Слайд-дәріс тақырып: «Жадты басқару»



бет1/10
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72675
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
  • СЛАЙД-ДӘРІС
  • Тақырып: «Жадты басқару»
  • Информатика кафедрасы
  • Пән атауы: «Операциялық жүйелерді администрациялау»
  • Мамандық: – «Информатика»

Дәріс жоспары:

Кіріспе

  • Жады – мультипрограммалы операциялық жүйе тарапынан мұқият қадағалауды талап ететін маңызды ресурстардың бірі. Жадының маңызды рөлі былай түсіндіріледі: процессор программаның нұсқауларын тек олар жадыда орналасқан жағдайда ғана орындай алады. Жады қолданбалы программалар модульдері арасында бөлінетіні сияқты, операциялық жүйенің өз модульдері арасында да бөлінеді.

Кіріспе

  • Бұрынғы операциялық жүйелерде жадына басқару жай ғана программаларды және оның берілгендерін (деректерін) кейбір ішкі жинағыштардан (перфоленталар, магнитті ленталар немесе магниттік дискілер) жүктеу арқылы жүргізілді. Мультипрограммалаудың пайда болуымен операциялық жүйелерге бар жадыны бір уақытта орындалатын бірнеше программлардың арасында бөліп беруге байланысты жаңа мәселелер қойылды.

Кіріспе

  • Мультипрограммалық жүйеде жадыны басқаруды операциялық жүйенің функциялары:
  •  бос және бос емес жадыны қадағалау;
  • процестерге жадыны бөліп беру және процесс орындалып болған соң жадыны босату;
  • барлық процестерді орындау үшін негізгі жадының көлемі жетпеген жағдайда процесттердің берілгендері мен кодтарын оперативті жадыдан дискіге ауыстыру (толық және бөліктік) және орын босаған уақытта оларды қайтарып алу;
  • программалар адрестерін физикалық жадының нақты облыстарына баптау.

Кіріспе

  • Процесттердің құрылуы кезінде оларға алғаш жадыны бөліп берумен қатар операциялық жүйелер жадыны динамикалық бөлумен де айналысуы керек. Яғни процестің орындалуы барысында қосымша уақыт сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қосымша жадыға деген мұқтаждық өтелген жағдайда ол жүйеге қайтарылады. Кездейсоқ ұзындықтағы жадыны уақыттың кездейсоқ аралығында жалпы жадыдан бөлу оның фрагментациялануына алып келеді және осының салдарынан жадыны пайдалану тиімділігі төмендейді. Жадыны дефрегментациялау да жадының бір функциясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет