15. Лесгафт-Грюньфельд ромбы,
tetragonum lumbale
Лесгафт-Грюньфельд ромбы, tetragonum lumbale, оның қабырғалары
-----------------------------------------------------------------------------------
Жоғарыдан- ш. serratus anterior;
Төменнен- in. obliquus internus abdominis;
Ішінен (медиалді)- m. erector spinae;
Сыртынан және жоғары-ХІІ қабырға;
Түбі-кљлденең бұлшықеттің апоневрозы.
-----------------------------------------------------------------------------------
Практикалық маңызы: бұл ромб арқылы ішперде арты клетчаткалық іріңдері артқы құрсақ қабырғасына таралуы мүмкін.
VII. Аяқтың өзектері
16.Сан өзегі (canalis femoralis).
Лакуналар.
Сан өзегенің құрылысын жете түсіну үшін, біріншіден, қан-тамыр және бұлшықет лакуналарының құрылысымен танысуымыз қажет. Сан доғасы ("шап өзегін" қараңыз) мықын сүйегінің жоғарғы-алдыңғы мықындық қырынан шат төмпешігіне дейін созылады. Аталған сүйектер мен доға аралығында тұйық кеңістік болады. Сан доғасының шат сүйегіне бекіген жерін, ішкі лакунарлы жалғаманың жиегі (lig. lacunare немесе-Жимбернатов) байланыстарады. Лакунарлы жалғамадан мықын-шат төмпешігіне (eminentio iliopubica, немесе Куперов) жалғамасы өтеді. Мықын-шат төмпешігін сан доғасының латералді шетіне дейін мықын- қырлық доға (arcus iliopectineus) жүреді, ол мықын-бел шандырының бөлігі болып саналады. Мықын-шат доғасы мен жамбас сүйектері аралығында саңылаулы екі ланунаға бөлінеді. Латералді немесе бұлшықет лакунасы (lacuna vasorum), оның ішінен жамбас-астау қуысынан сан сүйегінің кіші ұршығына мықын-бел бұлшықеті (m. iliopsoas) өтеді. Медиалді, көлемі жағынан кішірек немесе қан-тамыр лакунасы (lacuna vasorum), оның ішінен жамбас-астау қуысынан санға сыртқы мықындық артериясы және венасы өтіп, бұл жерде сан қан-тамырлары деп аталады (сурет-14,15).
Бұлшықет лакунасының медиалді бөлігінен мықын-бел бұлшықетінен басқа, сан нервісі (n.femoralis) өтеді. Сан доғасының латералді бөлігі бойымен мықын-шат жолы және шап жалғамасы, оны құрастырушының бәрі мықын-бел шандырымен тығыз бірігіп кетеді. Сондықтан іш қуысы бұлшықет лакунасынан түпкілікті бөлінген және оның ішінен кірне сирек шығады. Бірақ, бұлшықет лакунасы арқылы туберкулез омыртқаға жайылғанда санға іріңдер (суық абцесстер) ағуы мүмкін. Осындай оқиғалар ірі үлкен белдік бұлшықеттің тереңі немесе белдік шандырдың асты арқылы зақымданған омыртқалардан ортан жіліктің кіші ұршығына дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |