Сызықты алгебра элементтері. №1 дәріс. Тақырыбы: Матрицалар және анықтауыштар



бет3/5
Дата26.01.2023
өлшемі209,5 Kb.
#63097
1   2   3   4   5

Матрица рангі


Кез келген тік бұрышты матрицаға тең сандық сипаттамасын қарастырамыз. Матрица рангі базистік жолдар (базистік бағандар) деп аталатын жолдар (бағандар) санын анықтайды , ал қалған жолдарды (бағандарды) осы базистік жолдардың (базистік бағандардың) сызықтық комбинацияларынан алуға болады.
Анықтама. А матрицасының k - ші ретті миноры деп кез келген k жолы мен k бағандарының қиылысуындағы элементтерінен құралған аныќтауышты айтады.
Анықтама. А матрицасыныœ рангі деп осы матрицасының нөлге тең емес минорларының ең үлкен ретін айтады. Ол немесе , немесе символдарының біреуімен белгілейді.
-бүтін теріс емес сан.
Нөлдік матрица рангі нөлге тең деп есептеледі.
Матрица рангін табу үшін оның 1 -ші ретті минорынан бастап барлық минорларын нұқсансыздыққа зерттесе болғаны.
Көмкеруші минорлар әдісі бұл процедураны едқуір жеңілдетеді. Осы әдісті түсіндірейік.
Кез келген 1 - ші ретті нұқсансыз минор (А матрицасының нөлге тең емес элементі) алынады , оны А1 деп белгілейік. Енді А1-ді көмкеруші (ішінде А1 болатын) барлық 2 -ші ретті минорлар қарастырылады. Егер оның барлығы нұқсанды болса , онда , ал егер олай болмаса , яғни ең болмағанда нұқсансыз екінші ретті бір минор бар болса , онда оны А2 арқылы белгілейміз. Келесі циклдер осы сияқты жалғасады. А матрицасының k- ші ретті нұқсансыз миноры , ал оны көмкеретін барлық минорлар нұқсанды болса ,онда , ал егер олай болмаса нұқансыз минорын алып процесс одан әрі жалғасады.
А матрицасы үшін элементар түрлендірулер деп келесі түрлендірулерді айтады:
1.Жолдарды немесе бағандарды орын алмастыру;
2. Қатарды немесе бағанды нөлдік емес коэффициентке көбейту;
3. Матрицаның қатарына немесе бағанына сол матрицаның қатарын немесе бағаның қосу жєне қандай да бір k санына көбейту;
4. Нөлдік қатарды алып тастау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет