Сламова Айым Ерланқызы (А. Т.Ә.) Курс 1 білім беру бағдарламасы



Дата24.05.2022
өлшемі1,44 Mb.
#35527
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
отчет айым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАНДЫҚ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Педагогика және психология» кафедрасы


_______Оқу__ практикасы бойынша
ЕСЕП
Білім алушы: Сламова Айым Ерланқызы
(А.Т.Ә.)

Курс _1__ Білім беру бағдарламасы_ 6В01701_Қазақ тілі мен әдебиеті


______________10.05.22-21.05.22 ж.____________________ практикадан өтті
(практикадан өту мерзімі)
Практика өткен орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ
(кәсіпорынның, мекеменің атауы)
Есепті тексерді:

ҚАЕУ тарапынан практика жетекшісі Едильбаева Г.Б.___________


Кәсіпорыннан практика жетекшісі Мергазина Д. Т. ___________


(мөр)


Қорғалған есептің бағасы _______________________________

Өскемен, 2022 ж.


Мен ,Сламова Айым Ерланқызы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті 10.05.22 – 21.05.22 күндері аралығында №46 орта мектебінен оқу практикасынан өттім. Оқу практикасының негізгі міндеттері: ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен танысу; ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;мамандықтың қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу.
«№46 орта мектебінің» тарихына тоқталсақ. Мектеп 2015 жылдың кыркүйек айында О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің ғимаратында ашылды. Ал, 2016 жылдың 25 қаңтарында 19- шағын ауданында орналасқан Көкжал- Барақ 8/2 көшесіндегі білім ордамыз орналасқан жаңа ғимаратқа ресми түрде алғаш қадам басты. Мектептің негізгі мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерінің заманауи тұрғыда жан-жақты дамуыту.



Мектепте жалпы саны 2090 бала білім алуда. Жалпы мұғалімдер саны-149. Оның ішінде, педагог-шебер-2, педагог-зерттеуші- 45, педагог-сарапшы- 31,


педагог-модератор-37, санатсыз-22 мұғалім жұмыс жасаса, ал одан бөлек І санаты-2, ІІ категориялы – 6 , жоғары категориялы -4 ұстаз бар.

Мектептің құрылысын айта кетсек. Мектепке кірген сәтте қазақтың шаңырағы бой көтеріп тұр. Шаңырақтан шуақ шашып, күмбез іспеттес боп, 4 блок тарайды. 


А блогының екінші қабатында информатика, медициналық бөлме, психоголиялық көмек көрсететін бөлмелер, ағылшын, өзін-өзі тану кабинеттері орналасқан. А блогының үшінші қабатында ҚР мемлекеттік рәміздері бой көтерген.



Д блогында 2 физика, 2 биология, 1 география, 1 химия, 3 технология, 1 алғашқы әскери дайындық, 1 сызу кабинеті арнайы құрылғылармен жабдықталып, оқушылардың пәнді толық игеруіне жағдай жасалынған. 2018 жылы «ІТ» кабинеті орнатылды. Қазіргі таңда ІТ маман Сырымбек Мағжан шәкірттері робототехника бойынша қалалық, облыстық, республикалық байқаулар жеңімпаздары. 2020 жылы соңғы жаңартылған білім мазмұнындағы модификацияланған «STEM» кабинеті жабдықталды. 
Соның нәтижесінде, мектеп оқушылары түрлі қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарымен өз ұстаздарын қуантуда. 

Жаңа стандартпен салынған мектепте 4 қазақ тілі сыныбы бар. В блогында қазақтың ұлы ақыны, адамзаттың кемеңгері ұлы Абай өмірі мен шығармашылығына арналған. «Абайтану» залы, «Абай әлемі», ұлы ұстаз«Қанипа Бітібаева» кабинеттері осы блокта бой көтерген.

Бұл – жас ұрпақ үшін рухани құндылыққа толы блок. 2020 жылы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық байқауда «Абайтану» залы «БАС жүлде», «Абай әлемі» кабинеті 1-орынды иеленді. 

Мектеп директоры Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна. Бүгінгі таңда педагогикалық еңбек өтілі 39 жылды құрайды. Оның 12 жылы облыстың әр түрлі мектептерінде оқу ісі меңгерушісі, ал 3 жылын «№ 46 орта мектебінде» басшылық қызмет атқарумен келеді. Санаты: жоғары, педагог-зерттеуші. Кәсіби тұрғыдан өз ісінің маманы. Әр сабағын оқушылардың жан- жақты білім алуда жан- жақты білім қалыптастыруда бағытталған жоғары кәсіби деңгейде өткізеді. Гулфарида Базарбаевна – өз ісінің нағыз білгір маманы, жаңа форматтағы басшы. Ұжым мүшелері және ата-аналар арасында жоғары бедел мен абыройға ие.
Гулфарида Базарбаевна 11-сынып түлектерін ҰБТ-ға мақсатты түрде дайындайды. Соңғы үш жылдағы орыс тілі пәні бойынша ортақ балл: 17 б, 18,5б, 19б, білім сапасы 90%, 95 %, 100% құрайды. 
Ол қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ашық сабақтар беру, баяндама оқумен қатар, халықаралық деңгейдегі «Білімдегі инновация» ғылыми-практикалық конференциясында «ҰБТ-ға дайындау жолындағы мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Атаулы жұмыс «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» атты республикалық журналға мақала ретінде шығарылды. 2017 жылы Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығында шығатын «Әлем өзгеруде – біз өзгерудеміз» журналында «Біздің мақсат – әр оқушыға сапалы білім беру» мақаласы жарық көрді.
2015, 2016, 2017, 2018 жылдары ҰБТ қорытындысы бойынша қалалық білім беру басқармасынан, ШҚМУ, ШҚМТУ-дан елеулі еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2014 жылғы түлектер ата-аналары атынан «Рудный Алтай» газетіне «Учитель перед именем твоим...» алғыс білдіру мақаласы 2015 жылы наурыз айында жарияланды.

Бұл ең алғашқы оқу практикасы болғандықтан, бірінші күні мектептің өзімен, мектеп әкімшілігімен таныстым. Оқу практикасының мақсаты ,бақылау менің теориялық білімімді тереңдету және пəн мұғалімінің жұмысымен танысу. Жәнеде менің міндеттерімнің бірі ол,осы оқу практикасы арқылы болашақ өз ісімнің маманы ретінде бәрін бақылап,қарап өзімнің білім деңгейім мен тәжірибемді одан сайын жетілдіру болды.


Осы оқу практикасынан өту барысында менің алға қойған басты мақсаттарымның бірі -жоғары оқу орынында теориялық оқу барысында алған білімімді нығайтып сабақ беру барысындағы тактикаларды мұғалімнен қарап бақылау болды.

Оқу практикасы аралығында, мен 5-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптарының сабағына қатысып,сол сыныптармен жұмыс жасадым. Алғашқы күндері мектептін ішімен және сыныптағы балалармен жақынырақ таныстым.


Оқу практикасының үшінші күні (13.05.22ж) Мен 5-сыныптың 2 сабағына қатыстым. Сабақта балалар «Төл сөз» бен «Төлеу сөз» тақырыптарын өтті. Жетекшім Динара Төлендиновна, балаларды топқа бөліп бір-бірін бағалату арқылы сабақты жүргізді. Ал, сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бекіту сұрақтарын қойып шықты.
Оқу практикасының төртінші күні (16.05.22ж) Аптаның бірінші күні,жетекшімнің айтқан тапсырмаларын орындадым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің жұмыс істеу функцияларымен таныстым.
Оқу практикасының бесінші күні (17.05.22ж)Бұл күні мен мектептің іс-қағаздарымен танысып зерттедім. Kundelik.kz-тің жұмыс барысымен танысып,меңгердім. Балалардың бағаларын табельге қоюға көмектестім.



Оқу практикасының алтыншы күні (18.05.22ж) Жетекшім алған тоқсандық жиынтық бақылауларды тексердім. Және солардан шыққан қорытынды бағаларды kundelik.kz-қа қойып шықтым. Осы оқу практикасында, байқағаным мұғалім мамандығының сабақ беруден бөлек ,атқаратын жұмыстары өте көп. Сол себепті де, бұл мамандық аса үлкен жауапкершілікті талап етеді.



Оқу практикасының жетінші күні (19.05.22ж) Тоқсанның аяғы болғандықтан, көптеген сыныптар тоқсандық бақылауларын жазып жатқандықтан ,мұғалімнің сабақ беруін дұрыс бақылай алмадық. Бірақ онымен қатар, мен күнтізбені қалай толтыру керектігін жетекшімнен қарап,бақылап көрдім.


Оқу практикасының сегізінші күні (19.05.2022) Балалардың кітаптарын түгендеп,реттеп кітапханаға тапсырдық. Және де қауіпсіздік ережелеріне байланысты,балалардың ата-аналарынан жазғы демалыстарын қайда өткізетіндерін сұрастырып, қолдарын қойдырдық.
.

Оқу практикасының тоғызыншы күні (20.05.2022) Балалардың тоқсандық жиынтық бақылауларын жинап ,тексеріп,бағаларын қойдым.


Балалардың төрт тоқсан бойы алған бағаларын қосып,ортақ жылдық бағаларын шығардық. Және де, сол алған бағаларын жетекшіме табельмен, kundelik.kz-ке бағаларын қоюға көмектестім.

Оқу практикасының ең соңғы күні (21.05.2022) Практиканың күнтізбесі мен есеп құжаттарымен реттеп, қорытындылап мектеп әкімшілігінен мөр мен қолдарды қойдырдым. Бір жақтары қиында, келесі бір жағы қызықты болған оқу практикасы да аяқталды.


Жалпы 10.05.22.-21.05.22 аралығында болған оқу практикасы кезінде, түйгенім өзімнің болашақ мамандығымның маңызы зор екені. Осы оқу пратикасы арқылы мамандығыма керек көп заттарды үйреніп меңгергенім.Әр балаға ерекше көңіл бөліп, оның психологиясында танып білу мұғалімнің атқаратын функцияларынын бірі деп санаймын. Осы практикада не үйренгенімді айтып тізіп шықсам. Ең бірінші сабақ барысында, балалардың бірін-бірін бағалау үшін түрлі тапсырмалар беру,сол арқылы өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Және де тағы бір үйренгенім ол kundelik.kz сайтымен жұмыс жасау,сол арқылы балалардың бағаларын қою, күнтізбедегі жоспарлау уақытын қалай қоюды, жалпы сайттың өзімен қалай жұмыс жасауды меңгере алғаным. Және де, практикада бір байқағаным өзімнің мамандығыма деген бейімділігімнің бар екендігі. Оны балалармен жұмыс жасау кезінде түсіндім.Оларға менімен сабақ өткізідің қызық екендігін,және де мені тындай біле алатындарын байқадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет