Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА Бір сөзбен «қызғаныш» деп атаса да болар еді



бет21/29
Дата15.05.2023
өлшемі220,22 Kb.
#93247
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Mienin\' atym K\'ozha - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА

Бір сөзбен «қызғаныш» деп атаса да болар еді


Майқанова науқастанып қалыпты, сабағы болмады.­ Бұған, әрине, біз пәлендей қайғыра қойған жоқпыз. Қай­та жек көретін мұғалім ауырып, сабаққа келмей қалса, балаларда одан үлкен қуаныш бар ма? Кластың іші мәз-мейрам улап-шулаған дауысқа толып кетті. До­бымызды алып, дүркіреп, волейбол алаңына қарай жү­гірдік. Класта бірімен бірі бақас екі команда бар. Орын-орнымызға тұра қалдық та, ойынды дереу бастап жібердік.
Егер сенбесеңдер, келіп көрулеріңе болады, мен волейболды жаман ойнамаймын. Ал бұл жолы ерекше бір шабытпен ойнадым. Талай қыңыр доптарды қиырдан қағып алып, жалт-жұлт етіп, жан таппай жүрмін. Мүмкін, тобымен келіп, біздің ойнымызға қыздар қа­рап тұрғандықтан осылай шығар. Жанардың алдында нашар ойнауға менің қандай қақым бар. Кейбір шебер қимылдарым өзге түгіл өзімізді де сүйсіндіреді. Бір рет қи­ын бір допты жығылып жатып алғанымды қайтерсің. Етпетімнен төрт тағандап дік ете қалдым, бірақ допты аспандата қағып та үлгердім.
– Өй, жарайсың.
– Өлме, Қара Қожа!
– Молодец! – деген дауыстар жамырап кетті. Орнымнан лып етіп, тез түрегелдім де, қыздар жаққа көз сал­дым. Олар да мәз. Жанар... Япыр-ау, Жанар қайда? Мыналардың ішінде Жанар жоқ қой. Бағанадан бері мен Жанар қарап тұр екен деп, жанымды пида етіп ойнап жүрсем...
– Сегіз де – сегіз. Тепе-тең. Допты оң жақ береді. Доп беру менің кезегім екен. Аяқ астынан еңсемді әлдеқандай көңілсіздік басты да, қалай болса, солай ұра салдым. Доп торға барып тиді.
– Өй, саған не болды?
– Не қара басты, Қара Көже?
– Мұның не-ей. Аш өзегіңе түсіп кетті ме?
– Қолымнан шығып кетті, – деп сылтаураттым. Біз­дің команда ұтылып қалды.
– Мен ойнамаймын, – дедім. Орныма жүгіріп барып, басқа бір бала тұра қалды.
Жанар қайда? Оның класта орнынан тапжылмай кітап оқып отыратын бір әдеті болушы еді. Қолымның шаңын шарт-шұрт қағып, мектепке қарай бет алдым. Кластарда сабақ жүріп жатыр. Жетінші кластың есігі сәл ашық тұр екен. Тарихшы Оспановтың даусы саң­қыл­дап естіледі. «Аз ұлттар теңдік алғысы, өздерінің ұлт­тық қасиеттерін сақтап қалғысы келсе, бірігулері керек. Қорқау империалистер онсыз олардың дыбысын да шығармайды...»
Өзіміздің класқа кірдім. Кірдім де, сілейіп тұрып қалдым. Көргенімнен де менің мұны көрмегенім артық еді ғой. Класта Жанар мен Жантас екеуі ғана отыр. Бас­қа ешкім жоқ. Отырғанда жайдан жай отырған жоқ. Бір партада – Жанардың партасында біріне-бірі тақала тү­сіп, әлдеқандай бір суретті журнал оқып отыр. Беріліп оқып отырғандары соншалық, бастары түйісіп кеткен. Маған бір-бір көз тастады да, екеуі өздерімен өздері бола берді. Оқып отырған Жантас еді.
– Не оқып отырсыңдар? – деп, мен қастарына кел­дім. Назар аудармайды. Көзімді салып байқасам, олардың мұнша қадалып отырғандары чех саяхатшылары Зигмунд пен Ганзелктің Африка туралы жазған очерк­тері екен. Барын салып, мәнерлеп, құбылтып оқиды Жантас қу. Жанар оны ұйып тыңдап отыр.
Не істерімді білмей, сілейіп тұрдым да қалдым. Ішім­де әлдеқандай бір отты құйын көтерілгендей болды. Мен Жанармен бір де бір бұлай отырып көрген жоқ­пын. Неткен ақымақпын десеңші, сабақ болмай қалған­да, өстіп қызық бір журнал тауып әкеліп, Жанарға оқып беру бұған дейін ойыма неге келмеді екен. Жантастың қуын...
– Жүр волейбол ойнаймыз, – деп, Жантасты иығы­нан жұлдым. Сол кезде Жанар шытына қарап:
– Қожа, бөгет жасамашы, – дегені бар емес пе. Мәс­саған керек болса. Мен оның аузынан осындай сөз естимін деп ойлап па едім. Төбемнен ыстық су құйып жібергендей жидіп түстім.
Өз орныма бардым. Портфелімді алып, ақтара бастадым. Не іздегенімді өзім де білмеймін. Жүрегім дүрс-дүрс етіп, қабына соғады. Мисызбын-ау, мисызбын! Ештеңе ойлап табуды білмеймін. Қашан да басқалардың ісіне қызығып, қызғанып тұрам. Менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма екен, болмас па екен.
Портфелімді орнына қайта қойып, сыртқа шығып бара жатырмын. Жанар мен Жантас әдейі қарамауға, оларға мен де назар аудармауға тырыстым. Дегенмен, есіктен шыға беріп, көз қиығымды бір тастап өттім. Дәл осы минутта Жанардың да маған қабағының астынан сүзіле қарап қалғанын аңғардым. Көздеріміз бір сәтке түйісіп өтті. Қателеспесем Жанар күлімсіреген тәрізді болды. Маған күлімсіреді ме, жоқ әлде тыңдап отырған­ очерктің қызығына елтіді ме. О жағын мен талдап, па­йымдай алған жоқпын. Жанар күлімсірегеңде, мен ашу шақырып, қабақ шытқандай бір қыр таныттым да, есік­тен сыздап, тығылып шығып кеттім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет