Сызықты үлгілер ерекше орын алады. Сызықты үлгілерді зерттеулермен математиканың сызықты программалау



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі80 Kb.
#14284
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 1

Модель (үлгі) – түп нұсқаны ауыстыратын және оның зерттеуге қатысты маңызды сипаттары мен қасиеттерін бейнелейтін объект. Математикалық қатынастардың жиынтығын көрсететін үлгі (модель) – математикалық деп аталады.

Математикалық экономика – нақты экономикалық объектілердің математикалық үлгілерін зерттейді.

Математикалық экономикалық әдісі – экономиканы күрделі серпімді

жүйе (динамическая система) ретінде жүйелік талдау.



Жүйе - өзара байланыстағы, белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын элементтер бірлестігі.

Экономикадан тыс жүйе – жүйе қызметі жүргізілетін, оны қоршаған орта.

Ішкі жүйе(подсистема) – жүйенің мақсатымен үйлестірілген, ол мақсатты

іске асыратын, ішкі жиынның элементтері (мысалы, ішкі жүйе негізгі жүйенің қызметтерінің белгілі бір бөліктерін іске асырады.

Экономиканың негізгі мақсаты – қоғамды тұтыну заттарымен қамтамасыз ету. Оның ішінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндері де бар.

Экономиканың элементтері – шаруашылық бірліктері оларғы форма, банка, кәсіпорын жатады.

Экономиканың жүйелік ортасы – табиғат және қоғам, ал ішкі жүйелері - өндірістік және қаржы несиелік жүйелер.

Зерттеу обьектісі ретінде әртүрлі бағыттарды қарастырады.



Мысал 1. Зерттеу обьектісі – шағын кәсіпорын. Зерттеуге шағын кәсіпорынның белгілі бір тауар нарығындағы және қызмет көрсету жұмыстары жатады.

Мысал 2. Коммерциялық директор баға деңгейінің , өнімді сату көлеміне

әсерін талдайды.

Сату көлемімен нақты баға деңгейінің арасындағы тәуелділікті анықтау үшін, ол алдымен өткен аралықтағы мәліметтермен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ол бұл аралықта халықтың табысының өзгерісін, бәсекелес өндірушілер саясатының өзгеру мүмкіндігін т.б. жағдайларды бақылауға алуы тиіс. Статистикалық бақылаулардың мынадай екі түрлері ерекшеленеді:

Егер, есеп бақылау нәтижелерін салыстыруға қатысты болса, онда статистикалық үлестіру орын алады.

Егер де есеп нәтижелер тізбегін хронологиялық анықтауға байланысты болса,

онда уақытша қатарлар құрылып, талданады.

Статистикалық бақылаулар зерттелуге тиіс элементтер жиынымен

жасалады. Бірақ, барлық уақытта бүкіл жиынды қамтудың қажеттілігі шамалы. Оның белгілі бір бөлігін бөліп алса жеткілікті. Бұл таңдау жасауға келтіреді.

Таңдау жасау маңызды, өйткені соған байланысты барлық жиынға талдау жасалып, нәтиже қорытындылады.

Статистикалық бақылау мәліметтерді өңдеу нәтижесінде алынады. Әрі,

статистикалық сипаттау белгілеріне сәйкес бір өлшемді немесе көп өлшемді

болулары мүмкін.

Уақытша қатарлар айнымалылардың өзгеруін уақытқа қатысты сипаттайды.

Экономика-статистикалық талдаулар жүргізген кезде зерттелуге тиіс белгілердің мәндерінің сипатталуы маңызды орын алады. Мысалы, сапа

жағынан болмаса, сан жағынан сипатталулары.

Әр түрлі А1, А2...,Аn , белгілерімен жүзеге асқан А сапа белгісі бар болса,



онда бақылау нәтижелерін талдағаннан кейін А1 сапаларының жалпы саны ni

бақылаулардан келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет