2.Ағылшын позитивизмі. Г. Спенсер.
Ағылшын қоғамдық ойында ХІХ ғасырдың күрделі екіжақты процесс орын алды. Англияның экономикалық құдіреті және елдегі саяси тұрақтылық, Британ отарлық империясының күші, техника мен ғылымдағы жаңа ашылулар буржуазия идеологтарында оптимизм, капиталистік қоғамның беріктігі мен ағылшын билік институттарының жетілгендігі туралы сенімді тудырды. Дегенмен, империалистік дәуірдің жақындауы қиындықтардың келе жатқанынан хабардар етіп, қоғамда күмән мен екі ойлылық, сенімсіздік пен мазасыздық тудырды.
Сол кездегі қоғам ойына Чарлз Дарвиннің ілімі қатты ықпал етті. Оның “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі” атты шығармасы (1859) органикалық әлем туралы түсінікке түбірінен төңкеріс жасады. Ол табиғат туралы ғылымды тұрақты негізге салды. Бірақ, Дарвиннің ашуы өзінің маңызы бойынша биология шегінен шығып кетті. Эволюция идеясы әлемнің өзгермейтіндігі туралы бұрынғы түсінікті жоққа шығарды. Ол дәстүрлі ойлауға қайшы келді, сондықтан Дарвиннің теориясы қасиетті жазуға қайшы деп бекіткен дінбасылар тарапынан қарсылыққа тап келді.
Дарвиннің ашуы ғылымның үлкен жетістігі болды, бірақ оны қоғамның дамуы үшін түсіндіруге пайдалану әрекеті, әсіресе бұл ілімнің негізінде пайда болған социал-дарвинизм теориясы басқаша сипат алды. Оның жақтастары биологиялық әлемнің заңдылықтарын қоғамға алып барды, өмір сүру заңы бүкіл тіршілік, соның ішінде адам үшін де универсальды заң деп бекітті. Олардың ойынша, өмір үшін күрес қоғамның табиғи жағдайы, сондықтан онда ең күштілер жеңеді. Социал-дарвинистер жеке адамдар арасындағы өмірге бейімділері бар сияқты, халықтар арасында да “жақсы” мен “жамандары” бар, басқаша айтқанда “жоғары” мен “төмендер”. Сөйтіп, социал-дарвинизм тікелей расизмге алып келді. Социал-дарвинистер ақ раса, ең алдымен англо-саксондар жаратылысынан үстем, басқа халықтарды басқару үшін жаратылған раса. Бұл теорияның қалыптасуына Англияның белсенді отарлық саясат жүргізуі негіз болды.
Англияның ірі позитивист-философы Герберт Спенсер (18201903) болды. Ол эволюция идеясын негізге ала отырып, барлық білім саласын қамтитын философиялық жүйе жасау үшін үлкен әрекет жасады. Өзі инженер болғандықтан, нақты ғылымдармен, соның ішінде механикамен жақсы таныс еді. Өзінің философиялық жүйесін синтетикалық философия деп атаған ол, бірнеше кітаптар шығарады. Олар “Негізгі бастау”, “Биологияны негіздеу”, “Психологияны негіздеу”, “Социологияны негіздеу” деп аталынды. Спенсер әлемнің, сондай-ақ қоғам дамуының негізінде эволюция жатыр деген ойдан шығып, оны “материяның интеграциясы және оған ілесе жүретін қозғалыстың шашырап тарауы” деп анықтады. Сонымен, ол материя белгісіз, байланыссыз біртектілік күйден белгілі байланысты әртектілік күйге өтеді, былайша айтқанда бөлінеді. Бұл заңды Спенсер универсальды деп санады және оның әрекетін әртүрлі салалардан, соның ішінде қоғам тарихынан да іздеді. Спенсер даму дегеніміз баяу және біртіндеп, ешқандай секіріссіз іске асатын процесс деп түсінді.
Ол қоғам тарихын үш кезеңге бөліп қарастырды. Бірінші кезеңде тайпалық қоғам, екінші кезеңде ерте таптық қоғам пайда болып, тайпалардың үлкен топтарға бірігуі жүреді, ұлттар пайда болады. Бұл кезеңді ол өтпелі кезең деп атады. Үшінші кезеңді ол индустриальді кезең деп атады. Адамзат баласы қазіргі күнде де осы кезеңде өмір сүруде. Қоғам ішіндегі функциялардың оның әртүрлі мүшелерінің арасында бөлінуін Спенсер адам организміндегі органдардың дифференциациясымен бірдей деп сайды. Қоғамның органикалық теориясы деп аталған бұл теория қоғамның әлеуметтік бөлінуін ақтады.
Спенсер философиясының өз дәуірі үшін прогрессивті маңызы болды, қоғам дамуының заңдылығын мойындай отырып, ол әлемді теологиялық түсіндіруден бас тартты, қоғамның барлық бөлігінің өзара байланыстылығын, оның тірі организм сияқты екендігін түсінді.
Жаңа дәуірде және ХІХ ғасырдың ортасында жеке ғылымдар қарқынмен дами бастады. Бұған қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, қоғам мен табиғатты эмпириялық жолмен зерттеудің қанат жаюы, ғылымның фактолологиялық негізінің кеңеюі әсер етті.
ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап ғылым мен философияның ара қатынасын түсіндірудін позитивистік концепциясы қалыптасты. Бұл концепцияның мәнін О.Конт «Ғылым – өзіне өзі философия» деп тұжырымдады.
Конттың пікірінше, философия ғылымның дамуына оң әсер етті. Оны мынадай екі жолмен көрсетті: біріншіден, оның аясында абстракті ойлаудың мәдениеті қалыптасты, екіншіден, көптеген жалпы ұғымдар мен теориялық концептілер жасалды.
ХІХ ғасырда ғылым өзінің дамуында көптеген материалдар жинактады, ұғымдарды көбейтті. Енді философия ғылымның дамуына тек кері әсер етеді. Бұдан былай дәстүрлі философияның дамуына орын жоқ деп есептелінді.
С.А.Лебедев, В.В.Ильин, Ф.В.Лазарев. Л.В.Лесков жазған «Введение в историю и философию науки» кітабында позитивизм аясында қалыптасқан мынадай атақты теориялар көрсетілген:
1.әр түрлі ғылымдардың нақты тәсілдері мен эмпириялық жинақтаудың, жүйелеудің нәтижесі ретіндегі ғылымның жалпы методологиясы (О.Конт)
2.ғылым логикасы ғылыми ақиқатты анықтау және дәлелдеудің жолдары туралы ілім (себеп-салдарлық байланыс (Дж.Миль));
3.табиғат туралы әр түрлі ғылымдардың жинақталуы мен интеграциясынан туындаған әлемнің жалпы ғылыми үлгісі (О.Спенсер);
4.ғылыми шығармашылықтың психологиясы (Э.Мах);
5.ұйымдастырудың жалпы теориясы (А.Богданов);
6.логикалық семантика мен математикалық логиканың әдістерінің көмегімен ғылым тілін логикалық талдау (Р.Карнап және т.б);
7.ғылымның даму теориясы (К.Поппер);
8.Лингвистикалық талдаудың теориясы, техникасы мен методологиясы (Л.Витгенштейн, Дж. Райл, Дж. Остин).
Позитивизмнің ғылыми бағыт ретінде жалпы бағдарламалық талаптары мынадай:
1.ғылым мен жаратылыстану методтарының артықшылығын мойындау;
2.себеп-салдарлық байланыстардың маңызын абсолютке айналдыру;
3.қоғамның дамуына әлеуметтік физика ретінде қарау;
4.прогресті ғылыми өсу, ғылыми рационалдылықтың өсуі мен қанат жаюы деп қарастыру.
Ғылымды философиялық талдау барысында оған аса қажетті бірнеше негіздерді атап көрсетуге болады. Яғни ғылымның зерттеу нысанына айналған құбылыс немесе қасиет, заңдылық кенеттен өздігінен пайда бола салмайды. Оған көптеген себептер әсер етеді. Оның бәрін жинақтап, әлемнің түпнегіздері деп атасақ, философиялық негіздерге жол ашылады.
Ғылымның философиялық негіздерін бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады. Мәселен, әлемнің онтологиялық негіздеріне белгілі бір уақытта қабылданылған әлем үлгісі, материалдық жүйелердің сипаты, көзқарас түрлері, олардың байланыстары жатады. И.Ньютон механикасының онтологиялық негізі кеңістік пен уақыттың субстанциялды сипаты мен олардың бір-бірінен тәуелсіздігі туралы көзқарас болып табылады.
Ғылымның гносеологиялық негіздерін белгілі әлем аясында өріс алған тек таным процесінің сипаты, сезімдік таным мен рационалдықтың өзара қарым – қатынасы, теория мен тәжірибенің байланысы құрайды.
Мәселен, Э.Мах өз уақытында теориялық ұғымдарды түсіндірудің сол кездегі дәстүріне сүйеніп, Л.Больцманның газдың молекулалы – кинетикалық теориясын жоққа шығарды. Э. Мах көрнекті теориялық ұғымдар тәжірибе жүзінде дәлелденуі керек деп есептеді. Бұл уақытта Л.Больцман қолданған «атом» ұғымы осы талапқа сай емес еді, яғни оны прибордың комегімен басқару мүмкіндігі ашылмаған болатын. Осындай гносеологиялық негіздерге сүйеніп, Э.Мах И.Ньютонның абсолютті кеңістік пен уақыт ілімін де жоққа шығарды.
Австрия физигі, философы Эрнст Мах (1838-1916) танымды ортаға прогрессивті бейімделу деп қараған. Ғылыми танымның негізі – түйсіктің жаһандық фактісі.
Махтың пікірінше, түйсіктер әлемнің алғашқы элементтері, түйсіктен тыс басқа белгісіз болмысты іздестірудің қажеті жоқ. Түйсік физикалық та, психологиялық та процесс, осыдан әлемнің бұл элементтерінің бейтараптығы туындайды.
Махизм - 1)тар мағынасында – Австрия физигі және философы Э. Махтың философиялық көзқарасының жиынтығы; 2) кең мағынасында – 20 ғасырдың басында Э. Мах, Р. Авенариус (Швейцария) және олардың шәкірттерінің еңбектерінде, сондай-ақ К. Пирсон (Ұлыбритания) мен П. Дюгемнің (франция) еңбектерінде талданған философия мен ғылыми методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт.
Кейбір сипаттары жағынан Махизмге А. Пуанкаре (Франция) мен В. Освальдтің философиялық көзқарастары бейім. Махизм – позитивизмнің бір түрі. Ресейде Махизмнің жақтаушылары марксизмді Махизммен «келістіруге» әрекеттенген В. Чернов, П. юшкевия, В. Базаров, А. Богданов т. б. болды. В. И. Лениннің « Материализм және эмпириокритицизм» атты классикалық еңбегінде Махизм жан- жақты сыналды.
Махизмнің негізгі теориялық қағидаларын Мах пен Авенариус бір мезгілде әрі бір-біріне тәуелсіз дерлік талдағанымен, Махизмнің кеңінен тарауы Махтың қызметімен байланысты. Мұның себебі оның еңбектері классикалық механизм физиканың дағдарысына тікелей жауап ретінде жарыққа шықты; Мах бұл дағдарыстың себебін түсіндірмек болып, онан шығудың программасын ұсынуға әрекет етті.
Махтың субьективтік-идеалистік ілімінің негізі оның ойды үнемдеу теориясы және ол ұсынған «таза суреттеме ғылымды» көксеуі болып саналады. «Егер ойды үнемдеу принципін шынында « дүние тану теориясының негізіне» алсақ, бұл принцип басқа ешнәрсеге емес, тек субьективтік-идеализмге апарып соғады. Тек мен және менің түйсіктерім бар деп ойлау «үнемдірек...». Мах жаратылыс тану ғылымының жаңа деректерін идеалистік тұрғыдан пайымдады, материя – себептілік т. б. ұғымдарды ғылымнан аластауға тырысты. Оның пікірінше, «заттар» ұғымы да, «Мен» ұғымы да элементтер (түйсіктер) жиынтығының шартты атаулары ғана. Ленин Махтың «элементтер» теориясының субьективтік-идеалистік мәнін әйгіледі. Махтың физикалық және психикалық дуализмді «жоққа шығаруын» кейінірек осы заманғы буржуазиялық философияның реалистік деп аталатын бағыттары, «бейтарап монизм» т. б. философиялық мектептер жақтап, дамыта түсті. В. И. Ленин Махизмді, оның «Осы заманғы жаратылыс тану философиясы» рөлін атқаруға дәмеленуін және материализм мен идеализм жөнінде философиядағы « партиядан тыс» бағыт ұстауға әрекеттенуін қатаң сынады.[1]
Көзқарастардың арасындағы байланыс заңын психология, түйсіктер арасындағы байланыс заңын физика ашуы тиіс, ал түйсіктердің өзара байланысын психофизика түсіндіруі тиіс.
«Познание и заблуждение» деген еңбегінде Э.Мах ғылымның идеалы сезімдік қабылдауды таза сипаттау, ал сана ойлауды үнемдеу принципіне бағынады деген ойды тұжырымдады. Ойлардың фактіге бейімделуі – байқау, ал ойлардың өзара бір-біріне бейімделуі – теория. Қарапайым, тәуелсіз пікірлердің аз ғана көлемін тауып, соған оның логикалық қисыны ретінде басқаны алу қажеттігі болған жағдайда ойлауды үнемдеуге мүмкін болады. Осындай реттелген жүйенің – мысалы Евклид жүйесі. Аталған принцип ағзаның өзін-өзі сақтауға ұмтылған биологиялық мұқтаждығынан туындайды. Ойлауды үнемдеу мақсатында кез-келген нәрсені түсіндіруге ұмтылмау керек, көп жағдайда жай ғана баяндай салу жеткілікті. Фактілердегі тұрақтылықты баяндауды ойлауды үнемдеудің жолы деп есептейді Э.Мах.
Ғылымның мақсаты – табиғи құбылыстардағы тұрақтылықты іздеу.
Махтың идеяларын бағалау өте қиын. Ньютонның абсолютті кеңістік идеясын сынағанына қарамастан, ол Эйнштейннің салыстырмалы теориясын қабылдаған жоқ, ал атомдық-молекулярлық теорияны табиғат мифологиясы деп бағалады.
«Кумулятивизм (от лат. cumulatio увеличение, скопление) – методологическая установка философии науки, согласно который развития знания происходит путем постепенного добавления новых положений к накопленной сумме истинных знаний»
Ғылымның негізін тіл саласында іздестіру Вена үйірмесінің мүшелерінен бастау алды. Вена үйірмесіне Отто Нейрат, Курт Гедель, Герберт Фейгл, Ганс Рейхенбах, Карл Густав Гемпель, Филипп Франк, Альфред Айер, Рудольф Карнап кірді.
Ғылыми танымның негізі – тікелей фактілерді көрсету, яғни хаттамалық сөйлемдерді жасау. Олардың көптеген жағымды сипаттары көрсетілді: хаттамалық сөйлемдер субъектің таза тәжірибесін бейнелейді, басқа барлық білімдерге бейтарап, гносеологиялық бірінші, абсолютті нақты, олардың ақиқаттығында күмән жоқ.
Ғылымның негізі болуы үшін символикалық логиканың көмегімен ғылымның бірыңғай тілін жасау қажіттігі алға шықты. Ғылыми тілді логикалық талдау бағдарламасы дайындалып, ол аналитикалық философия деп аталды. Ол ғылым тілінен екі ұшты қарапайым сөздерді ғана емес философиялық пікірлерді де алып тастауды ұсынды.
Ғылым негізі болатын екінші талап – байқау нәтижелерінің гносеологиялық алғашқылығын мойындау. Нағыз ғылыми білім сезімдік танымға телінді. Ғылыми білімнің барлық көлемі верификация принципі арқылы анықталды. Сезімдік танымда көрсетуге болмайтын логика мен математиканың ережелері – пікір айтудың кестелері ғана. Табиғат заңдары ғылым тілі заңдарына сәйкестендірілуі керек.
Карл Поппердің (1902-1994) сыни рационализмі бойынша, ғылыми білімнің негізінде оның өсуінің гипотетикалық-дедуктивті моделі жатуы керек. Ғылыми болжам ұсынылған сайын оның болашақта терістелу мүмкіндігі үнемі есте болуы тиіс. Ол фальсификация принципінде көрініс табады.
Британ ғалымы, философы Майкл Полани (1891-1976) ғылым негізінде көмескі, тұлғалық білім жатады деп есептейді, яғни ол ғылым негізіне антропологиялық ұстаным енгізеді. Танымдық және ғылыми іс-әрекетте жеке адамның тәжірибесі, табиғи таланты интеллектуалдық мүмкіндігі, ішкі толғанысы, жауапкершілігі өте маңызды. Ғылыми шығармашылық – адам бойындағы энергияның сыртқа атылып, бұрқылдап, буырқанып шығуы.
Соның нәтижесінде табиғаттың, қоршаған ортаның тылсым қасиеттері ашылады. Ешбір оқулық ғылымға сүйіспеншілікті қоздыра алмайды. Ғылыммен табысты айналысу үшін оған шынайы берілгендік, төзімділік, қайсарлық, еңбекқорлық өте қажет. Мұндай нәзік, көзге көрінер, көрінбес адами қасиеттер тек тұлғаның дербес, дара болмысында ғана болады. Яғни ғылымға бет бұруды ғалымның жеке тұлғасы ғана қамтамасыз етеді.
Поланидің пікірінше, ғылыми танымға деген икемділікті, дарынды ешбір тілдің көмегімен сипаттауға болмайды. Ғылыми мақалаларда, оқулықтарда берілген ғылыми білім бұл сана болмысының бір ғана бөлігі, ал оның танымды үнемі жетілдіретін, қоздыратын бөлігі тек ғалыммен жеке сұхбатта, қауышуда, тікелей пікір алысу барысында темірді қыздырған оттай лапылдауы мүмкін. Ол көп жағдайда көмескі, жасырын түрде қала береді. Өйткені, ғалым күнделікті өмірде лапылдап жана бермейді.
Эволюциялық эпистемологияның өкілі, американ философы Стивен Тулмин (1922-1997) танымдық процесс пен биологиялық эволюцияның ұқсастығына сүйеніп, ғылымның негізіне «табиғи тәртіп идеалдарын» қояды. Оның пікірінше, адамның танымдық аппараты – биологиялық эволюция барысында жетілдірілген бейімделу тетігі. Сондықтан оны эволюциялық терминологияны пайдаланып, «популяциялық ұғымдар теориясы» деп атайды. Олардың әр уақытта болып отыру мүмкіндігі сақтау процесі мен мутациялық процестерге ұқсас. Мутациялар сынау мен өзіндік сынау факторларымен тежеледі.
Интеллектуалдық орта күшті популяциялардың жеңіп шығуына мүмкіндік берген уақытта өзгерістер пайда болады. Білімнің дамуындағы «тарихи бастама» идеясын ұсынады. Ғылымдағы ұзаққа созылған ірі өзгерістер кенеттен пайда болған секірістердің нәтижесінде емес, керісінше, әрбір жеке проблемалық ситуациядан қалып кеткен ұсақ өзгерістердің бірте-бірте жиналып, өсе беруінен туындайды.
«Концептуалды популяциялардың» эволюциялық тетігі интеллектуалды және әлеуметтік-экономикалық факторларды өзара әрекеттестіреді. Егер инстуициалдық, әлеуметтік, идеологиялық ұстанымдар тиімсіз болса, онда дау тудыратын мәселелер көп уақытқа дейін шешілмейді. Әлеуметтік факторлар интеллектуалдық жаңашылдықты басып тастайды. Бірақ бұл жағдайда интеллектуалдық факторлардың, яғни ғылыми рационалдылықты дамытушы ғылыми элитаның ролі өте зор. «Жасанды сұрыптаудың» табысты болып тың популяциялық ұғымдардың пайда болуы осы элитаның әрекетімен тығыз байланысты.
Ғылымдағы өзгерістер ғалымдардың ұстанымының өзгеруінен туындайды. Сондықтан Тулмин ғалымдардың беделі мен ықпалына көп көңіл бөледі. Тарихи бірін-бірі ауыстырған ғалымдар түсіндірудің тарихи ауысуын да қамтамасыз етеді. Ғылымның мағынасы интеллектуалды көзқарастар жиынтығының, дәстүрінің келесі ұрпаққа жеткізілуімен түсіндіріледі.
Американың физигі және философы Томас Кун (1922-1995) ғылым негізіне парадигма ұғымын енгізді. Ғалым әлемді қабылданған парадигмаға негізделіп, зерттейді.
Парадигма ғалымдардың классикалық еңбектерінде, оқулықтарда көрініс табады. Олар ұзақ уақыт білім беру, зерттеу жүргізу әрекеттеріне ықпал етеді. Ғылым негізінің тағы да бір маңызды элементі – ғылыми қауымдастық.
Ғылыми қауымдастық нақты бір саланың өкілдерінен және ғылыми жұмыстары мен ізденістері бір-біріне өте жақын ғалымдардың бірігуінен пайда болады.
Парадигма ғылыми теория ұғымынан кең мағынадағы термин. Оған әлеуметтік-психологиялық, этикалық ережелер, қалыптар кіреді. Парадигманың пісіп-жетілуі – ғылыми саланың дамығандығының өлшемі. Белгілі парадигманы таңдау логиканың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар, философиялық, құндылықтық факторлармен де түсіндіріледі. Қабылданған парадигма аясында дамып отыратын қалыпты ғылым парадигманың күйреуімен күрт тоқтап қалуы да мүмкін. Бұл белгілі кешенді өзгерістерді, яғни ғылыми революцияларды тудырады.
Британ философы және ғылым тарихшысы Имре Лакатос (1922-1974) ғылым негізіне ғылыми-зерттеулер бағдарламасын қойған. Ғылымның дамуы – ғылыми-зерттеу бағдарламаларының ауысып отыруы.
Пол Карл Фейерабенд – (1924-1994) америкалық философ, методолог, методологиялық плюрализм идеясын ұсынды. Ғылым негізінде теориялардың көбею тетігі жатуы тиіс. Пролиферация теориясы ғылымда бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әртүрлі бағыттағы, мақсаттағы теориялар жасала беруі тиіс деп есептейді. Өйткені, олардың бірі болмаса, екіншісі түптеп келгенде тиімді нәтиже береді.
Біртұтас методологиялық ұстанымды қабылдамағандықтан, ғалымға бәрі рұқсат етілген деген ұранды желеу еткендіктен П.Фейерабендтің теориясын «эпистемологиялық анархизм» деп атаған.
Американың философы Джеральд Холтон ғылым дамуын ғылымды тақырыптық талдаумен түсіндірген. Ол ғылымда тұрақтылықты, сабақтастықты, инварианттылықты табуға бағытталған.
Рудольф Карнап (нем. Rudolf Carnap; 18 мамыр 1891 жыл, Вупперталь, Германия — 16 қыркүйек 1970 жыл, Санта-Мария, Калифорния) — неміс-американдық философ және логик, ғылым философиясындағы логикалық позитивизмнің жетекші өкілі.
Карнап математикалық логика аппаратын қолдана отырып, ғылымның негізгі ұғымдарын нақтылау үшін жаратылыстану ғылымының құрылымын талдауды ғылым философиясының пәні деп санайды.
Карнаптың жұмысында үш кезең ерекшеленеді.
Бірінші кезеңде ол бірқатар радикалды неопозитивистік тұжырымдамаларды (физикализм және т.б.) алға тартты және философияның дүниетанымдық сипатын жоққа шығарды.
Екінші кезеңде Карнап ғылымның логикасы-бұл нақты объектілердің табиғаты мен олардың ғылым тілінің ұсыныстарына қатынасы туралы мәселелерді ғылыми талқылау мүмкіндігін жоққа шығарып, сөйлемдер, ұғымдар мен теориялар арасындағы таза синтаксистік байланыстарды талдау деген тезисті алға тартты. Карнап логикалық синтаксис теориясын дамытады, предикаттарды кеңейтілген есептеу тілін теңдікпен және шексіз индукция ережесімен ғылым тілін логикалық талдау құралы ретінде жасайды.
Үшінші кезеңде (1936 жылдан кейін) Карнап "ғылымның біртұтас тілін" құрумен айналысып, таза синтаксистік тәсілдің жеткіліксіздігі және семантиканы, яғни тіл мен ол сипаттаған пәндер арасындағы қатынасты ескеру қажеттілігі туралы қорытындыға келеді. Карнап өзінің семантикалық теориясына сүйене отырып, индуктивті логиканы ықтималды логика ретінде қалыптастырады, индуктивті тұжырымдардың формальды теориясын дамытады (атап айтқанда, ұқсастық бойынша тұжырымдар), семантикалық ақпарат теориясын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |