Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


-дәріс. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктері



бет36/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
13-дәріс. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктері
1. Танымның ғылымнан тыс түрлері

2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктері


3. Қазақстандағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар


Өзекті ұғымдар: парағылым, жалған ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым, тарих философиясы, мәдениеттану, әлеуметтану, психология, экономика, құқықтану.
Адамның дүниетану мүмкіндігі кең және әртүрлі. Тіршілік етуінің қисынына қарай өзі өмір сүріп отырған ортаны игере береді. Сол ортаға еніп, оған тереңдеген сайын бейімделу аясы ұлғайып, дүниетанымының тың қабаттары пісіп жетіледі. Оның сипаты міндетті түрде ғылыми бола алмайды, өйткені кез келген адам ғалым емес.

Ғылыми өлшемге сай емес, бірақ дүниедегі шындық пен құбылыстардың мәнін түсінуге ұмтылушылықты ақыл-ой белсенділігі, табан астынан тауып айтатын тапқырлық, жүректі жұлқитын, сезімдерді селт еткізетін сәттік пайымдау да білдіреді. Бұлар да танымға жатады, бірақ олар көпшілік қабылдап, стандартқа, үлгіге айналдырған белгілі қалып заңдылықтарына сәйкес бола бермейді. Қазақ тіліндегі әдебиеттерде оны парағылым деп анықтайды. Парағылым термині сәтті табылған ұғым емес. Осындай дүниетанымдық мүмкіндіктерді анықтау, айшықтау төңірегінде біраз жұмыс істеу қажет.


Адамның дүниені тануы, игеруі жолында сезім сергектігі, ой ұшқырлығы, оралымдылығы, көкірек ояулығы, байқағыштығы бәрі-бәрі іске қосылады. Ой туралы көптеген ұтымды сөз тіркестері баршылық. Жүйрік ой, сергек ой, ұшқыр ой, оралымды ой, тапқыр ой ... осылай жалғаса береді. Мұның бәрі ойлау үдерісінің мол және терең мүмкіндіктерін айшықтайды.
Адамның бітім болмысында ғылым әлі түсіндірмеген тылсым қасиеттер молынан кездеседі. Мұның өзі ғылымнан басқа білімдердің де әлемді түсіндіруге, ұғындыруға қауқары жететінін тағы да еске салады.
Ғылым мен шығармашылық феноменін түсіндіру барысында небір ұтымды ізденістер мен ой ағыстары болғандығы таң қалдырады. Жалпы сезім, логос, ішкі білім, ақылды көрегендік, бүтін біртұтастық, интуиция, нұрлану – осы ұғымдардың бәрі адамның дүниені тануының, игеруінің мәніне үңілуден туындап отырған.
Шығармашылық – адамның табиғи таланты мен интеллектуалдық мүмкіндігінің кеңінен ашылуының жоғарғы көрінісі. Шығармашылық – бұл ұлы қуаныш, сонымен қатар ұлы қиналу мен күйзеліс. Біздің талантты, ізденімпаз туысқанымыз Саадет Түрікөз жазған «Кәрі қазақ» сазында қазақ күңіренісі естіледі. Түркияда туып өскен, Швейцарияда тұратын қазақ қызы Саадет Түрікөз – дауысты еркін игерген дарын иесі. Журналистің «сіз қай жанрда өнер көрсетесіз» деген сұрағына Саадет «мұны еркін импровизациялық, эксперименттік, авангардтық музыка деуге болады. Нотаға жазылмайтын нәрсе. Бөлек жанр. Сахнада өнер көрсетіп тұрған сәтте маған қазағымның ойлары, өмір сүрген халдері, суреттері көп келеді, соны жеткіземін. Күшті өзімнің ішкі түпкірімнен, тамырымнан аламын» деп жауап берген. Одан әрі өз ойын былай жалғастырады: «Өнер жолында маңыздысы – басқаға бірдеңе беру. Егер жастар әнімнің ішінен бір нәрсе көрдік, ішіміз жыбырлады, «сезіндік» десе, бұл қандай жақсы?!»8...
Өнерде өнерпаздың ойы мен дүниетанымы тыңдарманның түйсігі мен қабылдауы өзара тікелей ұшырасады. Білінбейтін, бітіспейтін тылсым сұхбат жүріп жатады. Осы үдерістің барысында өнерде, әлеуметтік өмірде, ғылым мен техникада бұрын-соңды болмаған жаңалықтар пайда болады, дүниенің тылсым сыры ашылады, әлем өз болмысының әртүрлі қабатында мүлгіген керемет қасиеттері мен заңдылықтарына жол ашады.
Шығармашылық – адам бойындағы энергияның сыртқа атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы.
Шығармашылықтың қайнар көзі - өмір сүруге деген құлшыныс.
Интуитивизмнің негізін салушылардың бірі Н.О.Лосский «Сезімдік, интеллектуалдық және мистикалық интуиция» еңбегінде интуицияның философиялық категория ретіндегі ерекшеліктерін жіктеу барысында айшықтаған. «Қасиеттерді әлемді біртұтас бүтіндік түрінде қабылдауы – мистикалық интуиция, шығармашыл тұлғаның сезімдерге иек артып, көркем өнер тудыруы мен жаңалық ашуы – интеллектуалдық интуиция, сонымен қатар, белсенді шығармашыл, іскер болудың негізі сезімдік интуиция»9 деп сараптаған.
Ойлау - адамның үздіксіз интеллектуалды әрекетінің тоқтаусыз ағыны, әрқашан да біртұтас және жүрдек. Жалпы интуицияның философиялық мәні таным барысында болмыстың табиғаты жөніндегі дайын білімді алу және жинастыру тетігі болуында.
Ғылыми жаңалық ашу - өте қиын және ұзақ үдеріс. Бірақ күтпеген сәттік ұтымды шешімдер де жоққа шығарылмайды. Өзі ерекше көңіл бөліп, күнімен, түнімен ойланып жүрген мәселенің шешімі аяқ астынан табыла кетуі де мүмкін ғой. Мұны бақытты кездейсоқтық деп бағалауға болады. Ғалым тұлғасында сирек кездесетін тапқырлық, зеректік, көрегендік, қырағылық осындай бақытты кездейсоқтықпен толықтырылып отырады.
Ғылыми шығармашылықтағы интуицияның рөлі туралы жазылған А.Н.Луктың «Интуиция и научное творчество» тақырыпты мақаласында неміс ғалымы Ф.Лезердің шығармашылық ойлауды сараптаған пікірі талданған.
Ф.Лезер шығармашылық ойлаудың он кезеңін атап көрсетті10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет