Сүлейменова Ф. М


Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы, fascia endocervicalis



бет5/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

1.4 Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы, fascia endocervicalis, те париеталді және висцералді табақтарды ажыратады. Висцералді табақ мойынның ішкі мүшелерін: жұтқыншақты, өңешті, көмейді, кеңірдекті, қалқанша безді қамтиды. Париеталді табақ мойынның ішкі мүшелерінің алдынан және бүйірінен орналасып, бұлшықеттер (mm sternohyoideus, sternothyreoideus, thyreohyoideus, omohyoideus) қынабынын артқы қабырғасына жанасады және мойынның қан тамыр-нерв будасына; a. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus қынап түзеді. Омыртқалардың көлденең өсінділерімен байланысқан қынаптың ішінде аралықтар бар, олар артерияға, венаға, нервке әрбіреуіне жеке камера құрайды.


1.5 Омыртқа алды шандыр қабығы, fascia prevertebralis, мойынның ішкі мүшелерінің артында, омыртқалардың алдында орналасқан fascia endocervicalis-тің париеталді табағының бөлігі болып саналады. Ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділері


2. Шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері
Жоғарыда айтылған шандыр қабықтардың арасында клетчаткалық кеңістіктер пайда болады.
2.1 Төсүсті апоневроз аралық кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternal, екінші және үшінші шандыр қабықтардың арасында кездеседі. Бұл кеңістікте arcus venosus juguli, орналасады. Кеңістік төс-бұғана- еміздікше бұлшықеттің артында орналасатын Грубер соқыр қапшығымен (saccus caecus retrosternocleidomastoideus) байланысады.
Бұл қапшық алдынан m. stemocleidomastoideus, қынабының артқы қабырғасымен, артынан-үшінші шандыр қабықпен, төменнен-бұғананың артқы беткейімен шектеледі. Қапшықта алдыңғы мойындырықтық венаның соңғы бөлігі, лимфа тамырлары және лимфа түйіншіктері орналасады.
2.2Мүше алды кеңістігі, spatium previscerale, төртінші шандыр қабықтың париеталді және висцералді табақтарының арасында орналасып, тіласты сүйегінен төс тілігіне дейін таралады. Кеңірдекке жақын бөлігі spatium pretracheale, деп аталады. Онда лимфа түйіншіктері, сыңар қалқанша веналық өрім (plexus thyreoideus impar) орналасады.Spatium pretracheale-ның төменгі бөлігінің оң жағынан


truncus brachiocephalicus, және оның тармағы a. carotis communis dextra, жатады.
Практикалық маңызы: Кеңірдекалды кеңістігі төс сабы деңгейінде алдыңғы көкірекаралықтан әлсіз аралықпен бөлініп тұрады. Бұл аралық қан және лимфа тамырларына бай, соның әсерінен бұл кеңістіктіктегі іріңді процестер алдыңгы көкірекаралыққа өтіп, медиастенит ауруының тууына әкеледі.
Сурет -1
Мойынның көлденең кесіндісі, ІІІевкуненко бойынша шандыр қабықтары, қабық аралық кеңістіктері (схема түрінде).
1- fascia colli superficialis; 2-lamina superficialis fasciae colli propriae; 3-lamina profunda fasciae colli ' propriae; 4-fascia endocervicalis; 5-fascia prevertebralis. 6- тері асты бұлшықеті; 7-тіл асты сүйегінің астында орналасатын бұлшықеттер; 8-төс- бұғана-еміздікше бұлшықеті; 9-
жауырын-тіл асты бұлшықеті; 10-трапециятәрізді бұлшықет: I- spatium interaponeroticum suprasternale; II-spatium previscerale; ІІІ-spatium retroviscerale; ІV- spatium vasonervorum.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет