Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет38/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

Дәстүрлі ойлау


Шығармашылық ойлау

Пайда болған идеялардың дұрыстығына, дәлдігіне назар аударады


Көптеген, тіпті іске асуы мүмкін емес идеяларға назар аударылады


Мақсатқа бағытталған сарында қозғалады


Мақсатсыз, қозғалу, ізденіс үшін жұмыс жасалады


Аналитикалық, әртүрлі қырлар жиынтығына көңіл бөлінеді


Синтетикалық, проблемалық ситуацияны интуитивті игеруге ұмтылыс жасалады


Әрбір аяқ алыстың дұрыс болуы талап етіледі. Өйткені бір жерден кеткен қателік барлығына әсер етуі мүмкін


Бірден бірнеше бағытта жұмыс жасалынады. Нақты аяқ алыстан кеткен кемшілік жалпы нәтижеге әсер етпеуі мүмкін


Шешім табу жолдары ықтималды бағыттарды есепке алады, алдымен мүмкін болатын болжамдар тексеріледі


Шешім табу жолдары белгісіз бағыттарда, тіпті біздің дүниетанымымыздың шеткі жақтарында, мүлдем қараусыз қалған қабаттарында жүргізіледі


Теріске шығару кеңінен қолданылады, дұрыс емес болып табылған идея ізденіс аясынан бірден аластатылады


Терістеуді пайдалануға ұмтылыс болады, бірақ кез келген балама шешімдерге, тіпті бір-біріне қарама-қарсы пікірлерге де назар аударылады


Бастапқы мәліметтердің дұрыстығы мен шешу алгоритмінің дәлдігі нәтижесінде соңғы нәтижеге қол жеткізіледі


Нәтиже ықтималды сипатта болады


Бастапқы мәліметтердің толықтығы мен шешу жолдарының тиімділігінің арқасында күтілген нәтиже алынады


Белгісіздік жағдайында да нәтижелі, мәліметтердің толық еместігінен, шешу жолдары мен күтілген нәтижелердің сапасы белгісіздеу сипатта


Әрине, автор ұсынған кесте11 дәстүрлі және шығармашылық ойлаудың ара қатынасын толық ашпайтын болар. Дегенмен осы ойлау түрлерінің өзіндік сипатының ерекшеліктерін біршама қамтыған.

Соңғы кезде креативті ойлау термині жиі айтылып жүр. Креативтілік – шығармашылық ұғымына барабар. Бірақ оны ерекшелейтін ең өзекті белгі – қалыптасқан жағдайды жылдам бағамдап, шұғыл шешім қабылдау, яғни ойлаудың ептілігі, икемділігі және шапшаңдығы алдыңғы қатарға шығады.
Шығармашылықта, ойлаудың креативтілігін ешуақытта шынайы талантпен шатастыруға болмайды.
Атақты биші Майя Плисецкаяның сөзімен айтсақ, «Талант сирек кездесетін, мүлдем сирек деп айтуға болады, жаратылысынан қанға дарыған табиғаттың өзгеше сыйы, әрі қуанышты, әрі ұлы құбылыс. Жатпай-тұрмай оқумен ізденумен, еңбектенумен, тындырымдылықты талантты болу мүмкін емес. Білімділікті, кәдімгі еңбекке деген ынтаны ешқашан талантпен шатыстырмаған жөн»12.
Әлемге ғылыми таным аясынан шығып, көз тіккендердің ішінде табиғатынан талантты сәуегейлер, көріпкелдер, болжам жасаушылар көптеп кездеседі.
Әлеуметтік-гуманитарлық білім – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың заңды туындысы. Шын мәнінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар деген анықтама сәтті емес, өйткені онда ғылымның дербес екі саласы біріктірілген. Әлеуметтік ғылымдар – эмпириялық негізі бар қоғам туралы ғылымдар. Мысалы, экономика, демография, этнография, этнология, социология.
Ал гуманитарлық ғылымдарға мәдениеттану, филология, тарих жатады. Бірақ адам мен қоғамға қатысты барлық мәселелер бір-бірімен өте жақын болғандықтан, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар деп жинақтап айту, пайдалану дәстүрге айналған.
Гуманитарлық ғылымдардың негізгі нысаны – адам және қоғам. Адамның барлық обьективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, мәдени ортада, яғни қоғамдық қарым-қатынастардың қолайлы жағдайында ғана іске асады.
Қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде алып, оның негізгі және қозғаушы күштерін, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайтын әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дүниетанымдық және методологиялық негізі болып табылады.
Қоғам дегеніміз – табиғаттан салыстырмалы тәуелсіз, рухани, материалдық жүйе, материя эволюциясының нәтижесі. Оның мәні адамның әрекетінің әртүрлі формаларымен тығыз байланысты. Дүниені тану, игеру, оны өз қисынына бағындыру жолында тынымсыз еңбек ете отырып, адам табиғат аясында, бірақ одан тіпті басқаша болмысты дүниеге келтірді. Осы жаңа болмыс, адамның еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталды.
Қоғам – өте күрделі жүйе. Оның барлық тынысының иесі адам болып табылады. Адам қоғамның, оның тарихының жаратушысы, кеңістігі мен уақытындағы негізгі кейіпкер.
Гуманитарлық ғылымдардың ерекшелігін қоғамдық болмыстың екі жақты табиғатынан іздестіру қажет. Гуманитарлық ғылымдардың пәні – адам және оның әлемі, қоғам және оның мәдениеті. Жаратылыстану ғылымдары тылсым табиғаттың бейтарап қасиеттері мен құбылыстарын зерттесе, гуманитарлық ғылымдар адам санасының елегінен өтетін тіл, символдар секілді құбылыстарды зерттейді.

Гуманитарлық ғылымдар, ең алдымен, адамның рухына, оның болмысындағы адамилықты зерттеуге бағытталған.


Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады. Әлеуметтік танымның методологиялық мәселелері мәдениет туралы ғылымдар жүйесінде іздестіріле бастады.
ХҮІ ғасырда және ХҮІІ ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің идеалы дедуктивті математикалық жүйе, ал оның негізгі шыңы, жетістігі Евклид геометриясы болды. Осы өлшемге гуманитарлық танымды да жақындату көзделді.
Кейіннен, ХІХ ғасырдың соңына дейін ғылымилықтың негізгі өлшемі – механиканың қарапайым заңдылықтарына сүйеніп, болмыстың барлық қырларын танып білуге ұмтылыс жасалды. Тіпті философияны геометриялық қисынмен жасау қолға алынды. Мысалы, Б.Спиноза геометриялық жолмен этиканы дәлелдеуге кірісті. Жаратылыстану аясынан шыққан математикалық және механикалық-атомарлық идеалдар мен методтар бірте-бірте қоғамдық, әлеуметтік ғылымдарға да ене бастады.
Бірақ қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар өте күрделі, олар ұдайы өзгерісте, дамуда. Үнемі өзгеріп тұратын, жедел жүріп отыратын әлеуметтік-тарихи үдерістерді сығымдап ұстап, механикалық заңдарға теліп қоюға мүлдем болмайды.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік еткен, жаратылыстану ғылымының әдістері мен принциптерін біржақты әмбебап ұстанымға айналдырған натуралистік методология күйреуге ұшырады.
ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың бас кезінде мәдениет туралы ғылымдардың өзіндік методологиясы мен әдістері болатындығы туралы пікір жан-жақты пісіп жетілді. Өмір философиясы мен жаңа кантшылдардың Баден мектебі осы идеяны қолдаушылар және дамытушылар болды.
Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдардың өзіндік табиғатына назар аударып, оны ерекше зерттеген сонымен қатар тіл, діл, мәдениетті түсіндіруге үлес қосқан ғалымдар.


Аты, жөні

Негізгі еңбектері


Өзекті идеялары


1

Гумбольдт Вильгельм
(1767-1835) – неміс ғалымы

Философия және тіл мәдениеті. М.,1986


Тіл – рух қызметі, дүниетанымның өмір сүру формасы


2

Огюст Конт (1798-1857) – француз философы

Позитивті философияның рухы. Ростов-н/Д. 2003


Социология терминін ғылымға енгізді


3

Вильгельм Дильтей (1833-1911) – неміс философы, мәдениет тарихшысы

Рухани ғылымдарға кіріспе. (1883)


Дильтей гуманитарлық ғылымдардың жеке пәні және методы бар деп есептеді. Табиғатты түсіндіреміз, ал рухани өмірді ұғынамыз


4

Генрих Риккерт (1863-1936) -неміс философы

Табиғат туралы ғылымдар мен мәдениет туралы ғылымдар (1911)


Риккерт «ғылыми таным», «өнер», «этика», «жалпы өмір игілігі», «тұлғалық нигилизм» ұғымдарын сараптайды


5

Макс Вебер (1804-1920) -неміс экономисі, социологы

Протестанттық этика және капитализм рухы (1904-1905), Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы


Ғылым социологиясын жасады. М.Вебер «идеалды тип» категориясын деректемелік материалдарды ұғым ретінде жүйелейтін үлгілер, кестелер, бітімдер деп анықтады


6

Михаил Михаилович Бахтин (1895-1975) орыс әдебиетшісі, мәдениеттанушы

Эстетика словесного творчества. М.,1979


Полифония, мәтін, карнавал, «үлкен уақыт», «кішкене уақыт», хронотоп, диалог ұғымдарын зерттеген


7

Ханс Георг Гадамер (1900-2000) неміс философы, герменевтиканы дамытқан

Ақиқат және метод. Философиялық герменевтика негіздері


Ұғыну – Гадамердің пікірінше, дүниені танушы, әрекет етуші және баға беруші адамның өмір сүру тәсілі


8

Мишель Фуко (1926-1984) француз философы

Білім археологиясы


Тіл – адамдар арасындағы биліктік қатынастарды реттейтін әлеуметтік құрал


9

Альберт Швейцер (1815-1965) неміс гуманисі, теологы

Мәдениет философиясы. (1923)


Өмірді құрметтеу негізгі идеясы. 1952 жылы Нобель сыйлығын алған.


Әрине, ғалымдардың осындай тың ізденістері ескерусіз қалған жоқ. Олар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дамуына жаңа рең, тың көзқарастар әкелді, ондағы механикалық біржақтылықтың ізі де қалған жоқ.



Қазіргі уақытта әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамда болып жататын өзгерістердің бәрін түсіндіруге негіз болатын бірыңғай идеалды теорияның болмайтынына көз жеткізді.
Теория мен практиканың ара қатынасы өзгерген сайын жаңа ұғымдар мен ұстанымдар пайда болып отырады.
Әлеуметтік ғылымдар да, техникалық және жаратылыстану ғылымдары сияқты бірін-бірі толықтыратын методологияның көптігі жағдайында ықтималды білімге сүйенуге мәжбүр. Мұндайда әлеуметтік болжау, оқиғалар дамуының әр түрлі жолдарын алдын-ала білу өте қиынға соғады. Қазақстанның тарихи өліарада тұруы, әлеуметтік дамудағы қалып пен аномалияның, яғни ауытқудың өзара қарым-қатынасының күрделілігі назарға алынады.
Қоғамның ХХІ ғасырдағы даму қарқынында белгісіздік пен күтілмеген іс-әрекеттер қатары көбейе түскен сайын әлеуметтік гармонияға апаратын жолды көрсету қиындай түскені рас. Соңғы кезде жиі айтылып жүрген синергетикалық принциптер тұрғысынан қоғамдық өмірді зерттеу өзекті мәселеге айналуда.
Заман өзгерген сайын құндылықтар жүйесі де өзгеріп отырады. Қазіргі жаһандану мен ұлттық бірегейлену заманында гуманитарлық ғылымдардың зерттеулеріне негіз, тұрақты болатын жаңа методологиялық өлшемдер іздестірілуді. Жаңадан туындаған, тың әлеуметтік мәселелерді зерттеуге, осы уақытқа дейін қолданылған, пайданылған парадигмалардың өресі жете бермейді. Мұның себептерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың алдында тұрған міндеттер жүйесінен айқын көруге болады.
1. Зерттеу обьектісінің аясы кеңейді. Қазіргі уақытта қоғамдық дамудың өзекті факторын ғылыми, техникалық және басқа да ақпаратты өндіру және пайдалану деп есептейтін ақпараттық қоғам ұстанымы қалыптасты. Капитал мен еңбекті ақпарат пен білім ығыстырады.
Теледидар, компьютерлік қызмет пен энергетикаға негізделген ғаламдық электронды өркениеттің жобасы дайындалуда. Компьютердің кең қанат жаюы дәстүрлі білім көздерін ығыстырып, электронды оқулықтарды, киноларды, видеофильмдерді әкелуде. Адамаралық қатынастардың жаңа тетіктері пайда болуда, әртүрлі мәдениеттер мен діндердің бір-біріне тәуелділігі арта түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет