Сүйектердің жіктелуі,құрылысы және құрамы. Қаңқа бөлімдерінің функционалдық анатомиясы



Дата15.11.2023
өлшемі199,92 Kb.
#122461
түріҚұрамы
Байланысты:
анатомия 3

Сүйектердің жіктелуі,құрылысы және құрамы. Қаңқа бөлімдерінің функционалдық анатомиясы.

Орындаган:Ермурат Нурдаулет

Кіріспе


Сүйектің құрылысы
Құрамы
Жіктелуі
Қаңқа бөлімдері

Сүйектердің құрылысы

  • Буындарөзекшелер;борпылдак қабат;қыртысты қабат;жілік майы;остеоциттер (сүйек жасушалары);қантамырлар.

Сүйектердің құрылысы

  • Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар – иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

Сүйектердің құрамы

  • Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында – 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат – оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

Сүйектердің жіктелуі

  • Түтікті сүйектер қол аяқ сүйектерін түзеді. Олар қысқа (тоқпан жілік, білек, ортан жілік, сирақ сүйектері) және қысқа (алақан, табан, саусақ сүйектері) болып бөлінеді.Түтікті сүйектерде цилиндірлі денесі-диафизі және кеңейген екі шеті-эпифиздері болады. Диафиз бен эпифиздің арасында өсу зонасы-метафиз болады. Осы метафиздің арқасында дене ұзынына өседі, өсуі тоқтаған адамда метафиз жоғалып кетеді. Түтікті сүйектің дифизіндегі қуыста сары сүйек майы, ал эпифиздерінде қызыл сүйек майы орналасады.Кемікті сүйектер сыртқы жағы қатты заттан, ал ішкі жағы борпылдақ заттан тұрады. Осының арқасында олар үлкен жүктемені көтере алады. Кемікті сүйектерге жатады: білезік, тілерсек сүйектері, омыртқа денелері және денедегі қосымша сүйектер (сесамовидные кости).Жалпақ сүйектер дене қуыстарын шектеп тұрады (бас, кеуде, жамбас қуыстары). Оларға жатады: иық жіне жамбас белдеу сүйектері, төс, қабырғалар, ми сауыты сүйектері. Бұл сүйектерде екі қабат қатты заттың арасында жұқа қабат борпылдақ зат орналасады. Жалпақ бассүйектердегі борпылдақ затты диплое деп атайды.Аралас сүйектер пішіні күрделі.Олардың бір бөлімі кемікті болса, е

Қаңқа бөлімі

  • Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. Тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.

 Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет