдық ұстаным. Оның ірі өкілдері Дж.Бернал, Э.Цильзель, Р.Мертон ғылымды Европада ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық қатынастармен тығыз байланыста қарастырады. Олардың пікірінше, ғылымның туындауына енді-енді қанат жая бастаған капиталистік қоғамның экономикалық және әскери қажеттіліктері мен буржуазиялық дүниетанымда магиялық, діни, анимистік сияқты адасушылықтын болмауы әсер етті. Шынын да бұл дәуірде орта ғасырлардан мүлдем басқаша дүниетаным қалыптасты. Оның негізін әлемнің шексіздігі, даму заңдылықтарының бірлігі, кеңістік пен уақыт дамуының объективтігі туралы көзқарастар қалады. Табиғат өзіндік заңдарына сүйеніп дамитын құбылыс ретінде қарастырылып, оның сандық параметрлерін анықтау қолға алынды.
Дегенмен, табиғатты құдайдың жаратқанын жоққа шығармаған. Құдай оны математика заңдылықтарымен жаратқан. Оның тілі – математика.
Экстерналистік көзқарастың кемшіліктері: біріншіден, буржуазиялық қатынастар ғылыми білімді қалай және неліктен қалыптастырғаны белгісіз. Екіншіден, буржуазиялық қатынастар қалыптасқан уақытта діни және магиялық сенімдер азайған жоқ. Керісінше, бұл уақытта лютерандық, кальвинизм, протестантизм пайда болып, бүкіл Европада діни реформация қанат жайды, бұған жауап ретінде католиктер Рим шіркеуін нығайтуға күш салды.
Экстернализм өкілдері ғылымның дамуына ықпал ететін әлеуметтік факторлардың көптеген түрлерін атап көрсетеді. Дж. Бернал мен Б.Гессен ғылымның дамуын қоғамның экономикалық, техникалық және экономикалық қажеттіліктерімен байланыстырады. Ал А.Богданов қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуымен О.Шпенглер мәдениеттің үстем болуымен, басқа көптеген ғалымдар діннің, философияның, өнердің ықпалымен ғылымның дамуын түсіндіреді.
Интерналистер кейіннен когнитивистер деп аталған. Олар факт, эксперимент, болжам, теория секілді ғылыми танымның маңызды бірліктерінің жинақталуымен және олардың бірте-бірте өзгеріске ұшырап отыруымен ғылымның дамуын түсіндірді.
Бұл екі ұстаным да ғылымның даму заңдылықтарын түсіндіруде бір жақтылыққа ұрынған, өйткені экстернализм сыртқы факторларды, ал интернализм ғылыми танымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады.
Шын мәнінде ғылымның толыққанды дамуы үшін сыртқы және ішкі факторлардың да ықпалы бірдей қажет. Оларды бір-біріне қарсы қойып, әрқайсысының өзіндік рөлі мен ықпалын жоққа шығаруға болмайды.
Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің ерекшелігін, қалыптасу заңдылықтарын арнайы зерттеген ғалымдардың қатарына В.С.Степинді, В.П.Кохановскийді, Т.Г.Лешкевичті жатқызуға болады.
Я.С.Яскевич ғылым философиясының даму жолын 7 кезеңге бөліп көрсеткен2.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет