Сүлейменова Ф. М


Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы



бет17/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы
Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан құралған, өзектің латералді бөлігінде іштің ішкі қиғащ бұлшықетімен бекілген (сан доғасынан басталатын бөлігімен).
Өзектің алдьщғы қабырғасын құрауға қатысатын осы бұлшықеттің қатысы мағыналы, егер оның төменгі шеті төменірек орналасса, (сурет-10 ) кейде өзектің алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің жеке апоневрозынан құралуы мүмкін (Горелик, 1963; по Ярцеву, 1964) Осындай инвидуальдарда жарықтың пайда болуына жағдай туады (П.А.Куприянов, Н.И.Кукуджанов). Өзектің

алдыңғы қабырғасы медиалді беткей шап сақинасымен аяқталады.


Сурет-10
Шап өзегі арқылы өтетін шап аймағының сагиталді кесіндісі (Lampe бойынша, 1978, өзгертілген).
1-тері; 2-тері асты-майлы клетчатка; 3-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы; 4-іштің ішкі қиғаш бұлшықеті; 5- шап доғасы; 6-тұқымдық шылбыр; 7-шап жалғамасы; 8-іштің көлденең бұлшықеті; 9-көлденең шандыр қабық; 10-ішперде; 11-шап орағы; 12-мықын-шат жолы; 13-шат сүйегінің бұтағы; 14-ішперде алды клетчаткасы.
Беткей шап сақинасы,
anulus canalis inguinalis
Беткей шап сақинасы (annulus canalis inguinalis) өзінің негізімен шат сүйегінде жатады, ал бүйірінен іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының талшықтарының тарамдарымен латералді және медиалді шектелген, ол талшықтар екі аяққа топталады. Оның латералді аяғы (crus laterale) шат төмпешігіне бекіп, сыртқы сақинаны астынан және латералді қоршайды. Осы аяқтың төменгі шеті шап жалғамасының медиалді бөлігі болып саналады. Келесі,

медиалді аяғы (crus mediale) шат симфизіне бекіп, сақинаны жоғарғы жағынан және медиалді қоршайды. Бұл аяқтың шап жалғамасына және сан доғасына ешқандай қатысы жоқ. Беткей шап сақинасы екі аяқпен шектеліп, пішіні саңылау тәрізді және іштің сыртқы қиғаш бұлшықегі апоневрозы талшыктарының жолына паралелль, саңылаудың жоғарғы бұрышы аяқ аралық талшықтармен дөңгеленеді. Төменгі, жоғарыда айтылғандай, шат сүйегінің шап жалғамасы бекитін бөлігінде жатады. Кейде сақинаны медиалді төмен және артынан (тереңірек) тұрақсыз қайырылма жалғама (lig. reflexum) шектейді немесе Колза жалғамасы. Кейін ол жалғама іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының латералді аяғының ішкі талшығына (қарама-қарсы жағына) көшеді. Сыртқы шап сақинасы іштің алдыңғы қабырғасының ішкі беткейінде орналасқан медиалді шап шұңқырына проекцияланады (Привес бойынша). Сонымен, сыртқы шап сақинасының даекаралары болып:


-------------------------------------------------------------------------------
Төменнен латералді-іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының латералді аяғы;
Жоғарыдан және медиалді-іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозының медиалді аяғы;
Жоғарыдан және латералді-аяқ аралық талшықтар;
Медиалді төмен және артынан-қайырылма жалғамасы (тұрақсыз).
------------------------------------------------------------------------------

Саңылауды тексеретін мүмкіндіктер:


Тексерістерде қалыпты жағдайда ересек ер адамдарда саңылау бармақтың шетін өткізеді деп саналады, бірақ, оның көлемі орта есеппен 1,2х2,5-тен 1,5x3,5 см. аралығында өзгеруі мүмкін. Сонымен, шап өзегінің қабырғаларының құрылысы ұйғарылған схема бойынша былай көрсетіледі.

Алдыңғы- іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, іштің ішкі қиғаш бұлшықеті (өзектің латералді бөлігінде);


Артқы- латералді шұңқыр аралық жалғама, ортасында- көлденең шандыр;
Медиалді-шап орағы;
Жоғарғы- латералді іштің көлденең бұлшықетінің төменгі шеті, ортасында-іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі шеті;
Жоғарғы-медиалді-апоневроз аралық клетчаткалық саңылау.
Төменгі-шап жалғамасы және мықын-шат жолы (сан доғасы).
--------------------------------------------------------------------------------
Шап өзегін құрайтын бөліктердің өзара қатынасын жақсы елестету үшін және өздеріңіздің білімдеріңізді тексеру үшін сіздерге келесі түсініктерді ұсынамыз:
Сіздер көздеріңізге елестетулеріңіз керек, мысалы: құрсақ қуысынан оң шап өзегі арқылы умаға жылжуыңызды.
1.Сіздің алдыңызда шап өзегіне кіру-ішкі шап сақинасы. Онда кірген соң, сіз іштің ішкі қиғаш бұлшықетіне кезігесіз. Содан соң сіз солға төмен бұрыласыз.
2.Енді сіз шап өзегінің сырттан үшіндесіз, көлденең шандыр аралығында, осы бөлікте ол шұңқыр аралық жалғамамен (сізден сол) және іштің қиғаш бұлшықетімен (сізден сол) көрсетілген. Сол артынан терең шап сақинасы, сіздің қолыңыздың үстінде ішгің көлденең бұлшықетінің төменгі бос шеті асылып тұрады. Сіздің қолыңыздың астында - мықын -шат жолының бір-біріне жақындауынан пайда болған сан доғасы (сізден сол) және шап жалғамасы (сізден оң).
3.Кейін жылжи отырып, сіз өзектің ортаңғы ішіне түсесіз. Осы бөліктің оң жағында іштің ішкі қиғаш бұлшықеті бітеді, ал оның шетінен іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы көрінеді. Сізді сол жағынан ішперде алды клетчаткасынан көлденең шандыр бөліп тұрады. Жоғарыдан іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің
апоневрозы көрінеді. Сізді сол жағынан ішперде алды клетчаткасынан көлденең шандыр бөліп тұрады. Жоғарыдан іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі бос шеті асылады. Төменгі қабырғасы өзгермейді.
4.Кейін тағы жылжи отырып, сіз өзектің ішкі үштен біріне түсесіз. Бұл жерде сіздің сол жағыңызда мықын-шат жолы мен шап жалғамасының аралағына көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттерінің созылған апоневрозы қосылып тіреліп орналасады. Шап орағы сізді көлденең шандырдан бөледі. Сізден жоғары-іштің сыртқы қиғаш және ішкі бұлшықеттері апоневрозының аралығында орналасқан, майлы клетчаткаға толы, жоғарыға кететін саңылау. Осыдан іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы латералді аяқпен көрсетілген, ал төменгі қабырғасы өзгермейді.
5.Кішкене алдына және оңға қарай беткей шап сақинасы тәрізді өзектен шығу жері болады. Соған бұрып, сіз іштің сыртқы бұлшықеті апоневрозының латералді (Сізден сол жоғары) және медиалді (Сізден оң төмен) аяқтарының арасында боласыз. Жоғары оң аяқ аралық талшықтар ілініп, төмен сол және кішкене артта қайырылма жалғама қалады. Төменнен-шап жалғамасы мен шат сүйегінің шат төмпешігінің байланысқан орны. Кейін енге кіру.
Шап кірнелері (жарықтары).
Хирургияда құрсақ қабырғасының кірнесі деп, (травмадан немесе операциядан кейін) ішкі мњшелердің ішперденің париеталді табағымен алдын-ала пайда болған тесіктер, саңылаулар, өзектер немесе бұлшықет апоневрозы қабатының деффектілері арқылы шығуын айтады (Г.Е.Островерхов).
Хирургиялық аурулар ішінде шап жарығы жиі ауру, ал кірнелер арасында бірінші орын алады. Шап кірнесі ер кісілерде жиі кездеседі. Оларда шап өзегі кішкене қысқалау, екі сақинаның саңылауы (ішкі және беткей) жалпақтау, оның
ішінде тұқымдық шылбыр жатады, оны қысуға мүмкін емес.
Сіздер осы сұрақ бойынша түпкілікті мағлұматтарды хирургия оқулығынан ала аласыздар. Шап кірнесінің туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Егер ішперденің қынаптық өсіндісі туғанға дейін бітігі кетпесе, ол ішкі мүшелерді енге әкелетін өткізгіш болып саналады, соның әсерінен бала туғанда немесе алғашқы күндері туа пайда болған шап кірнесімен туады. Іштен туа пайда болған шап кірнесі қиғаш болады. Жүре пайда болтан шап кірнесі өмір бойы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар, шап кірнесі қиғаш және тік деп бөлінеді. Қиғаш шап кірнесінде кірне қабының салбырауы ішкі шап сақинасы арқылы өтеді, латералді шап шұңқырына сәйкес келетін (сурет-11).
Осындай кезде кірне қабы толық шап өзегі (қиғаш бағыты бар, сондықтан кірне қиғаш деп аталады) және оның екі тесігі арқылы өтеді. Кірне қабы көлденең шандыр есіндісінің ішінде байқалып, тұқымдық шылбырдың элеменітерімен қоршалады. Сонымен, қиғаш шап кірнесінде кірне қабы тұқымдық шылбырдыћ ішінде орналасып, сол арқылы енге түсіп, кірненің ендік ішін қалыптастырады. Оны қарапайым пальпаторлы әдіспен анықтауға болады.

Тік шап кірнесінде кірне қабы шап өзегінің медиалді шап шұңқырына сәйкес келетін сыртқы шап сақинасы арқылы өтеді. Сондықтан оның жолы тік болады. Тік шап кірнелеріне кірне өзегінің ұзындығы қиғаш шап кірнесіне қараганда бірталай қысқа. Кірне қабы тұқымдық шылбырдан ішке қарай орналасып, онымен ешқандай байланыста болмайды және де ен қуысына түспейді. Тік шап кірнесі, көбінесе, екі жақты. Сонымен қатар, өте жиі кездесетін шап кірнесінің бір түрі-қуық үсті кірнесі (әдеби оқулықтарда 1990ж. Г.В.Володарскийдің зергтеуімен осындай кірненің түрі 78 адамда байқалған). Ол куық үсті шұңқыры арқылы шығады, содан соң тік шап кірнесінің жолына сәйкес келеді. Шап


Сурет-11
Алдыңғы құрсақ қабырғасының артқы беткейі (париеталдік ішперде алынып тасталған)
1- іштің тік бұлшыкеті; 2- іштің қиғаш және көлденең бұлшықеттері; 3-алдыңғы құрсақ қабырғасының париеталді ішпердесі; 4- plica umbilicalis medialis 5- plica umbilicalis mediana; 6- ductus defferens et a. testicularis; 7- a. et v. iliaca
26
externa; 8-сан кірнесі; 9- жапқыштық кірне; 10- a. et n. obturatorius; 11- membrana obturatoria; 12- fossa supravesicalis; 13-қуық; 14-fossa inguinalis medialis; 15-шат сүйегінің қыры; 16- lig. lacunare; 17- a. epigastrica inferior 18- m. iliopsoas; 19- сан доғасы; 20- fossa inguinalis lateralis; 21- plica umbilicalis lateralis.

Сурет-12
Шап өзегінің беткей сақинасы (схема түрінде)


1 -aponeurosis m. obligii externi abdominis; 2-crus laterale; 3-fibrae intercrurales; 4-crus mediale; 6-anulus inguinalis superficialis; 7-lig. reflexum; 8- symphysis pubica; 9- funiculus spermaticus; tuberculum pubicum; a.et v. femorale; 12- arcus iliopectineus; 13- lacuna musculorum; 14-lig. inguinale; 15-spina iliaca anterior superior.


11. Іштің ақ сызығы, linea alba
Іштің ақ сызығы іштің жұп жалпақ бұлшықеттері апоневроздарының сіңірлі талшықтарының қиылысынан түзілген сіңірлі табақ болып есептеледі. Ол іштің тік бұлшықеттерінің арасында орналасып, семсер тәрізді өсіндіні шат симфизімен байланыстырады. Ересек адамдарда іштің ақ сызығының ұзындығы 30 см-ден 40 см-ге дейін, ал оның
ені әр деңгейде әр түрлі, семсер тәрізді өсінді деңгейінде-0,4-0,5 см., сәл төмен-1 см., кіндік тұсында-2-3 см-ге тең. Кіндіктен төмен іштің ақ сызығының ені жіңішкеріледі, бірақ 3-4 мм-ге дейін қалыңдайды, ал кіндікке дейін қалыңдығы-1-2 мм-дей.
Практикалық маңызы: құрсақ ішкі қысымының көтерілуінен іштің ақ сызыгының сіңірлі талшықтары созылуы мүмкін, соның салдарынан олардың арасында саңылау пайда болады. Ол саңылау арқылы ішперде алды клетчаткасы шығып, жалған кірнелер пайда болады. Кейін түзілген саңылау арқылы ішперде салбырап, іштің ақ сызығының кірнелері-hernia lineae albae түзілуі мүмкін.
Іштің ақ сызығы кірнелері жиі кіндікке дейін кездеседі, себебі; бұл жерде іштің ақ сызығы жіңішке және жалпақ.
Іштің ақ сызығын құрсақ қуысына жасалатын операциялар кезінде жиі қолданады, себебі, бұл тұста қан-тамырлар аз немесе жоқ деуге болады.
12. Іштің тік бұлшықетінің қынабы,
vagina m. recti abdominis
Іштің тік бұлшықетінің қынабы, іштің үш жалпақ бұлшықетінің апоневроздарынан құралады, олар тік бұлшықетті жан-жағынан қоршап, оның алдыңғы және артқы қабырғаларын түзеді.
Іштің тік бұлшықеті қынабының алдыңғы және артқы қабырғаларының құрылысы әр деңгейде әр түрлі. Оң және сол алдыңғы жоғарғы мықын қырларын қосатын көлденең сызықтан жоғары, іштің тік бұлшықетінің алдыңғы қабырғасын-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің алдыңғы табағы, ал артқы қабырғасын-іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы табағы, іштің көлденең бұлшықеті және көлденең шандыр құрайды.
Бұл сызықтан төмен (немесе кіндіктен төмен) іштің тік бұлшықетінің қынабының алдыңғы қабырғасын іштің үш жалпақ бұлшықетінің апоневроздары, ал артқы қабырғасын тек қана көлденең шандыр кұрайды.
Іштің тік бұлшықетінің артқы қабырғасын көлденең шандыр құрап, оның артында ішперде арты клетчаткасы және ішперде орналасады. Артқы қабырғасының осындай анатомиялық құрылысы жамбас астауы мүшелерінің физиологиялық жағдайлардың әсерінен өзгеруіне байланысты. Мысалы; толық несеп қуығының жоғары ығысуы, жүктілік кезінде жатырдың жоғары бағытталуы.


13. Жапқыштық өзек ( canalis obturatorius)
Жапқыштық өзек сан үшбұрышның терең қабатында орналасып («сан өзегін» қараңыз), кіші жамбас астауының ішперде алды клетчаткалық кеңістігінен санның алдыңғы- ішкі беткейінен санның әкелетін бұлшықеттерін құрайды. Жапқыштық өзекті өзек де, сол сияқты шап өзегін өзек деп, айту толық дұрыс емес. Түпкілікті жапқыштың өзек пайда болғаннан кейін пайда болады.
Жамбас сүйектерінің жалғыз бір тесігі жапқыштық тесік, ол сол сүйектің құрамына кіретін үш сүйектің бірігуінен пайда болады. Шат сүйегінің төменгі беткейінде, тесіктің қуысына қараған жерінде (жапқыштық тесіктің жоғарғы лагералді бұрышында) жапқыштық (sulcus obturatorius) жүлге болады. Жапқыштық жүлгені жарғақ жаппайды, ол саланың екі жағына бекіп, оның астынан лақтырылады.Жарғақтың сыртқы беткейі мен жапқышты тесіктің айналымынан сыртқы жапқыштық бұлшықет, ал жарғақтың ішкі беткейі мен жалқышітық тесіктің айналымынан ішкі жапқыштық бұлшықет басталады.Осы екі бұлшықетте жапқыштық жүлгенің қуысын жаппайды.
Сонымен,жапқыштық жүлгемен науасын төменнен жапқыштық жарғақ және оған бекитін бұлшыкет қоршап жүлгені өзекке айналдырады.Ол жіңішке саңылау тәріздес,бағыты қиғаш жоғарыдан төмен, алдынан-алға және және сыртынан ішке. Бұл бағыт шап өзегінің бағытына сейкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет