Слайдтарға арналған тезистер



бет2/8
Дата22.12.2022
өлшемі55,93 Kb.
#58996
1   2   3   4   5   6   7   8
Слайд 2 Қазіргі уақытта бізде 37 кафедра бар. 9 факультетте 37 мамандық бойынша білім берудің үш деңгейіне сәйкес 11 мыңнан астам адам оқиды.
Мәлімет үшін: 1957 жылы ЖОО-ны құру кезінде үш факультет ашылды: Агрономиялық, Жерге орналастыру және Ауыл шаруашылығын механикаландыру, онда барлығы 250 студент оқыды.

Білім беру үдерісін 852 оқытушы жүзеге асырады, оның 72-сі ғылым докторы және 345-і ғылым кандидаты, ал 1958 жылы профессор-оқытушылар құрамы небәрі 27 адамды құрады, оның тек 1-еуі ғылым докторы және 7-еуі ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.


ЖОО-да 12 мамандық бойынша (ветеринария, агроинженерия, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.) PhD докторантура және 16 мамандық бойынша магистратура жұмыс істейді, 2 диссертациялық кеңес бар.

Университет Қазақстан Республикасының алғашқы жоғары оқу орындарының қатарында «Русский регистр» және IQNet (Халықаралық сертификаттау желісі) сертификаттау жүйесінде ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне аудиттен өтті. Сертификат №000340 18.04.2005 ж.




Слайд 3 Университеттің дамуына ғылыми жетекшілердің үлкен тобы көп үлес қосты.
Слайдта сіздер біздің университеттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ректорларды көре аласыздар.


Слайд 4 2019 жылы университет ҚР Үкіметінің Қаулысымен «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды, ал 2020 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілген зерттеу университеті мәртебесін иеленді.


СЛАЙД 5 Біздің университеттің 2020 - 2024 жылдарға арналған Даму бағдарламасының мақсаты оның базасында ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдегі жетекші зерттеу университеттерінің моделі бойынша зерттеу университетін құру болып табылады.
Даму бағдарламасы 5 бағытты құрайды:
1. ҚАТУ-ды зерттеу университеті етіп реформалау үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
2. Зерттеу бағыттарын кеңейту және ғылыми нәтижелердің сапасын жақсарту
3. Білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту
4. ҚАТУ қызметінің нәтижелерін практикаға жылжыту жүйесін арттыру.
5. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жетіспейтін инфрақұрылымды құру.
Осы міндеттерді шешу үшін ҚАТУ-ды дамыту бағдарламасы шеңберінде оны іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілді.
СЛАЙД 6 Бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы, агрономия, агроэкология, биология, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, фитосанитариялық қауіпсіздік, қорғаныш орман өсіру және мал шаруашылығы салаларында бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламалары негізінде мамандар даярлау бойынша AgroParisTech (Франция) компаниясымен жоба іске асырылуда.


СЛАЙД 7 Сондай-ақ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-мен (ХАТУ) бірлесіп, «Цифрлық агрожүйелер мен кешендер» бакалавриаты бойынша Білім беру бағдарламасы енгізілді, оның мақсаты ауыл шаруашылығын цифрландыру саласында мамандар даярлау болып табылаты.


СЛАЙД 8 Біз оқу-өндірістік практикадан өтуді ұйымдастыру арқылы білім беру сапасын арттыруға көп көңіл бөлеміз. 2022 жылы білім алушылар 152 ірі кәсіпорыннан, 11 ғылыми-зерттеу институтынан (ҒЗИ) басқа 10 зертханада және біздің университеттің 3 еншілес ғылыми-өндірістік ұйымдарында тәжірибеден өтті.
Соның нәтижесінде бізде түлектерді жұмыспен қамтамасыз етудің жақсы деңгейі бар екенін атап өткім келеді. 2021 жылы бакалавриат бойынша жұмысқа орналастыру – 81%, магистратура бойынша – 80% және докторантура бойынша – 87% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет