Сызықтық бағдарламалаудың жалпы есебі және математикалық бағдарламалау есептерініңмодельдерін құру


Сызықтық бағдарламалау әдістерімен шешілетін есептердің класстары мен мысалдары



бет5/7
Дата25.12.2023
өлшемі147,42 Kb.
#143277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 Сызықтық бағдарламалау

1.6 Сызықтық бағдарламалау әдістерімен шешілетін есептердің класстары мен мысалдары


Өндірісті жоспарлау есебі (ресурстарды оңтайлы қолдану).
Мысалы. А, В және С бұйымдарын жасау үшін акционерлік қоғам 1, 2 және 3 үш әр түрлі қорларды қолданады.
А бұймының бір бірлігін, Вбұймының бір бірлігін, С бұймының бір бірлігін шығару үшін 1-ші қордың пайдалану нормалары сәйкесінше 18, 15 и 12 кг;2-ші қордың пайдалану нормалары А, В және С бұйымдарын шығару үшін -6, 4 және 8кг; 3-ші қор үшін -5, 3 және3 кг.
А, В және С бұйымдарының бір данасын өткізу кірісі сәйкесінше 9, 10 және 16 мың тенгені құрайды.
Бұйымдар кез-келген мөлшерде шығарылуы мүмкін, себебі өткізу қамтамасыз етілген. Алайда, олардың шығарылуы осы уақыттағы бар әр қордың жалпы мөлшерімен шектеледі, бірінші қор түрінің жалпы мөлшері 360кг, екіншісі – 192кг, үшіншісі – 180кг құрайды.
Өндірістік АҚ жалпы кірісі ең көп болатын А, В және С бұймдарының шығару жоспарын құру керек.
Бастапқы мәліметтерді 1.10 кестесіне енгізуге болады.

Кесте 1.10



Қор түрлері

Бір бұйымға кететін қордың нормасы

Қордың жалпы мөлшері

А

В

С

1

18

15

12

360

2

6

4

8

192

3

5

3

3

180

Кіріс

9

10

16




Математикалық үлгі.


Айнымалылар: х1- А бұйымының саны (шт); х2 –В бұйымының саны (шт), х3 –С бұйымының саны (шт).
Мақсатты функция: f (х1, х2, х3)=9х1+10х2+16х3 → max
Шектеулер:
Мысалы. 1 мысалдың шарты бойынша өнімді өткізуде қиындықтар бар. Өнеркәсіп жоспар бойынша А бұйымының 5, В бұйымының 7, С бұйымының 18 данасынан кем емес шығаруға міндетті. Жоспар артығымен орындалуы мүмкін, бірақ белгілі бір шектеулермен, сұраныс шарты әр түрлі шығарылатын даналардың санын шектейді: 8, 15, 22 бірліктен аспауы керек. Өндірісті жоспар орындалатындай немесе артығымен орындалатындай , ал жалпы кіріс максимумге айналатындай қылып жоспарлау керек.
Математикалық үлгі.
х1- А бұйымының саны (шт); х2 –В бұйымының саны (шт), х3 –С бұйымының саны (шт).
Мақсатты функция: f (х1, х2, х3)=9х1+10х2+16х3 → max
Шектеулер:
Мысалы. Қордың 100 данасы және 2 жоба бар. Бірінші жоба бойынша салынған қаржының бір бірлігіне қайтарым 1,8; екінші жобада -1,4. Бірінші жобаның сәтті аяқталу ықтималдылығы 0,85, екінші жобанікі – 0,95. Күтілетін пайда максимал болатындай инвестицияларды жобалардың арасында бөлу керек. Ресурстар бар мөлшерінен артық пайдаланбайтындай, ал күтілетін жоғалтулар бар ресурстың 9% артық болмауы керек.
Математикалық үлгі.
Айнымалылар: х1- бірінші жобаға салынған инвестициялар мөлшері; х2 – екінші жобаға салынған инвестициялар мөлшері.
Мақсатты функция: f (х1, х2)=1,8∙ 0,85х1+1,4∙ 0,95х2 → max
Шектеулер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет