Сұлтанәлі Балғабаев



бет24/41
Дата12.05.2023
өлшемі240 Kb.
#92599
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Toydan kaytkan kazakhtar

АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /Қипақтап/. Бұл... бұл енді түнде... қараңғы түнде... Перрон деген қараңғы... қарасақ, бір пойыз... пойыз... «Қазақстан» деп жазып қойыпты.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жазғанда... «Қазақстан» дегенде... бұл енді Алматыға емес, керісінше Алматыдан шығып, Мәскеуге бара жатқан «Қазақстан» пойызы ғой...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Иә-иә, сондай... Бұл – жетінші пойыз!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Оны өзім де байқап тұрмын!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Байқап тұрмын дейді... Ойбай-ау, оны түнде, пойызға мінгенде байқау керек еді... Енді не істедік?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Не істегені қалай?! Пойызды тоқтату керек!.. Дереу тоқтату керек!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Айналайын ағасы-ау, бұл кез-келген жерде тоқтай беретін есек арба емес!.. Тіпті, такси де емес!.. Бұл – пойыз!.. «Қазақстан» пойызы!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Және тоқтатқан күнде не істейсіз? Сіздер отыратын сегізінші пойыз баяғыда, сіздер ән салып, би билеп жүргенде өтіп кеткен. Алматыға баратын енді ешқандай пойыз жоқ!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Иә-иә, жоқ, түк жоқ!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жо-жоқ, ол болмайды!.. Біз... біз ертең кешке дейін Алматыға жетуіміз керек! Мэлис Әлібаевич дейім, қайдасыз?!. Ояныңыз, тұрыңыз!..
Купеге кіріп кетеді.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Апырмай, мынау ұят, ыңғайсыз болды-ау!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қойыңыз, несі ұят? Мас болып, басқа пойызға мініп кет деген біз емес қой оларға!.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Әне, сендердіңкі ылғи осы!.. Жәй адам болса бір сәрі – бұлар үкімет адамдары!.. Ертең бірдеңе болса, бұл жағдай жоғарғы орындарға жетсе – кім жауап береді!.. Әрине – мен!.. Ал сендер жүресіңдер шалқып!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Міне, ылғи осы.. қит етсе біз кінәлі боламыз!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Енді кім кінәлі?! Адамды билетін тексермей вагонға неге кіргізесіңдер?! Билетті алдымен қара!.. Тексер!.. Билеті болмаса кіргізбе!.. Жолатпа!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қалай кіргізбейсің?!. Қалай кіргізбейсің?!. Қит етсең бәрі бірдеңе дәметеді... Ревизордан бастап... вокзалдағы жаман милиционерге дейін... бәріне беру керек! Енді взнос деген пәле шықты!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет