Б.з.д 4-3ғ Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды
Ғұндар – нақтырақ б.з.д 206ж бері бой көтеріп, біздің заманымыздың 216ж дейін өмір сүрді
Ғұндар – Байкалдан – Тибетке, Шығыс Түркістаннан – Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін б.з.д -47ж ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді
Оңтүстік ғұндар: Қытай бодандығын қабылдады
Солтүстік ғұндар: Орталық Азиялық тайпалармен одақтасып, батысқа кетіп, тәуелсіздігін сақтады
Үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Щаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғаш қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аударуы біздің заманымыздың 93ж Қытайлар ығыстыруымен Қазақстан территориясы арқылы тағы да батысқа жылжыды
Қоғамы
Ғұндарда: -Елді шаньюй басқарды -Одан кейін түменбасылар тұрды
Патрихалдық – рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған.
Ғұн тайпаларында: әлеуметтік теңсіздік қалыптасты
Шаруашылығы: -көшпелі мал шаруашылығы -аң аулау -егіншілік -қолөнер кәсібі дамыды
Ғұндарда бұйымның бетіне түрлі заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталды -Орталық Қазақстанда дамыды -Бұйыдардың безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болды
Ғұндардың негізгі баспанасы: Киіз үйлер болды
Ғұндар: Ат сайысы ойындарының негізін салды
Ғұндар: Дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірді
Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дәнүкіштер сияқты егін салуға арналған және оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған