Сүлейменова Ф. М


Шап өзегі (canalis inguinalis)



бет14/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

Шап өзегі (canalis inguinalis)
Шап өзегі, шап жалғамасының медиалді бөлігінде орналасқан. Шап өзегінің құрамына тұқымдық шылбыр (немесе жатырдың дөңгелек жалғамасы), шап нервісі, жыныс-сан нервісінің жыныстық тармағы, қоймалжың клетчатка кіреді.
Шап өзегінің бағыты қиғаш: жоғарыдан төмен, арттан алға, сырттан ішке. өзектің бүгілуі жамбастың пішініне және құрылысына байланысты, әсіресе, оның биіктігіне: жамбастың биік кезінде (ер кісілерде) өзектің бағыты горизонтальді болып келеді. Өзек терең (ішкі) тесікпен басталып, беткей (сыртқы) тесікпен аяқталады. Ерлерде өзектің орташа ұзындығы 4-5 см. Өзектің төрт қабырғасы бар: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, артқы. Бірнеше анатомия пәндерінде авторлар өзектің қабырғаларын былай жазады.
-----------------------------------------------------------------------------
Төменгі-шап жалғамасы
Жоғарғы-іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің төменгі шеті Артқы-көлденең шандыр қабық
Алдыңғы-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы.
----------------------------------------------------------------------------
Бұл схема шап өзегін жете түсінуіне мүмкіндік бермейді.


Шап өзсгінің төменгі қабырғасы
Тұқымдық шылбыр шап өзегінің сан доғасында жатады. Шап жалғамасы алдыңғы жоғарғы мықын қырынан шат сүйегінің шат төмпешігіне дейін созылады. Іштің сыртқы

Мықын-шат жолынан (шан жағамасынан ерекше) желпеуіні тәрізді төменгі, жоғарғы және латералді өсінділер тармақталады. Бұл өсінділер терең ш ап сақинасы мен сопақша шұңқырдың түзілуіне көмектеседі (сурет-9). Төменгі өсінді шан жалғамасының артында санға өтіп, санның жалпақ шандыр қабыгының беткей табағына жалғасады. Осы төменгі өсіндінің доға тәрізді өтетін талшыктары сопакша шұңқырдың орақтық шетін түзеді (сан өзегін қараңыз). Жолдың ортасынан жоғарғы өсінді әртүрлі көлемді буда ретінде бағытталады. Ол көлденең шандырға, терең шап сақинасының медиалді жартылай аймағын бейнелеп, доға тәрізді сызыққа немесе дуглаев сызығы-іштің бұлшықеті қынабының артқы апоневроз қабырғасының төменгі шетіне жалғасады. Латералді өсінді терең шап сақинасын төменнен айналып өтіп, оның төменгі латералді шетін түзуге қатысады. Сонымен қатар, желпеуіш тәрізді тарамдалып, көлденең фасцияны сақинадан сыртқары бекітіп тұрады. Сонымен, шап өзегінің төменгі қабырғасы деп, (вентралді) шап жалғамасынан және (дорсалді) мықын-шат жолынан құралған сан доғасының медиалді бөлігін санауға болады. Осы туындылар бірігіп, фиброзды науаны құрайды, оған тұқымдық шылбырдың (жатырдың дөңгелек жалғамасының)



Сурет-7
Шап аймағының парасагиталді кесіндісі 1-іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы; 2-іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, 3-тұқымдық шылбыр, 4- шап жапғамасы; 5-іштің көлденең бұлшықеті; 6-терең шап сақинасы; 7-көлденең шандыр қабық; 8-мықын-шат жолы.


Сурет-8
Шап өзегі
(оң, алдыңғы көрініс, схема түрінде)
1 -ішперде; 2-көлденең шандыр қабық; 3-іштің көлденең бұлшықеті; 4- мықын-шат жолы; 5-іштің сыртқы қиғаш бұлшықегінің апоневрозы; 6-іштің ішкі қиғаш бұлшықеті; 7- шап жалғамасы; 8-тұқымдық
шылбыр.


Сурет-9


Мықын-шат жолының
қурылысы (Иоффе бойынша, 1968, өзгертілген)
1 -іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті; 2-іштің ішкі қиғаш бұлшыкеті; 3-іштің сырткы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы көтеріліп тасталған; 4-терең шап сақинасы;
29
5- іштің көлденең шандыр қабығы; 6-іштің тік бұлшықеті; 7- теріасты саңылауы, 8-үлкен тері асты венасы; 9-мықын-шат жолының төменгі өсіндісі; 10-мықын-шат жолы; 11-мықын-шат жолының медиалді өсіндісі; 12-шап жалғамасы; 13-мықын-шат жолының латералді өсіндісі; 14- көлденең шандыр қабық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет